Зерттеу және талдау сұрақтары
Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
1-топ: Қылмыстың жіктелуі
2-топ: Қылмыс жасау сатылары
3-топ: Қылмыс құрамы
4-топ: Қылмысқа қатысушылардың түрлері
Топтық жұмыс. Бейнематериалды қарап, қылмыстың белгілерін келесі критерийлер бойынша табуға тапсырма беріледі:
1. Қоғам үшін әсері;
2. Әлеуметтік норма аясы;
3. Әрекетке немесе әрекетсіздікке қатысы;
4. Қоғамның қылмысқа жауабы бойынша.
Топтық жұмыс. Оқиғаны зерттеп, қылмыс құрамын анықтауға тапсырма беріледі.
Қылмыс субъектісі
Қылмыс объектісі
Қылмыстың түрі
Қылмыстың субъективтік жағы
Көліктің жылдамдығы
Болжау әдісі. Жұпта қылмыстың анықтамасын жазып, қылмыстың белгілерін жұппен талқылап, мысал келтіреді.
Қылмыс -
|
1 белгі
|
2 белгі
|
3 белгі
|
4 белгі
|
Мысалы,
|
1-2 топтың жауаптарын тыңдатып, тақтада қылмыстың анықтамасы мен белгілері көрсетіледі
ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі.
Қылмыстың анықтамасы және белгілері бойынша қысқаша шолу жасап, мысал келтіреді.
Қылмыс- ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:
1
|
2
|
3
|
4
|
Қоғамға қауіптілігі
|
Заңға қайшылығы
|
Айыптылығы
|
Жазаланатындығы
|
2-тапсырма. Оқушылар жағдаяттың не біреуін не екеуіне де жауап беруге болады. /жасырын дифференциация/ Жағдаятты
оқып, берілген сұрақтарға жауап береді.
1-жағдаят:
Достар бірігіп табиғатқа дем алуға шығады. А деген азамат өзімен бірге тапанша алып шығады. Ойын кезінде В деген азамат тапаншаны алып, С деген азаматқа кезейді. Бірақ А деген азамат оның қолын бұрып қалғанда оқ Д деген азаматқа тиеді.
Қылмыс субъектісі
Қылмыстың субъективті жағы
Қылмыс объектісі
Қылмыстың объективті жағы
2-жағдаят:
Ауылында қысқы демалыс кезінде 9-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жығып, жазым қылды. Ауылда өтіп жатқан «Көңілді тапқыштар клубы» сайысына кеткен 9-сынып оқушысы Медет Жасымбай сол күні үйіне қайтып оралмады. Отбасына суық хабарды жасөспірімнің сыныптастары жеткізген. Әзіл кешінен кейін Медетті үш құрдасымен бірге 11-сыныпта оқитын топ оқушы мектеп маңындағы ескі ғимаратқа шақырып алып, «ақша әкелмедіңдер» деп соққыға жыққан. Куәгерлердің айтуынша, Медет сол жерде-ақ жан тапсырыпты.
Медеттің өліміне себепші болған балаларды қандай жаза күтіп тұр?
Қатаң режимдегі түрмені қалай түсінуге болады?
Егер бір оқушы марқұм Медет секілді жоғары сынып оқушыларынан әлімжеттік көрсе, шағымын қайда барып айтқаны дұрыс?
Жалпы әлімжеттіктен қалай құтылуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |