Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық моделдері. Ad-as моделі



бет1/5
Дата21.11.2022
өлшемі2.4 Mb.
#465317
  1   2   3   4   5
5 лек Макро каз (1)

Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық моделдері. AD-AS моделі

Дәріс 5

Дәріс жоспары:

  • Жиынтық сұраныс және оған әсер етуші факторлар.
  • Жиынтық ұсыныс, оның кейнстік және классикалық үлгілері.
  • АD-АS үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
  • Макроэкономикада «АD-АS» үлгісі шығарылым көлемі мен баға деңгейінің ауытқуларын, олардың өзгеруінің себептері мен салдарларын жалпы түрде зерттеу үшін қажетті базалық модель болып табылады. Бұл модельдің көмегімен мемлекеттің экономикалық саясатының әртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады.
  • Жиынтық сұраныс(AD) – бұл макроэкономикалық субъектілердің белгілі бір уақыт кезеңінде (әдетте, 1 жыл ішінде) өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық шығындары. Ол белгілі бір уақытта сол макроэкономикалық субъектілер тарапынан өз сұраныстарын тапқан жиынтық шығарылым көлемінің экономикадағы бағаның жалпы деңгейімен өзара байланысын сипаттайды.
  • Ашық экономикалық жүйе тұрғысынан АD макроэкономикадағы барлық субъектілердің жиынтық шығындары тарапынан қанағаттандырылуы тиіс. Енді осы негізгі құрауыштарға тоқталып өтуіміз қажет.
  • Тұтыну шығындары (С) – бұл үй шарушылықтарының тұтыну тауарлары мен қызметтеріне деген сұраныстарын сипаттайтын АD-ның негізгі және ең үлкен компоненті болып табылады. Әдетте, тұтыну шығындары АD-ның құрамында 70-75%-ға дейінгі үлеске ие деп айтылады. Тұтыну шығындары қолда бар табыс көлеміне байланысты анықталатыны бізге белгілі. Ұзақ мерзімде тұтынудың динамикасы табыстардың басқа да түрлерімен, мүлікпен және баға деңгейімен байланысты болып келеді. АD-ны талдау негізінен, нақты тұтыну факторларына (бағалар индексіне бөлінген тұтынудың номиналды құнына) жүгінеді. Тұтыну шығындары әдетте, АD-ның басқа құрауыштарына қарағанда тұрақты, әрі баяу өзгеретін компонент болып табылады.
  • Инвестициялық шығындар (I) – бұл фирма сияқты ірі макроэкономикалық субъектінің құрал-жабдықтар, қорлар, жылжымайтын мүліктер ретіндегі инвестициялық тауарларға деген жеке сатып алушылық сұраныстарын сипаттайтын АD-ның ең маңызды компоненті болып табылады. Инвестиция көлемі негізінен шығарылым көлемімен, негізгі капиталдың құнымен және экономикадағы болашақ жағдайларды күтумен байланысты анықталады. Инвестициялық шығындар АD-ның құрамында ең өзгермелі қасиетке ие, олардың өзгерісі мен қарқындылығы экономикада үнемі ауытқуларды немесе толқуларды туындатып отырады.
  • Мемлекеттік шығындар (G) – мемлекет тарапынан болатын тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстарды сипаттайтын АD-ның бір компоненті. Мемлекеттік сатып алымдар ретіндегі тауарлар мен қызметтерге әдетте, мыналар жатады: қару-жарақтар өндіруге тапсырыс беру, құрылыс жабдықтарын сатып алу, мемлекеттік мекемелерді (мектептер, ауруханалар, т.б.) салу, басқарушылық аппаратты қамтамасыз ету, т.б.
  • Таза экспорт (Xn) – бұл экспорт пен импорт құндарының айырмасына тең, яғни шет мемлекеттердің ұлттық экономикада өндірілген отандық тауарлар мен қызметтерге деген экспорттық сұраныстары мен ұлттық сатып алушылардың сол шет мемлекеттердің өз ұлттық экономикаларында өндірген тауарлары мен қызметтеріне деген импорттық сұраныстары арасындағы айырмашылықты сипаттайтын АD-ның құрамдас бір бөлігі. Импорт көлемі ел ішіндегі ішкі табыстар шамасына, ұлттық өндіріс көлміне, ішкі және сыртқы нарықтардағы бағалар деңгейінің арақатынастарына, сонымен қатар, ұлттық валютаның айырбас бағамына тәуелді болып табылады. Ал экспорт көлемі шет елдердегі табыстар деңгейімен және өндіріс көлемімен, бағалардың арақатынасымен мен валюталық бағамдармен анықталады.
  • Сонымен, жиынтық сұраныстың құрауыштары дегеніміз – бұл АD-ны ашық экономикалық жүйеде үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С), фирмалардың инвестициялық шығындары (I), мемлекеттік шығындар (G) және таза экспорт (Xn) тұрғысынан толық сипаттайтын агрегатталған компоненттер жиынтығы. Ал АD-ның формуласы негізгі макроэкономикалық теңдік ретінде былай жазылады:
  • YD (АD) = C + I + G + Xn
  • Жиынтық сұранысқа бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Баға AD-ның аса маңызды детерминантасы болып табылады.
  • Жиынтық сұраныс қисығы – бұл бағаның берілген әрбір деңгейінде сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін бейнелейтін графикалық көрініс, яғни өндіріс көлемі мен бағаның жалпы деңгейі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын қисық.
  • Жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі AD қисығының бойындағы өзгеріске байланысты сипатталады. Ақшаның сандық теориясына сәйкес: MV = PY. Осыдан: YD = MV/P, мұндағы Р – экономикадағы баға деңгейі; YD – ЖҰӨ-нің немесе ұлттық табыстың нақты деңгейі; М – экономикадағы ақша мөлшері; V – ақша айналымының жылдамдығы. Төмендегі суретте Р мен Y-дің (ақша ұсынысының тұрақтылығы кезінде) әртүрлі үйлесімділіктері көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет