ҚЫЗБАНЫ БАСҚАРУ
Қызбаны емдеуге келетін болсақ, олар мыналарға байланысты болады: қызбаның көтерілу ағымы мен жылдамдығы, қызбаның жағдайлары және онымен бірге жүретін белгілер. Әдетте, температураның қысқа көтерілуі алаңдаушылық туғызбайды. Көбінесе бұл инфекция, суық немесе тамақ улануынан туындайды.
Температураның жоғарылауы инфекцияға дұрыс жауап беретін дененің қорғанысының табиғи симптомы екенін есте ұстаған жөн. Қызба - бұл аурудың бір бөлігі ғана және дәрігерге көріну, дәрі қабылдау және төсекте демалу белгісі.
«Термотест» қолданылады – сұйық кристалдар эмульсиясымен жабылған полимерлі пластина. Қызуды өлшеу үшін оны маңдайға қояды: температура 36 – 37 ₒC болса N (Normal) әріпімен жанады, ал 37ₒC- тан жоғары болса - F (Febris - қызба) жанады. Дене қызуы медициналық термометрмен өлшенеді.
Дене қызуы көтерілуінің 3 кезеңі бар.
Қызбаның 1 кезеңі: Қызу 37,5С қа дейін көтеріліп қалтырау, тоңу сезімдері мазалайды, ауру денесін жиырып « бүк түсіп» жатады, себебі осы қалыпта жылу жоғалту азаяды. Тамырлары түйіліп, салқынды сезумен сипатталатындықтан, мейірбикелік іс- әрекеттер пациентті жылытуға (киім, ыстық сұйықтықтар) бағытталған. Қызу кенеттен пайда болғаны мен, кейде адам оны сезінеді: басы ауырады, тәбеті төмендейді, ұйқысы келеді, әлсіздік пайда болады. Осы қызбаның бірінші кезеңін де өзекті болатыны, науқас өзін өздігінен жылы нәрсемен жаба алмауынан не жылы сусындарымен қамти аламауынан және т.б болуы мүмкін. Бұл кезде мейірбике пациент аяғына жылытқыш қойып оған қою тәтті шай беру, қымтап жабу, желорай болмауын мұқият қадағалауы керек.
Қызбаның II кезеңі. Қызу жоғары мөлшерде тұрақаталады. Науқас қолайсыздықты сезеді, денесі ысиды, тер бөліне бастайды. Адам шешінеді, көрпесін ысырып тастайды, қимылсыз жатады. Терлеуге байланысты шөл пайда болады, тез сусыздану болуы мүмкін. Осы кезеңде тәбеттің ұзақ болмауы жүреді, ұйқышылдыққа, әлсіздікке әкеліп соқтырады. Адам мазасызданады, тез ренжитін болады , кереуетте ыңғайы болмайды, басы ауырады, жарықтан қорқу сезімі пайда болады. Ұйқышылдық мезімді шатастырады: науқас тым баяу жылжығандай болады. Осы кезеңде галюцинациялар , сандырақтаулар болуы мүмкін.
Қызбаның осы 2- кезеңіндегі мәселелер жеңіл жамылғы не киімді пайдаланғысы келмеу де, тәбеті болмауы да, қызба кезіне сәйкес тамақтану ережелерін білмеуден, өздігінен ( денесіне, төсегіне қажетті) киімдерін ауыстыра алмауында, сандырақтауға байланысты жарақат алу қауіпінде, сусыздану қаупінде және т.б.
Бұл кезеңде пациентті жалғыз қалдыру өте қауіпті. Ол төсегінен атып тұрып, құлап түсуі, терезеден қарғып кетуі т.б. мүмкін. Мұндай жағдайда жеке-дара мейірбике болғаны дұрыс. Егер ол мүмкін болмаса, поста тұрған мейірбике оны үнмі бақылау міндетті. Егер күйі нашарласа, ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлау керек. Бұл кезеңде пациентке тәулігінен 5-6 мәрте шағындап сұйық немесе қоймалжың түрде жоғары калориялы әрі тез сіңетін тамақтар, мол сусын ( жеміс-жидек шырындарын, морс, минералды су) беру керек. Пациенттің аузы кеуіп, еріндері жарылады, сондықтан оқта – текте олардың ауыз қусын натрий гидрокорбонатының сұйық ерітіндісімен сүртіп, кез-келген маймен ерінін майлау керек, ауызды шаю және міндетті түрде тістерді тазалау ұсынылады. Мейірбикелік көмек жеке гигиенаны, киіну және шешіну шараларын орындағанда қажет болады. Тері қыртыстарын және сыртқы жыныс мүшелерін күтуге арнайы көңіл бөлу қажет. Кенеттен басы ауырғанда маңдайына мұз ( ерігеніне қарай оны ауыстырып отырады) немесе төртке бүктелген және сірке суы ерітіндісімен (0,5л суға 2 ас қасық) шыланған салфеткадан немесе сүлгіден салқын компресс салады. Мейірбике пациенттің жамылығысын ысырып тастауы, сондай-ақ пациент тамырының соғуы мен қан қысымын бақылап отыру тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |