Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық моделдері. Ad-as моделі



бет4/5
Дата21.11.2022
өлшемі2.4 Mb.
#465317
1   2   3   4   5
5 лек Макро каз (1)

Храповик әсері

  • Бастапқы AD0 жиынтық сұраныс қисығы жағдайында E0 тепе-теңдік нүктесіне Y* өндіріс көлемі мен P0 баға деңгейі сәйкес келеді. Жиынтық сұраныс AD0-ден AD1-ге дейін төмендегенде E0 тепе-теңдік нүктесі P1 баға деңгейі мен Y1 өнім көлеміне сәйкес келетін E1 нүктесіне ауысқан болар еді, яғни өнім көлемі Y*-дан Y1-ге дейін, ал баға деңгейі P0-ден P1-ге дейін төмендеу керек еді. Бірақ нақты экономикада мұндай жағдай орын алмайды, өйткені баға деңгейі, ереже бойынша төмендемеуі мүмкін. Соның салдарынан тепе-теңдік жаңа E2 нүктесінде қалыптасады да, баға бұрынғы P0 деңгейінде өзгермей қалады, ал өндіріс көлемі Y2-ге дейін одан сайын қысқарады. Жиынтық ұсыныс қисығы жоғары көтеріледі және ол E0E2P0 жағдайына (қою пунктирлі сызық) ығысады.
  • Баға деңгейі мен жиынтық ұсыныс қисығының бұлай өзгеруі өнім өндіруге кететін шығындардың бағасымен түсіндіріледі. Кәсіпкер шикізатты жеткізу, ғимаратты жалдау, жұмысшыларға жалақы төлеу туралы белгілі бір баға бойынша келісімге отырады және ол осы шығындарды жиынтық сұраныс қысқарғанда еркін түрде азайта алмайды, сұраныс қысқарса да қосымша зиян шекпес үшін өзінің өндірген өнімін бастапқы тағайындалған бағамен сатуға және өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болады.
  • Сонымен, храповик әсері – бұл жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлардың (ақша ұсынысының төмендеуі, мемлекеттік шығындардың қысқаруы, салықтардың көтерілуі) әсерінен қысқаруы салдарынан өнім көлемінің қысқаруы мен баға деңгейінің тұрақтылығын көрсететін механизм.
  • Экономикада қандай да бір фактордың әсерінен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруін сілкіністер (шок) деп атайды. Осы сілкіністер өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты әлеуетті деңгейден ауытқытады. Сұраныс сілкіністері ақша ұсынысының немесе ақша айналымы жылдамдығының күрт өзгеруі, инвестициялық сұраныстың күрт өзгеруі және басқа да факторлардың салдарынан туындауы мүмкін. Ұсыныс сілкіністері ресурстарға бағалардың (бағалық сілкіністер, мысалы, мұнайға бағаның тым өсуімен байланысты шок) күрт өсуімен, табиғат апаттарына, кәсіподақтар белсенділігінің күшеюіне, заңдылықтағы өзгерістерге, және де қоршаған ортаны қорғау бойынша шығындардың маңызды түрде артуына байланысты, сонымен қатар, басқа да факторлардың салдарынан орын алуы мүмкін. Ұсыныс сілкіністерін осыған байланысты бағалық сілкіністер деп те атайды.
  • AD-AS моделінің көмегімен осындай сілкіністердің экономикаға әсерін бағалауға болады, сондай-ақ, осы сілкіністер арқылы туындаған ауытқуларды жұмсартуға, өндірістің тепе-теңдік көлемін қалпына келтіруге мен жұмысбастылықты қалыпты деңгейіне жеткізуге бағытталған мемлекеттің тұрақтандыру саясатын қарастыруға болады.
  • Мысалы, ұсыныс тарапынан болған жағымсыз сілкініс (мұнайға бағаның күрт артып кетуі) бағаның жалпы деңгейінің өсуіне алып келеді. Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы SRAS1-ден SRAS2-ге қарай жоғары көтеріледі, ал өндіріс көлемі В нүктесіне сәйкес келіп Y1-ге дейін қысқарады (сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет