Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі



бет15/44
Дата17.11.2023
өлшемі3.15 Mb.
#483559
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
7 сынып 2 тоқсан ҚМЖ

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Қан айналым дегеніміз не?
2.Қан айналым мүшелерін атаңдар?
3.Жүрек қандай қызмет атқарады?
4.Тұйық қан айналым дегеніміз не?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Қан айналым жүйесін сипаттап береді.

Видеоролик




Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Оқулықта берілген суреттен қанайналым жүйесінің тұйық немесе ашық екенін анықтайды

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Буылтық құрттардың қан айналым жүйесін салады.

ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.




Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Жануарларда қанайналым жүйесінің дамуына не себеп болды талдайды.
2.Қанайналым жүйесінің қай элементтері барлық жануарларда ұқсас қызмет атқарады. Салыстырады
3.Қанайналым жүйесінің тұйық және ашық тптерінің құрылысының айырмашылықтары қандай және олардың ерекшеліктері неде сипаттайды

Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырмаларды талдап сипаттайды
2.Дайындалған тест сұрақтарын орындайды.

ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет