Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық моделдері. Ad-as моделі


Сонымен, жиынтық ұсыныс қисығы үш кесіндіден тұрады



бет3/5
Дата21.11.2022
өлшемі2.4 Mb.
#465317
1   2   3   4   5
5 лек Макро каз (1)

Сонымен, жиынтық ұсыныс қисығы үш кесіндіден тұрады

  • Көлденең кейнстік кесіндіде өндіріс факторлары өндірістік үрдіске толық тартылмаған болып табылады, бағаның тұрақты деңгейінде жұмысыздық орын алады.
  • Аралық кесіндіде бос факторлардың өндіріске біртіндеп тартылуы өнім көлемін арттырады. Өнім көлемі шығындардың өсуіне әкеледі де баға көтеріле бастайды.
  • Тік классикалық кесіндіде экономика толық жұмыспен қамтылған жағдайда өндіріс көлемі ең жоғары деңгейде болады. Бос ресурстар болмағандықтан өндіріс көлемін одан әрі арттыру мүмкін емес. Сондықтан ресурстарға баға өседі де ол жалпы баға деңгейінің өсуіне алып келеді. Нәтижесінде жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық түріне айналады.

Жиынтық ұсынысқа бағадан тыс факторлар да әсер етеді:

  • Осындай факторлардың әсерінен AS қисығы оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, технологиядағы оң өзгерістер AS қисығын оңға жылжытады, керісінше, өндірістің технологиялық жағынан артта қалуы AS қисығын солға жылжытады. Сонымен қатар, AS қисығы жұмыс күшіне, капитал мен жерге деген бағалардың өзгеруіне байланысты да оңға немесе солға жылжиды.
  • AD мен AS қисықтары қисықтары қиылысқан жағдайда экономикадағы өндірілген өнім көлемі берілген баға деңгейінде сатылады және сатып алынады, олай макроэкономикалық тепе-теңдік орнайды.
  • Қысқа және ұзақ мерзім кезеңдеріндегі макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыратын болсақ, мысалы, ақша ұсынысының ұлғаюы жағдайында жиынтық сұраныс AD1-ден AD2-ге артады. Қысқа мерзімдегі тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ауысады, ал баға деңгейі өзгермейді, өнім көлемі Y1-ден Y2-ге көбейеді (сурет).

Қысқа мерзімді тепе-теңдіктен ұзақ мерзімді тепе-теңдікке өту

  • Сұраныс өте жоғары болғандықтан тауарлар ескі бағамен сатыла береді. Бірақ біртіндеп шығындар өсе бастайды, өйткені өндіріс ресурстары (жұмыс күші) аз. Ал ресурстарға сұраныс өскендіктен (мысалы, жалақы өседі) дайын өнімге де баға өседі. Сөйтіп жиынтық сұраныс көлемі қысқара бастайды, яғни тепе-теңдік В нүктесінен С нүктесіне ауысады. Нәтижесінде экономика бұрынғы қалпына қайтып келеді, алайда бағаның жоғары деңгейі сақталып қалады (Р1). Ұзақ мерзімді кезеңдегі макроэкономикалық тепе-теңдік С нүктесінде орнайды.
  • Біз жоғарыда жиынтық сұраныс ұлғайған жағдайда экономикада қандай өзгерістер болатынын қарастырдық. Енді жиынтық сұраныс қысқарғанда экономикада қандай өзгерістер орын алатындығын қарастырамыз. Бұл жағдайда «храповик әсері» пайда болады (сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет