Исаак Ньютон



бет2/4
Дата08.07.2024
өлшемі14.9 Kb.
#502891
1   2   3   4
1 (2)

Томсон, лорд Кельвин


(26.6.1824 Бельфаст, - 17.12.1907, Лондон) Ағылшын физигi, 1851 жылдан бастап Лондон Корольдiк қоғамының мүшесi және 1890-1895 президентi. Ғылымға сiңiрген еңбегi үшiн оған 1892 жылы лорд титулы берiлдi. Ол физика-математиканың және техниканың әр түрлi мәселелерiн зерттеген. Оның 1845 жылы жасаған кескiн алудың электрлiк әдiсiнiң көмегiмен электротехниканың, магнитостатиканың т.б. бiраз мәселелерi шешiлдi. 1854 жылы термоэлектрлiк құбылыстардың термодинамикалық теориясын жасады. Ол Дж. Джоульмен бiрге отырып Джоуль-Томсон эффектiсiн ашты. Томсон физикаға абсалют темпр мен температураның абсалют шкаласы деген ұғымдарды ендiрдi (1848), Томсон эффектiсiн ашты (1856), эелктрлiк тербелiтер теориясының негiзiн салды, математикамен физиканың негiзгi есептерiн шештi. Ол – көптеген өнертабыстың авторы. Томсон – бiрқатар елдегi ғылыми мекемелер мен қоғамдадың мүшесi, 1877 жылдан Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесi, ал 1896 жылдан оның құрметтi мүшесi.

Томсон эффектiсi- 1) термоэлектрлiк құбылыстың бiр түрi. Егер ток өтiп тұрған өткiзгiштiң бойында температуралар айырмасы болса, онда белгiлi бiр өткiзгiштiң көлемiндегi Джоуль жылуына қосымша, токтың бағытына сәйкес, белгiлi бiр Q8 жылу мөлшерi (Томсон жылуы) бөлiнiп шығады немесе жұтылады. Бұл жылу мөлшерi Q8 ток күшiне I, уақытқа t, температуралар айырмасы Т12 және материалдың табиғатына байланысты болатын Томсон коэффицентiне S пропорционал: Q8= S(T2 – T1)I t. Бұл құбылысты 1856 жылы У.Томсон (Кельвин) ашты.


2) Ферромагниттердiң сыртқы магнит өрiсiнде Н магниттелу кезiнде электрлiк меншiктi кедергiсiнiң өзгеруi. Бұл жерде Томсон эффектiсi гальваномагниттiк құбылыстар тобына жатады. Осы құбылыста ферромагниттердiң өзiне тән еркшелiгi, яғни олардың өздiгiнен магниттеле алатындығы байқалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет