Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары Требования к устройству и безопасной эксплуатации сосудов, работающих под давлением Астана-2010


-тарау. Дәнекерленген жалғауларды бақылау



бет3/19
Дата09.06.2016
өлшемі3.29 Mb.
#125334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

6-тарау. Дәнекерленген жалғауларды бақылау
121. Дайындаушы ұйым, құрастырушы немесе жөндеуші ұйым өз өнімін бақылаудың, жол беруге болмайтын ақауларды анықтауға, оның жоғары сапасы мен пайдалану кезіндегі сенімділігіне кепілдік беретін түрлерін және көлемін қолданады.

Дәнекерлеудің және дәнекер жалғаулардың сапасын бақылауға енетіндер:

1) персоналдың аттестациясын тексеру;

2) жинау-дәнекерлеу, термиялық және бақылау жабдығын, аппаратураларды, аспаптар мен құралдарды тексеру;

3) негізгі материалдардың сапасын бақылау;

4) дәнекерлеу материалдары мен дефектоскопияға арналған материалдардың сапасын бақылау;

5) дәнекерлеу технологиясын операциялық бақылау;

6) дәнекерлі жалғаулардың сапасын бұзбайтын бақылау;

7) дәнекерлі жалғаулардың сапасын бұзу арқылы бақылау;

8) ақауларды түзетуді бақылау.

Бақылаудың түрлері құрастырмалық ұйыммен анықталады және ыдыстардың құрастырмалық құжаттамасында көрсетіледі.

122. Дәнекерлі жалғауларды бақылаудың әдістері мен көлемдерін белгілеу үшін 5-кесте бойынша есептік қысымға, қабырғаның температурасы мен ортаның сипатына байланысты ыдыстардың тобы анықталады.

5-кесте


Ыдыстар тобы

Есептік қысым, МПа

(кгс/см2)



Қабырғаның температурасы,

°С


Жұмыстық орта

1

0,07 (0,7) жоғары

тәуелсіз

Жарылыс қауіпті немесе өрт қауіпті, немесе МСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 1-ші, 2-ші топтары

2

2,5 (25) дейін

төмен-70,

400 жоғары



Кез келгені, ыдыстардың 1 тобы үшін көрсетілгендерін қоспағанда

2,5 (25) жоғары 4(40) дейін

төмен-70,

200 жоғары






4 (40) жоғары 5(50) дейін

төмен-40,

200 жоғары






5 (50) жоғары

тәуелсіз




3

1,6 (16) дейін

70-тен 20 дейін

200-ден 400 дейін






1,6 (16) жоғары

2,5(25) дейін



70-тен 400 дейін




2,5 (25) жоғары

4(40) дейін



70-тен 200 дейін




4 (40) жоғары

5(50) дейін



40-н 200 дейін




4

1,6 (16) дейін

20-дан 200 дейін



5-кестеде қысымы және температура бойынша өлшемдердің көрсетілген үйлесімі болмаған жағдайларда тобын анықтау үшін максималды өлшемді басшылыққа алады.

Қабырғаның температурасы жылутехникалық есептің немесе өлшеулер нәтижелерінің негізінде анықталады, ал бұл деректер болмаған кезде ыдыстың қабырғасына жанасатын ортаға тең температура алынады.

123. Бақылаудың көлемі-осы Талаппен көзделгеннен кем емес.

124. Ыдыстарды дайындаудың барысында тексеріледі:

1) дәнекерленетін бөліктердің металы мен дәнекерлеу материалдарының НҚ талаптарына сәйкестігі;

2) жиектерді дайындау мен дәнекерлеуге жинау сапасының қолданыстағы стандарттар мен сызбалардың талаптарына сәйкестігі;

3) НҚ талаптарына сәйкес жасалған дәнекерлеу мен термиялық өңдеудің технологиялық үдерісінің сақталуы.

125. Металды және дәнекерлі жалғауларды бұзбайтын бақылаудың негізгі түрлері болып табылады:

1) көзбен шолып және өлшеу;

2) радиографиялық;

3) ультрадыбыстық;

4) радиоскопиялық (уәкілетті органмен келісілген нұсқау бойынша ғана қолдануға рұқсат беріледі);

5) стилокөшірмелеу;

6) қаттылығын өлшеу;

7) гидравлиялық сынау;

8) пневматикалық сынау.

Бұдан өзге дайындаушы ұйымның НҚ сәйкес НҚ көзделген көлемде басқа да әдістер қолданылады (акустикалық эмиссия, магнитография, түрлі-түсті дефектоскопия, жіктің металының құрамындағы ферритті фазаны анықтау).

126. Бұзатын бақылау кезінде механикалық қасиеттерін сынау, металлографиялық зерттеу және кристаллит аралық коррозияға қарсы төзімділігін сынау жүргізіледі.

127. Өнімді, жинау бірліктері мен дәнекерленген жалғауларды қабылдау бақылауы термиялық өңдеумен, пішіні өзгеруімен және металды тойтарумен байланысты барлық технологиялық операциялар аяқталғаннан кейін орындалады.

Бақылаудың жекелеген әдістермен жүйелігі НҚ талаптарына сәйкес келеді. Көзбен шолатын және өлшейтін бақылау, сондай-ақ стилокөшірмелеу басқа әдістердің алдында болады.

128. Дәнекерлі жалғаулардың сапасын бақылау белгіленген тәртіпте келісілген НҚ бойынша жүргізіледі.

129. Жұмыстарды жүргізу барысында жұмыстарды жүргізетін ұйымның персоналымен бөліктерді дәнекерлеуге дайындау мен жинаудың, дәнекер жалғауларын дәнекерлеу мен термиялық өңдеудің, дәнекерленген жалғаулардың ақауларын түзетудің технологиялық үдерістеріне операциялық бақылау жүзеге асады.

Операциялық бақылау кезінде орындаушылардың осы Талапты, НҚ және сызбаларды сақтауы тексеріледі. Дайындау, жинау, дәнекерлеу мен термиялық өңдеу және ақауларды түзету кезіндегі операциялық бақылаудың көлемдері НҚ көрсетіледі.

130. Бақылаудың әрбір түрі бойынша (сонымен бірге операцииялық түрі бойынша да) нәтижелер есептік құжаттамада (журналдарда, формулярларда, хаттамаларда, бағыттық құжаттарда және басқаларында) тіркеледі.

131. Бақылау құралдары метрологиялық тексеруден өткізіледі.

132. Дефектоскопияға арналған материалдардың әр тобы (пенетранттар, ұнтақ, суспензиялар, радиографиялық үлдір, химиялық реактивтер және басқалары) оларды пайдалану басталғанға дейін кіріспе бақылаудан өткізіледі.

133. Бұзатын және бұзбайтын бақылаудың көлемі жаппай дайындаған жағдайда, сонымен бірге технологиялық үдерісі өзгеріссіз болғанда, дәнекерлеушілер жұмыстардың жекелеген түрлеріне маманданғанда және олардың сапасы жоғары екені 6 айдан кем болмайтын кезеңнің ішінде бақылаудың нәтижелерімен расталған жағдайда.

134. Ішкі қысыммен жұмыс жасамайтын дәнекерлеу бөліктерінің дәнекер жалғауларын бақылаудың әдістері мен көлемі өнімнің және дәнекерлеудің НҚ белгіленеді.

135. Бұйым, егер оны бақылаған кезде белгіленген рұқсат берілген нормалардан асатын ішкі және сыртқы ақаулар анықталмаса, жарамды болып танылады.

136. Қысымның астында жұмыс істейтін негізгі элементтердің дәнекер жалғауларын бақылау туралы мәліметтер ыдыстың құжатына енгізіледі.

137. Көзбен шолу және өлшеу әдістерімен ыдыстар мен олардың элементтерінің барлық дәнекерленген жалғаулары оларда келесі ақауларды анықтау мақсаттарында бақыланады:

1) барлық түрдегі және бағыттардағы жарылулар;

2) жіктің сыртқы бетіндегі тесіктер мен саңылаулар;

3) кесілген жерлер;

4) қаспақтар, күйгендер, балқымай қалған шұңқырлар;

5) дәнекерленетін элементтердің нормалардан жоғары жиектерінің орнынан жылжуы және қисаюы;

6) жалғанатын элементтердің түзу болмауы;

7) жіктердің пішіндері және көлемдерінің техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі.

138. Дәнекерлі жіктің беті және оған жапсарлас ені 20 мм кем болмайтын негізгі металдың орындары көзбен шолып тексерудің алдында жіктің екі жағынан да күйіктен және басқа да ластардан қорғалады, электркүйікті дәнекерлеу кезіндегі бұл қашықтық 100 мм кем емес.

139. Дәнекерленген жалғауларды қарап тексеру және өлшеу жіктердің барлық ұзына бойымен сыртқы және ішкі жақтарынан жүргізіледі. Дәнекерленген жалғауларды екі жағынан қарап тексеру мен өлшеу мүмкін болмаған жағдайда оны бақылауды жобаның авторымен көзделген тәртіпте жүргізеді.

140. Ультрадыбыстық дефектоскопия және радиографиялық бақылау дәнекерленген жалғауларда ішкі ақауларын анықтау (жарылғандар, толық дәнекерленбегендер, саңылаулар, күйікті қосындылар және басқалары) мақсаттарында жүргізіледі.

141. Ыдыстардың дәнекерленген жалғауларын физикалық әдістермен бақылауды арнайы теориялық дайындықтан, практикалық оқудан және аттестациядан өткен мамандар жүзеге асырады.

142. Дәнекерленген жалғауларды ультрадыбыстық дефектоскопия және радиографиялық бақылау НҚ талаптарына сәйкес жүргізіледі.

143. Бақылаудың әдісі (ультрадыбыстық дефектоскопия, радиографиялық бақылау, екі әдістің үйлесімі) металдың физикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін ескере отырып, жол беруге болмайтын ақауларды, сондай-ақ бақылаудың осы әдісінің дәнекерленген жалғаулардың нақты түрін игеруін неғұрлым толық және дәл анықтаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді есепке ала отырып таңдалады.

144. Люктер мен штуцерлердің ыдыстың корпусымен жалғануын қоса алғанда, ыдыстар мен олардың элементтерінің (түптері, штуцерлер, люктар, пісірілген бөлшектер және басқалары) түйіскен, бұрыштық, таврлық және басқа да дәнекерленген жалғауларын ультрадыбыстық дефектоскопия немесе радиографиялық әдіспен бақылаудың көлемі 6-кестеде көрсетілген көсеткіштерге сәйкес келеді.


6-кесте


Ыдыстардың тобы

Әр жіктің ұзындығынан жіктердің бақыланатын телімінің ұзындығы, %

1

100

2

100

3

50 кем емес

4

25 кем емес

Бақылаудың көрсетілген көлемі әрбір дәнекерленген жалғауға қатысты. Дәнекерленген жалғаулардың қиылысқан жерлері міндетті түрде ультрадыбыстық дефектоскопиямен немесе радиографиялық әдіспен бақыланады.

Ыдыстың корпусына ішкі және сыртқы құрылғыларды дәнекерлеу жіктерінің ультрадыбыстық дефектоскопиясы немесе радиографиялық бақылау техникалық құжаттамада талаптары болған кезде жүргізіледі.

145. Тез алынатын қақпақтармен жабдықталған ыдыстардың дәнекерленген жалғаулары 100 % көлемде ультрадыбыстық дефектоскопиямен немесе радиографиялық әдіспен бақыланады.

146. 3 және 4 топтағы ыдыстар үшін ультрадыбыстық немесе радиографиялық бақылау орындары дәнекерлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін дайындаушы ұйымның техникалық бақылау бөлімімен сырттай қарап тексерудің нәтижелері бойынша белгіленеді.

147. Сәйкесінше орында бақылаудың алдында дәнекерленген жалғаулар олар бақылау карталары мен радиографиялық суреттерде оңай байқалатындай тәсілмен таңбаланады.

148. Ультрадыбыстық дефектоскопиядан немесе радиографиялық әдіспен 100 % кем болмайтын көлемде бақылаудан өткізілетін дәнекерленген жалғауларда жол беруге болмайтын ақауларды анықтаған кезде, міндетті түрде осы дәнекерлеушімен орындалған өнімнің бір типті жіктері жалғаудың бүкіл ұзына бойына тура осы әдіспен бақыланады.

149. Жекелеген дәнекерлі жалғаулардың қиын жерде орналасуы себепті ультрадыбыстық дефектоскопия немесе радиографиялық бақылауды жүзеге асыру мүмкін болмаған немесе бақылаудың бұл әдістері тиімсіз болған кезде (атап айтқанда, штуцерлер мен ішкі диаметрі 100 мм кем болмайтын құбырлардың дәнекерленген жіктері), осы дәнекерленген жалғаулардың сапасын бақылау белгіленген тәртіпте келісілген басқа әдістермен жүргізіледі. Бақылау әдісін пайдалану туралы нұсқау ыдыстың құжатына енгізіледі.

150. Түйіскен дәнекерленген жалғаулардың ультрадыбыстық дефектоскопиясы немесе радиографиялық бақылау уәкілетті оранның аумақтық бөлімшесімен келісе отырып бақылаудың басқа бұзбайтын тиімді әдісімен ауыстырылады.

151. Дәнекерленген жалғауларды және өнімдерді капиллярлы және магнитті ұнтақты бақылау беткі немесе бет астының ақауларын анықтаудың мақсаттарында сызбалар және НҚ белгіленетін бақылаудың қосымша әдістері болып табылады.

152. Капиллярлы бақылауды белгіленген тәртіпте келісілген бақылаудың әдістемелеріне сәйкес жүргізеді.

153. Капиллярлы және магнитті ұнтақты бақылаудың тобы және сезіну деңгейі сызбалармен және НҚ белгіленеді.

154. Стилокөшірмелеу арқылы бақылау металдың, бөліктер мен дәнекер жіктерінің қоспалануы сызбалар мен НҚ талаптарына сәйкес екенін растау мақсаттарында жүргізіледі.

155. Стилокөшірмелеуден өткізілетіндер:

1) сызба бойынша қоспаланған болаттан дайындалатын барлық дәнекерленетін бөліктер (құрастырманың бөліктері);

2) құбырлардың НҚ сай қоспаланған отырғызу материалымен орындалатын барлық дәнекерлі жалғауларының жігінің металы;

3) 90-тармаққа сай дәнекерлеу материалдары.

156. Стилокөшірмелеу белгіленген тәртіпте бекітілген әдістемелік нұсқаулардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

157. Дәнекерленген жалғауларды термиялық өңдеудің орындалу сапасын тексерудің мақсатында дәнекерленген жалғау жігінің металының беріктігі өлшенеді.

158. Перлитті және мартенситті-ферритті топтағы қоспаланған жылуға төзімді болаттардан орындалған дәнекерлі жалғау жігінің металының беріктігі НҚ белгіленген әдіспен және көлемде өлшенеді.

159. Дәнекерленген жалғаулардың механикалық қасиеттерін бақылау, кристаллит аралық коррозияға қарсы төзімділігін сынау және дәнекерленген жалғаулардың металлографиялық зерттеуден өткізулері дәнекерленген бақылау жалғауларынан дайындалған үлгілерде жүргізіледі.

Дәнекерленген бақылау жалғаулары ыдыстың оның беріктігін анықтайтын дәнекерлеп түйістірген жалғауларының бірін (ұзына бойының орама жіктері, шығыңқы түптердің бунақты және меридионалды жіктері), сондай-ақ бойында жіктері жоқ ыдыстардың сақиналы жіктерін жасайды.

Дәнекерленген бақылау жалғаулары ұқсас түрде бақыланатын өндірістік дәнекерленген жалғаулармен орындалады (болаттың маркасы, қаңылтырдың қалыңдығы немесе құбырлардың көлемдері, жиектерінің бөліну пішіні, дәнекерлеудің әдісі, дәнекерлеу материалдары, жіктің орналасуы, қыздыру тәртіптері мен температурасы, термо өңдеуі бойынша) орындалады және сол дәнекерлеушімен және де сол дәнекерлеу жабдығында бақыланатын өндірістік жалғаумен бір уақытта орындалады. Көп қабатты ыдыстардың сақиналы жіктеріне арналған дәнекерленген бақылау жалғаулары осы ыдыстарды дайындауға арналған НҚ белгіленеді.

Дәнекерлеу технологиясының аттестациясы жүргізілген болса, онда аттестацияланған ұйымдардың келісімі бойынша дәнекерленген бақылау жалғауларын механикалық сынау жүргізілмейді.

160. Механикалық қасиеттерін тексеруге, кристаллит аралық коррозияға қарсы төзімділігін сынауға және металлографиялық зерттеуден өткізуге арналған бақылау жалғауларын (пластиналарды) дәнекерлеген кезде бақылау пластиналар бақылау пластиналарының жіктері дәнекерленетін өнімнің жігінің жалғасы болатындай етіп, дәнекерленетін элементке қабысып тұрады.

Пластиналардың қабысып тұруы мүмкін болмайтын ыдыс элементтерінің жалғауларын тексеру үшін бақылау пластиналарын дәнекерлеу олардан бөлек, бірақ бақыланатын түйіскен жалғауларды дәнекерлеудің барлық шарттарын міндетті түрде сақтай отырып жүргізеді.

161. Ыдыстарды автоматты түрде (механикаландырылған) дәнекерлеу кезінде әрбір ыдысқа бір бақылау жалғауы дәнекерленеді. Егер жұмыс ауысымының ішінде бір технологиялық процесс бойынша бір типтегі бірнеше ыдыстар дәнекерленетін болса, осы ауысымда дәнекерленген ыдыстардың барлық тобына бір бақылау жалғауын орындауға рұқсат беріледі. Ыдыстарды бірнеше дәнекерлеуші қолмен дәнекерлеген кезде олардың әрқайсысы әр ыдыста бір бақылау жалғауынан дәнекерлеуді жүргізеді.

162. Ыдыстарды сериялық дайындау кезінде дәнекерлеп түйістірген жалғауларды 100 % ультрадыбыстық дефектоскопиямен немесе радиациялық әдіспен бақылаған жағдайда ыдыстардың барлық тобына дәнекерлеудің әрбір түріне бір бақылау жалғауы бойынша дәнекерленеді. Және мақсаты мен түрі бойынша ұқсас, металл өнімінің (қаңылтырдың, құбырдың, шыңдалуы мен соған ұқсас) бір түрінен, металдың бір маркасынан дайындалатын, жиектерінің пішіні ұқсас, бірегей технологиялық процесс бойынша орындалған және егер жинау-дәнекерлеу, термо өңдеу жұмыстары және бақылау операциялары бойынша барлық өнімдерді дайындаудың айналымы үш айдан аспайтын болса, бір тәртіп бойынша термо өңдеуге жататын ыдыстар бір топқа біріктіріледі.

163. Құбырлы элементтердегі түйіскен жіктері бар дәнекерлеген жалғаулардың сапасын бақылау кезінде жіктерді дәнекерлеумен қатар тура сол өндірістік жағдайларда жалғаулардың механикалық қасиеттерін сынау үшін бақылау түйіскен жалғаулары орындалады. Бақылау түйіскендердің саны әрбір дәнекерлеушімен дәнекерленген бір типті түйіскен жалғаулардың жалпы санының 1 % құрайды, бірақ бұл бір дәнекерлеушіге бір түйіскен жерден кем болмайды.

164. Бақылау түйіскен жалғауларды дәнекерлеу барлық жағдайларда да ыдыстарда бақыланатын дәнекерлеу жалғауларын орындаған дәнекерлеушілер арқылы жүзеге асады.

165. Бақыланатын жалғаулардың көлемдері механикалық сынақтардың, кристаллит аралық коррозияға қарсы төзімділігін сынаудың, металлографиялық зерттеудің барлық көзделген түрлерінің, сондай-ақ қайталама сынақтардың үлгілерінің қажетті санынан алуға жеткілікті түрде дайындалады.

166. Бақылау дәнекерленген жалғаулары барлық ұзына бойына ультрадыбыстық дефектоскопиядан немесе радиациялық бақылаудан өткізіледі.

Егер бақылау жалғауында жол беруге болмайтын ақаулар анықталса, осы жалғауда берілген және бұрын дефектоскопиядан өткізілмеген барлық өндірістік дәнекерлеу жалғаулары бүкіл ұзына бойына бұзбайтын бақылау әдісімен тексеріледі.

167. Дәнекерлеп түйістірген бақылау жалғаулары олардың механикалық қасиеттерінің және ыдыстарды дайындаудың сәйкестігін тексерудің мақсаттарында механикалық бақылаудан өткізіледі.

Механикалық сынақтардың міндетті түрлері:

1) тұрақты созылған кезде -барлық топтардың ыдыстары үшін;

2) тұрақты майысуына немесе қабысуына-барлық топтардың ыдыстары үшін;

3) соққылы майысуына-қысымы 5 МПа асатын (50 кгс/см2) немесе температура 450°С жоғары болған кезде жұмыс істеуге арналған ыдыстар және дәнекерлеу кезіндегі болаттан дайындалған ыдыстар үшін;

4) соққылы майысуына-температура минус 20°С болған кезде жұмыс істеуге арналған 1, 2, 3 топтардың ыдыстары үшін.

Дәнекерленген жалғаулардың соққылы майысуын сынақтан өткізу қабырғасының қалыңдығы 12 мм және одан асатын ыдыстар мен олардың элементтері үшін 167-тармағының 3-тармақшасына сәйкес 20°С температура кезінде, ал 167-тармақтың 4-тармақшасы бойынша-жұмыстық температурада жүргізіледі.

168. Дәнекерленген бақылау жалғамаларының әрқайсынан кесіп алынады:

1) тұрақты созуын сынау үшін екі үлгі;

2) тұрақты майысуын немесе қабысуын сынау үшін екі үлгі;

3) соққылы майысуын сынау үшін үш үлгі.

169. Құбырларының шартты өтуі 100 мм кем және қабырғасының қалыңдғы 12 мм кем болатын ыдыстардың құбырлы элементтерінің бақылау түйіскен орындарын тұрақты майысуын сынау қабысуын сынаумен ауыстырылады.

170. Дәнекерленген жалғауларды механикалық сынау мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес орындалады.

171. Дәнекерленген жіктердің металының ажырауына уақытша қарсылығы 20°С температурада негізгі металға НҚ белгіленген мәндерге сәйкес келеді. Егер бұл белгіленген тәртіпте келісілген НҚ көзделген болса, ажырауына уақытша қарсылықты азайтуға рұқсат беріледі.

172. Болат жалғауларды тұрақты майысуына сынаған кезде алынған көрсеткіштер 7-кестеде келтірілген көрсеткіштерден төмен болмайды.


7-кесте


Болаттың түрі, тобы

(2-қосымшаға сәйкес)



Майысуының минималды рұқсат берілетін бұрышы, град

электрлі доғалы, түйіспелі және электрлі күйінді дәнекерлеу

газды

дәнекерлеу



дәнекерленетін элементтердің қалыңдығы, мм

20 артық емес

20 артық

4 дейін

Көміртекті

100

100

70

Аз көміртегілі марганецті, марганецті-кремнилі

80

60

50

Аз көміртегілі хромды молибденді, хромды молибденді ванадилі

50

40

30

Мартенситты

50

40



Ферритты

50

40



Аустенитты-ферритты

80

60



Аустенитты

100

100



Темір никелді және никелді негіздегі қорытпа

100

100


173. Дәнекерленген жалғауларды соққылы майысуына сынау, егер кесетін орны дайындау НҚ немесе дәнекерлі жалғауларды дәнекерлеу мен бақылау жөніндегі нұсқауында арнайы ескерілмеген болса, оны ашатын жағынан жігінің ортасы бойынша кесу арқылы үлгілерге жүргізіледі.

Дәнекерленген болат жалғаулардың соққылы жабысқақтығының мәні 8-кестеде көрсетілген мәндерден төмен болмайды.
8-кесте

Сынау температурасы,

°С


Соққылы жабысқақтығының минималды мәні,

Дж/см2 (кгс·м/см2)



барлық болаттар үшін, ферритті, аустенитті-ферритті және аустенитті топтардан басқа

ферритті және аустенитті-ферритті топтардағы болаттар үшін

аустенитті топтағы болаттар үшін

KCU

KCV

KCU

KCV

KCU

KCV

20

50(5)

35(3,5)

40(4)

30(3)

70(7)

50(5)

Төмен-20

30(3)

20(2)

30(3)

20(2)

30(3)

20(2)

Соққылы жабысқақтығын сынау стандарттың немесе өнімді дайындау НҚ талабы бойынша KCU немесе KCV типтегі үлгілерге жүргізіледі.

174. Құбырлардың дәнекерленген жалғауларын қабысуына сынаған кезде сынау көрсеткіштері осы сұрыптағы және сол материалдан жасалған құбырлар үшін стандарттармен немесе НҚ белгіленген сәйкесінше минималды жол берілетін көрсеткіштерден төмен болмайды.

Ұзына бойының жіктері дәнекерленген құбырлардың үлгілерін қабысуына сынаған кезде, ол қабырғаларының жақындау бағытына перпендикуляр жазықта орналасады.

175. Дәнекерленген жалғаулардың механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері жекелеген үлгілерді сынаудың орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады. Егер созылуына, тұрақты майысуына немесе қабысуына сынаған кезде үлгілерінің бірі, белгіленген нормалардан 10 % асатын айырмашылықтағы нәтижені көрсетсе, сынақтардың жалпы нәтижесі қанағаттанғысыз болып саналады. Соққылы майысуын сынаған кезде, егер үлгілерінің бірі 8-кестеде көрсетілгеннен төмен нәтижені көрсетсе, нәтижелер қанағаттанғысыз болып саналады. Сынау температурасы минус 40°С төмен болған кезде бір үлгіде KCU соққылы жабысқақтығын 25 Дж/см2 (2,5 кгс·м/см2) дейін немесе KCV 20 Дж/см2 дейін (2 кгс·м/см2) азайтуға рұқсат беріледі.

176. Механикалық сынақтар түрлерінің бірі бойынша қанағаттанғысыз нәтижелер алынған кезінде сынаудың осы түрі осы бақылау түйіскен жерден кесіп алынатын үлгілердің екі еселенген санына қайталанады. Көрсетілген түйіскен жерлерден үлгілерді кесіп алу мүмкін болмаған жағдайда қайталама механикалық сынақтары осы дәнекерлеушімен орындалған, бақыланатын өнімнен кесіп алынған өндірістік түйіскен жерлерде жүргізіледі.

Егер қайталама сынауда үлгілердің біреуінен белгіленген нормаларды қанағаттандырмайтын көрсеткіштер алынса, дәнекерленген жалғаулар жарамсыз деп танылады.

177. Дәнекерленген жалғаулардың механикалық сынақтары мен металлографиялық зерттеулерінің көлемі, технологиялық процесті өзгертпей бір типтегі өнімдерді сериялы дайындаған кезде, дәнекерлеушілер жұмыстардың белгілі бір түрлері бойынша маманданған және дәнекерленген жалғаулардың сапасы жоғары екені алты айдан аспайтын мерзімнің ішінде бақылау нәтижелерімен расталған кезінде азайтылады.

178. Құйылған және соғылған элементтердің, бөліктері құйылған құбырлардың, әртүрлі топтардағы болаттан жасалған элементтердің дәнекер жалғауларын, сондай-ақ басқа да жеке дәнекерленген жалғауларды механикалық сынаудың қажеттігі, көлемі және тәртібі НҚ бойынша белгіленеді.

Металды емес және құрастырылған материалдардан жасалған ыдыстар үшін үлгі-куәлар қарастырылады. Олардың құрастырмасы, дайындау технологиясы және сынау түрлері осы ыдыстың НҚ анықталады.

179. Ыдыстар мен олардың элементтерінің беріктігін анықтайтын дәнекерленген бақылау жалғаулары металлографиялық тексеруден өткізіледі, олар:

1) қысым 5 МПа артық болған кезде (50 кгс/см2) немесе температура 450°С жоғары болғанда немесе қысымға қарамастан температура минус 40°С төмен болған кезде жұмыс жасауға арналған;

2) дәнекерлеу кезінде астарлануға бейім қоспаланған болаттан; екі қабатты болаттан; ыстық жарылған жерлерінің пайда болуына бейім болаттан жасалғандар (техникалық жобаның авторымен белгіленеді).

Аустенитті топтағы болаттардан дайындалған, қалыңдығы 20 мм дейін болатын ыдыстар мен олардың элементтері үшін металлографиялық тексеруді жүргізбеуге рұқсат беріледі.

180. Дәнекерленген жалғаулардың металлографиялық тексеруге арналған үлгілері жіктің кесе-көлденеңінен кесіп алынады және мемлекеттік стандарттар немесе НҚ талаптарына сәйкес дайындалады.

Дәнекерленген жалғаулардың металлографиялық тексеруге арналған үлгілеріне жіктің барлық қиылысқан жерлері, дәнекерлеудің термиялық әсерінің екі жағы да, оған жапсарлас негізгі металдың орындары, сондай-ақ, егер дәнекерлеу кезінде қолданылған және алынбаған болса, салмалы сақина жатады. Қабырғасының қалыңдығы 25 мм және одан көп болатын элементтердің дәнекерленген жалғауларының металлографиялық тексеруге арналған үлгілеріне тек жалғаудың қиылысқан бөлігі ғана жатады. Және балқыту сызығынан үлгінің шетіне дейінгі қашықтық 12 мм кем болмайды, ал бақыланатын қиылысу алаңы-25×25 мм құрайды.

181. Металлографиялық зерттеу кезіндегі дәнекерлі жалғаудың сапасы 121 және 137-тармақтарына сәйкеседі.

182. Металлографиялық зерттеуден қанағаттанғысыз нәтижелер алынған кезде осы бақылау жалғауынан кесіп алынған екі үлгіге қайталама сынақты жүргізуге рұқсат беріледі.

Қайталама металлографиялық зерттеулерден қанағаттанғысыз нәтижелер алынған кезде жіктер қанағаттанғысыз болып саналады.

183. Егер ультрадыбыстық дефектоскопиямен немесе радиациялық әдіспен тексерілген және жарамды деп танылған дәнекерленген бақылау жалғауын металлографиялық зерттеген кезде, бұзбайтын бақылау әдісімен байқалмаған жол беруге болмайтын ішкі ақаулар анықталса, осы дефектоскопистшінің бақыланған барлық өндірістік дәнекерленген жалғаулар осы дефектоскопия әдісімен 100 % тексеруден өткізіледі. Және де барлық өндірістік түйіскен жерлердің сапасын жаңадан бақылауды басқа, неғұрлым тәжірибелі және білікті дефектоскопистші жүзеге асырады.

184. Құйылған және соғылған элементтердің, бөліктері құйылған құбырлардың, әртүрлі топтардағы болаттан жасалған элементтердің дәнекер жалғауларын, сондай-ақ басқа жеке дәнекерленген жалғауларды металлографиялық зерттеудің қажеттігі, көлемі және тәртібі дайындаудың НҚ бойынша белгіленеді.

185. НҚ немесе техникалық жобасының талаптары болған кезде аустенитті, ферритті, аустенитті-феррит тобындағы болаттардан және аустенитті және ферритті болаттардың коррозияға төзімді қабаты арқылы екі қабатты болаттан дайындалған ыдыстар мен олардың элементтерінің дәнекерленген жалғауларына кристаллит аралық коррозияға төзімділігін сынау жүргізіледі.

186. Кристаллит аралық коррозияға бейімділігіне сыналатын үлгілердің нұсқасы, көлемі, саны, сынаудың әдістері және бағалау өлшемдері НҚ талаптарына сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет