Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптары Требования к устройству и безопасной эксплуатации сосудов, работающих под давлением Астана-2010



бет5/19
Дата09.06.2016
өлшемі3.29 Mb.
#125334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

12-тарау. Ыдыстарды орнату
269. Ыдыстар адамдардың жиналуына жол бермейтін орындардағы алаңдарда немесе жеке тұрған ғимараттарда орнатылады.

270. Ыдыстарды орнатуға рұқсат беріледі:

1) өндірістік ғимараттарға жапсарлас жайларда, оларды ғимараттан күрделі қабырғамен бөлген жағдайда;

2) қауіпсіздіктің салалас ережелерімен көзделген жағдайларда өндірістік жайларда;

3) арматураға баратын орынды қамтамасыз еткен және ыдыстың қабырғаларын топырақ коррозиясы және кездейсоқ тоқтардың коррозиясынан қорғаған жағдайда топыраққа тереңдету арқылы.

271. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркелген ыдыстарды тұрғын, қоғамдық және тұрмыстық ғимараттарға, сондай-ақ оларға жапсарлас жайларда орнатуға рұқсат берілмейді.

272. Ыдыстар аударылып қалмайтындай етіп орнатылады.

273. Ыдыстарды орнату оларды ішкі және сыртқы жағынан қарап тексеру, жөндеу және тазалаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Ыдыстарға қызмет көрсету ыңғайлы болуы үшін алаңдар және сатылар орнатылады. Ыдыстарды қарап тексеру және жөндеу үшін люлькалар мен басқа да құрылғылар қолданылады.

Көрсетілген құрылғылар ыдыстың беріктігі мен тұрақтылығын бұзбайды, ал оларды ыдысқа дәнекерлеу жоба бойынша орындалады. Сатылар мен алаңдардың материалдары, құрылысы қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкес келеді.



13-тарау. Ыдыстарды тіркеу
274. Осы Талаптар қолданылатын ыдыстар оларды жұмысқа қосқанға дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркеледі.

275. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркелмейтіндер:

1) қабырға температурасы 200°С жоғары болмаған кезде жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықта (литрлерде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 0,05 (500) аспайтын 1-ші топтағы ыдыстар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген температурада жұмыс істейтін, м3 сыйымдылықтағы (литрлерде) МПа-мен (кгс/см2) қысымды шығаруы 1,0 (10 000) аспайтын 2, 3, 4 топтағы ыдыстар. Ыдыстардың тобы 5-кесте бойынша анықталады;

2) жылу оңашалағыш қаптаманың ішінде орналасқан ауа бөлетін қондырғылардың және газдарды бөлетін аппараттар (регенераторлар, ұстындар, жылу алмастырғыштар, конденсаторлар, адсорберлер, бөлгіштер, буландырғыштар, сүзгілер, салқындатқыштар және қыздырғыштар);

3) ауа электр ажыратқыштарының резервуарлары;

4) сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған бөшкелер, стационарлы орнатылған, сондай-ақ сығылған, сұйытылған және ерітілген газдарды тасымалдауға және (немесе) сақтауға арналған, қоса алғанда сыйымдылығы 100 л дейін баллондар;

5) гидрометеорологиялық қызметпен пайдаланылатын сутегін алуға арналған генераторлар (реакторлар);

6) мұнай мен газды (ұңғымадан магистралды құбыржелісіне дейін) өндіретін жабық жүйеге енгізілген ыдыстар, оларға газды және газ конденсатын тасымалдау мен кәдеге жаратуға дайындаудың технологиялық үдерісіне енгізілген ыдыстар жатады: сепарацияның барлық сатысындағы сепараторлар, ұратын сепараторлар (газ желісінде, алауларда), абсорберлер және адсорберлер, конденсатты, абсорбентті және ингибиторды газдандыру ыдыстары, конденсат жинағыштар, мұнайдың, газдың және конденсаттың бақылау және өлшегіш ыдыстары;

7) сұйытылған газдарды, қысымның астындағы сұйықтарды және сусыма денелерді тасымалдауға арналған ыдыстар оларды мерзімді түрде босату кезінде;

8) сығылған және сұйытылған газдары бар, өздері орнатылған көлік құралдарының қозғалтқыштарын отынмен қамтамасыз етуге арналған ыдыстар;

9) жер астының тау-кен өндірістерінде орнатылған ыдыстар.

276. Ыдысты тіркеу ыдыстың иесінің жазбаша өтінішінің негізінде жүргізіледі. Тіркеу үшін ыдыстың белгіленген үлгідегі құжаты ұсынылады.

277. Ыдысты жаңа орынға қайта орнатқанда немесе ыдысты басқа иесіне берген кезде, сондай-ақ оны қосудың жоспарына өзгертулерді енгізген кезде ыдыс жұмысқа қосқанға дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қайта тіркеледі.

278. Тіркелген ыдысты есептен шығару үшін ыдыстың иесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне шығарудың себептерін көрсету арқылы өтінішті және ыдыстың құжатын ұсынады.

279. Дайындаушының техникалық құжаттамасы жоқ ыдыстарды тіркеу үшін, ыдыс құжатының телнұсқасы жасалады.

14-тарау. Техникалық куәландыру
280. Осы Талаптардың қолданысы таралатын ыдыстар құрастырғаннан кейін, жұмысқа қосқанға дейін, пайдаланудың барысында мерзімді техникалық куәландырудан және қажет болған жағдайларда-кезектен тыс куәландырудан өткізіледі.

281. Ыдыстарды (баллондарды қоспағанда) техникалық куәландырудың көлемі, әдістері және мерзімділігі дайындаушымен анықталады және пайдалану жөніндегі нұсқауда көрсетіледі.

Бұндай нұсқаулар болмаған жағдайда техникалық куәландыру осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Егер өндірістің жағдайлары бойынша ыдысты куәландыруға белгіленген мерзімінде ұсыну мүмкін болмаса, иесі оны мерзімінен бұрын ұсынады.

Баллондарды куәландыру баллондардың құрастырмасын жасаушымен бекітілген әдістеме бойынша жүргізіледі, онда куәландырудың мерзімділігі және жарамсыз деп танудың нормалары көрсетіледі.

Техникалық куәландыру кезінде бұзбайтын бақылаудың барлық әдістері, сонымен бірге акустикалық эмиссияның әдісі пайдаланылады.

282. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелмеген ыдыстарды техникалық куәландыру, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалану талабын сақтай отырып, өнеркәсіптік бақылауды қамтамасыз ететін тұлға жүргізеді.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелген ыдыстарды алғашқы, кезеңді және кезектен тыс техникалық куәландыруды қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалануға рұқсат берілген ұйымның маманы жүргізеді.

283. Сыртқы және ішкі қарап тексерулер жүргізіледі:

1) алғашқы куәландыру кезінде ыдыстың осы Талапқа сәйкес және тіркеу кезінде ұсынылған құжаттармен орнатылғанын және жабдықталғанын, сондай-ақ, ыдыс және элементтерінде зақымданған жерлерінің жоқ екенін тексереді;

2) мерзімді және кезектен тыс куәландырулар кезінде ыдыстың жарамды екенін және оның ары қарай жұмыс істеуінің мүмкіндігін белгілейді.

Гидравликалық сынау ыдыстың элементтерінің беріктігін тексеру мақсатымен жүргізіледі. Ыдыстар гидравликалық сынаққа оларда орнатылған арматурасымен бірге ұсынылады.

284. Ішкі қарап тексеру мен гидравликалық сынаудың алдында ыдыс тоқтатылады, салқындатылады (қыздырылады), оған толтырылған жұмыс ортасынан босатылады, ыдысты қысым көзімен немесе басқа ыдыстармен жалғастырып тұрған барлық құбыржелілерінен бұқтырмалармен ажыратылады. Металды ыдыстар металына дейін тазартылады.

МСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 1 және 2 тобындағы зиянды заттармен жұмыс жасайтын ыдыстар, ішінде қандай да бір жұмыстарды бастағанға дейін, сондай-ақ ішкі қарап тексерудің алдында, технологиялық регламентке сәйкес мұқият өңдеуден (бейтараптандыру, газдан тазарту) өткізіледі.

Футеровка, оңашалу және коррозиядан қорғаудың басқа да түрлері, егер материалдың, ыдыстар құрастырмасының қуат элементтерінің ақауларын тудыру мүмкіндігін көрсететін белгілер (футеровканың тығыз болмауы, оңашалаудан сұйықтың өткен іздері және соған ұқсастар) болса, жартылай немесе толық кетіріледі. Электрлі қыздырғыш және ыдыстың жетегі ажыратылады.

285. Пайдаланудағы ыдыстарды кезектен тыс куәландыру келесі жағдайларда жүргізіледі:

1) егер ыдыс 12 айдан артық пайдаланылмаса;

2) егер ыдыс бөлшектелсе және жаңа орында орнатылса;

3) егер ілгері шыққан немесе майысқан жерлерін түзету, сондай-ақ қысымның астында жұмыс жасайтын элементтерді дәнекерлеуді қолдану арқылы ыдысты қайта құру немесе жөндеу жүргізілген болса;

4) ыдыстың қабырғасына қорғаныш жабындысын салудың алдында;

5) ыдыс немесе қысымның астында жұмыс жасайтын элементтердің авариясынан кейін, егер қалпына келтіру жұмыстарының көлемі бойынша осындай куәландыру талап етілетін болса.

286. Ыдыстарды, цистерналарды, баллондарды және бөшкелерді техникалық куәландыру аттестацияланған жөндеу-сынау орындарында, дайындаушы ұйымдарда, толтыру станцияларында, сондай-ақ куәландыруды жүргізуге арналған қажетті базасы, жабдығы бар ыдыс иесі ұйымдарда жүргізіледі.

287. Техникалық куәландырудың нәтижелері ыдыстың құжатына куәландыруды жүргізген тұлғамен, ыдысты пайдаланудың рұқсат берілген өлшемдерін және келесі куәландырулардың мерзімдерін көрсету арқылы жазылады.

Кезектен тыс куәландыруды жүргізу кезінде осындай куәландырудың қажеттігін тудырған себеп көрсетіледі.

Егер куәландыру кезінде қосымша сынақтар және зерттеулер жүргізілсе, онда ыдыстың құжатында үлгілерді іріктеген орындарды, сынақтардан өткізілген орындарды, сондай-ақ қосымша сынақтарды жүргізудің қажеттігін тудырған себептерді көрсету арқылы осы сынақтар мен зерттеулердің түрлері және нәтижелері жазылады.

288. Техникалық куәландыру кезінде ары қарай пайдалануға жарамды деп танылған ыдыстарда 309-тармағына сәйкес мәліметтер түсіріледі.

289. Егер куәландыру кезінде ыдыстың беріктігін төмендететін ақаулар анықталатын болса, онда оны төмендетілген өлшемдерде (қысым және температура) пайдалануға рұқсат беріледі.

Ыдысты төмендетілген өлшемдерде пайдаланудың мүмкіндігі иесімен ұсынылатын беріктігінің есебімен расталады және сақтандыру клапандарының өткізу қабілетінің тексерудің есебі жүргізіледі және 244-тармақтары орындалады.

Бұндай шешім куәландыруды жүргізген тұлғамен ыдыстың құжатына жазылады.

290. Себептері мен салдарларын белгілеу қиын ақауларды анықтаған кезде, ыдыстың техникалық куәландыруын жүргізген тұлға ыдыстың иесінен арнайы зерттеулерді жүргізуді, ал қажет болған жағдайларда-мамандандырылған ұйымның ақаулардың пайда болу себептері туралы, сондай-ақ ыдысты ары қарай пайдаланудың мүмкіндігі мен шарттары туралы қорытындысын ұсынуын талап етеді.

291. Егер техникалық куәландыру кезінде ыдыс бар ақаулардың немесе осы Талаптарды бұзудың салдарынан әрі қарай пайдалануға қауіпті жағдайда болып табылса, бұндай ыдыстың жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.

292. Жиналған түрінде жеткізілетін ыдыстарды дайындаушы ұйым сақтауға қояды және пайдалану жөніндегі нұсқауда оларды сақтаудың шарттары мен мерзімдерін көрсетеді. Бұл талаптарды жұмысқа қосудың алдында орындаған кезде сыртқы және ішкі қарап тексерулер ғана жүргізіледі, ыдыстарды гидравликалық сынау талап етілмейді. Бұл жағдайда гидравликалық сынаудың мерзімі ыдысты пайдалануға рұқсат берудің күнін ескере отырып тағайындалады.

Сұйытылған газға арналған ыдыстар оларға оңашалауды жүргізудің алдында, егер дайындаушының оларды сақтау жөніндегі мерзімдері және талаптары сақталған болса, тек сыртқы және ішкі қарап тексерулерден ғана өткізіледі.

Пайдалану орнына орнатқанынан кейін топырақпен жапқанға дейін көрсетілген ыдыстар, егер оңашалауды жүргізген сәттен 12 айдан аспайтын уақыт өтсе және оларды құрастырған кезде дәнекерлеу қолданылмаса, сыртқы қарап тексеруден ғана өткізіледі.

293. МСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 1, 2, 3 топтардағы зиянды заттарының қысымының астында (қатты, сұйық және газтәрізді), ыдыстың иесімен жұмыстық қысымға тең қысымның астында ауамен немесе инертті газбен саңылаусыздығына сынақтан өтеді. Сынақ белгіленген тәртіпте бекітілген нұсқауға сәйкес ыдыстың иесімен жүргізіледі.

294. Сыртқы және ішкі қарап тексерулер кезінде ыдыстардың беріктігін төмендететін барлық ақаулар анықталады, және келесі ақауларды анықтауға ерекше көңіл аударылады:

1) ыдыстың беттерінде-жарылулар, үзілгендер, қабырғалардың коррозиясы (әсіресе жиектеген және кескен орындарда), ісінген жерлер (негізінен «киінген» ыдыстарда, сондай-ақ отпен немесе электрлі қыздырғышы бар ыдыстарда), қаяулар (құйылған ыдыстарда);

2) дәнекер жіктерінде-137-тармағында көрсетілген дәнекерлеудің ақаулары, үзілген, желінген жерлері;

3) тойтарып шегелеген жіктерде-тойтарып шегелеген аралардағы жарылулар, бастарының үзілуі, бос қалған іздер, тойтарып шегеленген қаңылтырлардың жиектеріндегі үзілулер, тойтарып шегелеген жіктердің коррозиялық зақымданулары, тойтарып шегеленген қаңылтырлар мен тойтарып шегеленген жерлердің астындағы саңылаулар, әсіресе белсенді ортамен (қышқылмен, оттегімен, сілтілермен және басқасымен) жұмыс жасайтын ыдыстарда;

4) коррозиядан қорғалған беттері бар ыдыстарда-футеровканың бұзылулары, сонымен бірге футерлейтін шағын плиталардың қабаттарының тығыз болмауы, қорғасынды немесе басқа жабындыдағы жарылулар, эмалының уатылуы, жүргізілген қабаттағы жарылған және ісінген жерлер, сыртқы қорғаныш жабындысы бар орындарда ыдыс қабырғалары металының бүлінуі;

5) металды пластикалы және металды емес ыдыстарда-қаптайтын талшықтардың мамандандырылған ұйыммен белгіленген нормалардан жоғары қабатталуы және үзілулері.

295. Куәландыруды жүргізетін тұлға қажет болған кезде қорғаныш жабындысын алуды (толық немесе жартылай) талап етеді.

296. Биіктігі 2 м асатын ыдыстар қарап тексерудің алдында ыдыстың барлық бөліктеріне қауіпсіз енудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті құрылғылармен жабдықталады.

297. Ыдыстарды гидравликалық сынау сыртқы және ішкі қарап тексерулердің нәтижелері қанағаттанарлық болған кезде ғана жүргізіледі.

298. Гидравликалық сынақтар 7-тарауда мазмұндалған талаптарға сәйкес жүргізіледі. Және де сынама қысымның көлемі ыдыс үшін рұқсат берілген қысымды ескере отырып анықталады. Ыдыс, егер дайындаушының басқа нұсқаулары болмаса, сынама қысымның астында 5 минут болады.

Көлденеңінен орнатылған ыдыстарды гидравликалық сынаған кезде сынама қысым ыдыстың жоғары қақпағында (түбіне) орнатылған манометр арқылы бақыланады.

299. Гидравликалық сынақты жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда (судың салмағынан іргетаста, қабат аралық жабындыда немесе ыдыстың өзінде қысымның үлкен болуы; суды кетірудің қиындығы; ыдыстың ішінде ыдысты сумен толтыруға кедергі келтіретін футеровканың болуы), оны пневматикалық сынақпен (ауамен немесе инертті газбен) ауыстыруға рұқсат беріледі. Сынақтың бұл түріне оны акустикалық эмиссия әдісімен немесе басқа әдіспен бақылаған жағдайда рұқсат беріледі.

Пневматикалық сынақ кезінде қолданылатын сақтану шаралары: қысым көзінен келетін толтыру құбыржелісіндегі вентиль және манометрлер сынақтан өткізілетін ыдыс орналасқан жайдан тысқары шығарылады, ал адамдар ыдысты сынама қысыммен сынаған кезде қауіпсіз орынға әкетіледі.

300. Техникалық куәландыруды жүргізетін күн ыдыстың иесімен белгіленеді және куәландыруды жүргізетін тұлғамен алдын ала келісіледі. Ыдыс оның құжатында көрсетілген куәландыру мерзімінен кешіктірмей тоқтатылады. Ыдыстың иесі 5 күннен кешіктірмей көрсетілген жұмысты орындайтын тұлғаға алда болатын ыдысты куәландыру туралы ескертеді.

Бұл тұлға әкімшілікпен тағайындалған мерзімде келмеген жағдайда ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссиямен куәландыруды дербес жүргізуге құқық ұсынылады.

Өткізілгеннің нәтижелері және келесі куәландырудың мерзімі ыдыстың құжатына енгізіледі және комиссияның мүшелері қолдарын қояды.

Бұл жазбаның көшірмесі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне куәландырудан кейін 5 күннен кешіктірмей жіберіледі.

301. Ыдыстың иесі ыдысты келесі куәландыру уақытында және сапалы дайындалуын қадағалауды жүзеге асырады.

302. Ортаның әсері химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерінің нашарлауына әкелетін, сондай-ақ жұмыс кезінде қабырғасының температурасы 450°С асатын ыдыстар технологиялық регламентке сәйкес қосымша куәландырудан өткізіледі. Қосымша куәландырулардың нәтижелері ыдыстың құжатына енгізіледі.

303. Жобамен, дайындаушымен, басқа НҚ белгіленген есептік қызметінің мерзімін аяқтаған немесе есептік (рұқсат берілген) қызметінің мерзімі техникалық қорытындының негізінде ұзартылған ыдыстар үшін техникалық куәландырудың көлемі, әдістері және мерзімділігі аттестацияланған ұйыммен техникалық құрылғыларға (ыдыстарға) өндірістік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуге орындалған техникалық диагностикалаудың және қалған ресурсын анықтаудың нәтижелері бойынша белгіленеді.

304. Егер ыдыстарды техникалық куәландырумен анықталған ақауларды талдау кезінде олардың пайда болуы ыдыстарды осы ұйымда пайдаланудың тәртібімен байланысты пайда болғаны немесе осы құрастырмадағы ыдыстарға тән екені белгіленген болса, онда куәландыруды жүргізген тұлғаға осы ұйымда орнатылған, пайдалануы бірдей тәртіп бойынша жүргізілген барлық ыдыстарға немесе осы құрастырмадағы барлық ыдыстарға кезектен тыс техникалық куәландыруды жүргізуді бұл туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар ету арқылы талап етудің құқығы ұсынылады.

305. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ерекше жағдайларда ыдыс иесінің негізделген жазбаша қолдаухаты бойынша ыдыстарды техникалық куәландырудың белгіленген мерзімдерін 3 айдан аспайтын уақытқа ұзартудың құқығы ұсынылады.
15-тарау. Ыдысты пайдалануға енгізудің рұқсаты
306. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркеуге жататын ыдысты пайдалануға енгізудің рұқсаты техникалық куәландырудың негізінде оны тіркегеннен және қызмет көрсетуші ұйым тексергеннен кейін инспектормен беріледі, бұл кезде бақыланатындар:

1) арматураның, бақылау-өлшегіш аспаптары мен қауіпсіздік аспаптарының бар екені және жарамдылығы;

2) ыдысты қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орнату;

3) ыдыстың дұрыс қосылуы;

4) аттестациядан өткен қызмет көрсетуші персоналдың және мамандардың болуы;

5) жұмыс тәртібі мен қауіпсіз қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламент, ауысым журналдары.

307. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркеуге жатпайтын ыдысты пайдалануға енгізудің рұқсаты қысымның астында жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын өндірістік қадағалауды жүзеге асыру үшін ұйым бойынша шығарылған бұйрықпен тағайындалған тұлғамен, техникалық куәландырудан және қызмет көрсетуші ұйым тексергеннен кейін дайындаушының құжаттамасының негізінде беріледі.

308. Ыдысты пайдалануға енгізудің рұқсаты оның құжатына жазылады.

309. Әрбір ыдысқа оны пайдалануға енгізуге рұқсат берілгеннен кейін көрнекі орынға немесе таяқшаға бояумен 200×150 мм кем болмайтын форматта түсіріледі:

1) тіркеу номері;

2) рұқсат берілген қысым;

3) келесі сыртқы және ішкі қарап тексерулер мен гидравликалық сынаудың күні, айы және жылы.

310. Ыдыс (орнатуға енетін ыдыстардың тобы) 308 және 309-тармақтарын орындағаннан кейін ұйым әкімшілігінің жазбаша бұйрығының негізінде жұмысқа енгізіледі.

16-тарау. Қадағалауды ұйымдастыру
311. Ыдыстың иесі ыдыстарды жарамды қалпында ұстауды және олардың жұмысының қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етеді.

Ұйым бойынша бұйрықпен ыдыстардың жарамды қалпына және қауіпсіз пайдаланылуына қадағалауды жүзеге асыратын мамандар тағайындалады, сондай-ақ:

1) оқытылған және ыдыстарға қызмет көрсету құқығына куәлігі бар тұлғалардың қажетті санынан қызмет көрсетуші персонал тағайындалады, сондай-ақ ыдыстарға қызмет көрсету жүктелген персонал, өзіне тапсырылған жабдықты қарап тексеру, арматураның, бақылау-өлшегіш аспаптарының (бұдан әрі-БӨҚ), сақтандыру және тосқауыл қою құрылғыларының қолданысын тексеру жолымен мұқият қадағалайтындай және ыдыстарды жарамды қалпында ұстайтындай тәртіп белгіленеді. Қараулар мен тексерулердің нәтижелері ауысым журналына жазылады;

2) белгіленген мерзімдерде ыдыстарды техникалық куәландырудың, диагностиканың жүргізілуі қамтамасыз етіледі;

3) осы Талаптағы және технологиялық регламенттегі персоналдың білімін мерзімді тексеру жүзеге асырылады;

4) мамандар осы Талаптармен және ыдыстарға қауіпсіз қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламентпен қамтамасыз етіледі;

5) мамандардың осы Талапты, ал қызмет көрсетуші персоналдың-технологиялық регламентті орындауы қамтамасыз етіледі.

312. Қысымның астында жұмыс істейтін ыдыстарды пайдаланатын ұйымда ыдыстардың жарамды қалпында болуы мен қауіпсіз пайдалануына және ыдыстарды пайдалану кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуына қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар үшін нұсқаулар жасалады және бекітіледі.



17-тарау. Ыдыстардың күтімі және қызмет көрсету
313. Ыдыстарға қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы» Заңының 12 бабына сәйкес оқытылған, емтиханды тапсырған және ыдыстарға қызмет көрсету құқығының куәлігіне ие тұлғаларға рұқсат беріледі.

314. Ұйыммен жұмыс тәртібі және ыдыстарға қауіпсіз қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламент жасалады және бекітіледі. Тез алынатын қақпақтары бар ыдыстар (автоклавтар) үшін көрсетілген нұсқауда кілт-марканы сақтаудың және қолданудың тәртібі көрсетіледі.

Ыдыстарды қосудың сызбалары жұмыс орындарына ілінеді.

18-тарау. Ыдыстарды авариялық тоқтату
315. Ыдыс жұмыс тәртібі мен қауіпсіз қызмет көрсету жөніндегі нұсқаумен көзделген жағдайларда дереу тоқтатылады, атап айтқанда:

1) егер ыдыстағы қысым рұқсат берілгеннен жоғары көтерілсе және персоналмен қабылданған шараларға қарамастан төмендемесе;

2) қысымның артуынан сақтандыру құрылғыларында ақаулар анықталса;

3) қысымның астында жұмыс жасайтын ыдыс пен оның элементтерінде тығыз емес, ісінген жерлері, төсемдердің үзілуі анықталған кезде;

4) манометр ақаулы болғанда және қысымды басқа аспаптармен анықтау мүмкін болмаған кезде;

5) отпен қыздырылатын ыдыстарда сұйықтық деңгейі рұқсат берілген деңгейден төмендеген кезде;

6) сұйықтық деңгейінің барлық көрсеткіштері істен шыққан кезде;

7) сақтандырғыш тосқауыл қою құрылғылары ақаулы болғанда;

8) қысымның астындағы ыдысқа қауіп төндіретін өрт туындаған кезде.

Ыдысты авариялық тоқтатудың және оны кейіннен жұмысқа енгізудің тәртібі нұсқауда көрсетіледі.

316. Ыдысты авариялық тоқтатудың себептері ауысым журналына жазылады.

19-тарау. Ыдыстарды жөндеу
317. Ыдысты жарамды қалпында ұстау үшін ыдыстың иесі кестеге сәйкес оны жөндеуді уақытында өткізеді. Жөндеу кезінде салалық ережелерде және нұсқауларда мазмұндалған қауіпсіз техникасы жөніндегі талаптар сақталады.

318. Қысымның астында жұмыс істейтін ыдыстар мен оның элементтерін дәнекерлеуді (біріктіру) қолдана отырып жөндеу жұмыстарды орындау басталғанға дейін дайындаушымен, құрастырушы немесе жөндеуші ұйымымен жасалған технология бойынша жүргізіледі, ал жөндеудің нәтижелері ыдыстың құжатына енгізіледі.

319. Қысымның астында жұмыс істеп тұрған ыдыстар мен олардың элементтерін жөндеуге рұқсат берілмейді.

320. Басқа жұмыс істейтін ыдыстармен ортақ құбыржелісі арқылы жалғанған ыдыстың ішінде жұмыстарды жүргізуді бастағанға дейін, ыдыс олардан бұқтырмалармен бөлінеді немесе ажыратып алынады. Ажыратылған құбыржелілері жабылады.

321. Ыдысты ажырату үшін қолданылатын, пісірілген бөлшектердің арасына орнатылатын, беріктігі сәйкесінше бұқтырмалардың алдыға шығып тұрған бөлігі (құйрықша) болады, ол бойынша бұқтырманың бар екені анықталады.

Пісірілген бөлшектердің арасына салмаларды орнатқан кезде олар құйрықшаларсыз қолданылады.

322. Ыдыстың ішінде жұмыс жасаған кезде (ішкі қарап тексеру, жөндеу, тазалау және басқалары) қысымы 12 В жоғары болмайтын, ал жайырылыс қауіпті орталарда-жарылыс қауіпсіздігінде орындалған қауіпсіз шамдар қолданылады. Қажет болған кезде ауада жол берілетін шекті шоғырланудан (әрі қарай-ЖШШ) асатын зиянды немесе басқа да заттардың жоқ екеніне талдау жүргізіледі. Ыдыстың ішіндегі жұмыстар рұқсат наряды бойынша орындалады.

20-тарау. Шет елдерден сатып алынатын ыдыстар және

жартылай дайын өнімдер
323. Шет елдерден сатып алынатын ыдыстар және олардың элементтері, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер осы Талапқа сәйкес келеді және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі рұқсатының негізінде қолданылады.

324. Ыдыстың техникалық құжаттамасы және ыдысы мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалады.



21-тарау. Сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналар мен бөшкелерге қойылатын талаптар
325. Теміржол цистерналары белгіленген тәртіппен келісілген нормаларға сәйкес есептеледі.

326. Криогенді сұйықтарды қоспағанда, сұйытылған газдарға арналған цистерналар және бөшкелер олардағы температура 50°С болған кезде туындайтын қысымға есептеледі.

Сұйытылған оттегі мен басқа да криогенді сұйықтарға арналған цистерналар оларды босату кезіндегі қысымға есептеледі.

Цистерналардың есебі оларды тасымалдаған кездегі динамикалық жүктемемен туындаған қысымды ескере отырып орындалады.

327. Толтыруды аяқтаудың сәтінде температурасы минус 25°С аспайтын сұйық аммиак толтырылған цистерналардың термооңашалағышы немесе көлеңке қорғанышы болады.

Криогенді сұйықтарға арналған цистернаның термооңашалағыш қабы жарылатын мембранамен жабдықталады.

328. Теміржол цистернасында оның жоғары бөлігінде диаметрі 450 мм кем болмайтын люк және люктың маңайынан цистернаның екі жағынан да тұтқалармен жабдықталған металды сатылары бар тақтайша үстел орнатылады.

Сұйытылған оттегіне, азотқа және басқа криогенді сұйықтарға арналған теміржол цистерналарында люктың маңайына тақтайша үстел орнату міндетті емес.

329. Әрбір автоцистернада остері бойынша көлемі 400×450 мм кем емес сопақша пішінді люк немесе диаметрі 450 мм кем емес дөңгелек люк орнатылады. Сыйымдылығы 3000 л дейін болатын автоцистерналар үшін сопақша пішінді люк остері бойынша көлемі 300×400 мм кем болмайтындай, ал дөңгелек пішінді люк-диаметрі 400 мм кем болмайтындай етіп орындалады.

Сыйымдылығы 1000 л дейін цистерналар үшін кіші осі бойынша көлемі 80 мм кем емес сопақша пішінді немесе диаметрі 80 мм кем емес дөңгелек пішінді қарап тексеру люктерін орнатуға рұқсат беріледі.

330. Цистерналар мен бөшкелерде дайындаушы таңбалау арқылы келесі құжаттық деректерді түсіреді:

1) дайындаушының атауы немесе оның тауарлық белгісі;

2) цистернаның (бөшкенің) номері;

3) дайындалған жылы және куәландырудың уақыты;

4) сыйымдылығы (цистерналар үшін-м3; бөшкелер үшін-л);

5) цистернаның бос күйіндегі қозғалатын бөлігінсіз салмағын (т) және бөшкенің салмағы (кг);

6) жұмыстық және сынама қысымның шамасын;

7) дайындаушның сапа қызметінің таңбасы;

8) өткізілген және кезекті куәландырудың уақыты.

Цистерналарда таңба люктің дөңгелек бетіне, ал бөшкелерде-арматура орналасатын түбіне жазылады.

331. Қабырғасының қалыңдығы қоса алғанда 6 мм дейін болатын бөшкелер үшін құжат деректері түптің арматура орналасатын орнында дәнекерленген металды пластинкаға түсіріледі.

Бос кеңістік негізінде оңашалағышы бар цистерналарда ыдысқа қатысты таңбалар сондай-ақ бос кеңістікті қаптаманың люгінің мойнына да түсіріледі, және де цистернаның салмағы қаптамасы бар оңашалағыштың салмағын есепке ала отырып көрсетіледі.

332. Коррозияны тудыратын сұйытылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналарда және бөшкелерде құжаттық деректерін түсіргеннен кейін таңбаланған жерлеріне коррозияға қарсы түссіз лак жүргізіледі.

333. Цистерналардың рамаларына келесі құжаттық деректері бар металды таяқша бекітіледі:

1) дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

2) номері;

3) дайындалған жылы;

4) цистернаның бос күйіндегі қозғалатын бөлігімен бірге салмағы (т);

5) цистернаның тіркеу номері (цистернаны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркегеннен кейін оның иесімен түсіріледі);

6) кезекті куәландырудың уақыты.

334. Цистерналар мен бөшкелерді бояу, сондай-ақ оларға жолақтар және жазбаларды түсіру жаңа цистерналар мен бөшкелердің дайындаушысымен, ал пайдаланудағы цистерналар мен бөшкелер үшін-толтырушымен мемлекеттік стандарттарға, дайындаудың НҚ сәйкес жүргізіледі.

Пайдаланудағы пропан-бутанды және пентанды теміржол цистерналарын бояу және жолақтары мен жазбаларды түсіру цистерналардың иесімен жүргізіледі.

335. Цистерналар жабдықталады:

1) ортаны құйып алуға арналған сифонды түтіктері бар вентилдермен;

2) цистернаның жоғары бөлігінен буларды шығаруға арналған вентилмен;

3) серіппелі сақтандыру клапанымен;

4) манометрді жалғауға арналған штуцермен;

5) сұйық деңгейінің көрсеткішімен.

336. Цистернада орнатылған сақтандыру клапаны цистернаның газды фазасымен жалғанады және клапан ашылған жағдайда газды шығаруға арналған саңылаулары бар қалпағы болады. Қалпақтағы саңылаулардың алаңы-сақтандыру клапанының жұмыстық қима алаңының бір жарым бөлігінен кем емес.

337. Сұйытылған газға арналған цистерна мен бөшкенің әрбір құятын және түсіретін вентилі бұқтырмамен жабдықталады.

338. Хлор және фосгенге арналған бөшкелерден басқа, әрбір бөшкеде түптердің бірінде ортаны толтыруға және құйып алуға арналған вентиль орнатылады. Вентилді бөшкенің ойыс түбінде орнатқан кезде ол қалпақпен жабылады, ал дөңес түпте орнатқан кезде қалпақтан өзге қапсыратын таспаны (белдемшені) орнату міндетті.

Хлор және фосгенге арналған бөшкелерде сифондармен жабдықталған толтыратын және құйып алатын вентилдер орнатылады.

339. Ыстық газдарды құйып алуға арналған вентилдердің бүйіріндегі штуцерлерде сол жағындағы ойық бұрандасы болады.

340. МСТ 12.1.007 бойынша қауіптіліктің 1 және 2 тобындағы жарылыс қауіпті жанғыш заттарды, зиянды заттарды тасымалдауға арналған цистерналардың құбыржелісі үзілген кезде газдың шығуына жол бермейтін, құйып алатын сифонды түтіктердегі жылдамдық клапаны болады.

341. Сұйытылған оттегіне, азотқа және басқа да криогенді сұйықтарға арналған цистерналарға орнатылатын сақтандыру клапандарының өткізу қабілеті сұйықтардың есептік булануы мен цистернаны босатқан кездегі онда қысымды жасауға арналған құрылғының максималды өнімділігінің жиыны бойынша анықталады.

Есептік булану ретінде сұйық оттегінің, азоттың (криогенді сұйықтың) килограмдардағы мөлшері алынады, ол сыртқы ауа температурасы 50°С болған кезде цистернаның қоршаған ортадан алатын жылуының әсері арқылы бір сағаттың ішінде буланады.

Цистернаны босатқан кезде онда қысымды жасауға арналған құрылғының максималды өнімділігі ретінде газдың килограмдардағы мөлшері алынады, ол буландырғыш толық жүктемеде жұмыс істеп тұрғанда немесе қысымның басқа көзінен цистернаға бір сағаттың ішінде енгізіледі.

342. Толтыруды жүзеге асыратын ұйымдар және толтыру станциялары әкімшілікпен белгіленген үлгі бойынша толтыру журналын жүргізеді, онда көрсетілетіндер:

1) толтырудың уақыты;

2) цистерналар мен бөшкелердің дайындаушысының атауы;

3) цистерналар үшін зауыттық және тіркеу номері және бөшкелер үшін зауыттық номері;

4) толтыруды жүргізген тұлғаның қолы.

Толтыру станциясы цистерналар мен бөшкелерді әртүрлі газдармен толтырған кезде әкімшілік әр газ үшін жеке толтыру журналын жүргізеді.

343. Цистерналар мен бөшкелерді олар соны тасымалдауға және сақтауға арналған газбен ғана толтырады.

344. Цистерналар мен бөшкелерді газбен толтыру алдында, әкімшілікпен тағайындалған тұлға сыртқы бетін мұқият қарап тексереді, арматураның жарамдылығы мен саңылаусыз екенін, қалдық қысымның және цистернаның немесе бөшкенің мақсатына сәйкес газдың бар екенін тексереді. Цистерналар мен бөшкелерді қарап тексерудің нәтижелері және олардың толтырудың мүмкіндігі туралы қорытынды журналға жазылады.

345. Ақаулы цистерналар және бөшкелерді, сондай-ақ төмендегі жағдайлар орын алған кезде газбен толтыруға болмайды:

1) белгіленген куәландыру мерзімі аяқталғанда;

2) арматура және бақылау-өлшегіш аспаптары жоқ немесе жарамсыз болған кезде;

3) тиісті бояуы немесе жазбалары болмағанда;

4) цистерналарда немесе бөшкелерде олар соған арналған газдан басқа газ болғанда.

Тұтынушы цистерналарды, бөшкелерді босатып, оларда газдың 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) кем болмайтын артық қысымын қалдырады.

Буларының тығыздығы қысқы уақытта 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) төмен сұйытылған газдар үшін қалдық қысымы толтыруды жүзеге асыратын ұйымның өндірістік нұсқауымен белгіленеді.

346. Цистерналар мен бөшкелерді газдармен толтыру және босату белгіленген тәртіпте жасалған және бекітілген нұсқау бойынша жүргізіледі.

Цистерналар мен бөшкелерді сұйытылған газдармен толтыру 10-кестеде көрсетілген нормаларға сәйкес келеді.


10-кесте


Газдың атауы

Цистерна немесе бөшкенің сыйымдылығының 1 л-не газдың салмағы,

кг, көп емес



1 кг газға цистерна немесе бөшкенің сыйымдылығы,

л, кем емес



Азот

0,770

1,30

Аммиак

0,570

1,76

Бутан

0,488

2,05

Бутилен

0,526

1,90

Пропан

0,425

2,35

Пропилен

0,445

2,25

Фосген, хлор

1,250

0,80

Оттек

1,080

0,926

Осы кестеде көрсетілмеген газдар үшін толтыру нормасы шекті температурасы 50°С жоғары сұйытылған газдармен толтыру кезінде цистерналар мен бөшкелерде газды жастықтың көлемі жеткілікті, ал шекті температурасы 50°С төмен сұйытылған газдармен толтыру кезінде цистерналар мен бөшкелердегі 50°С температурадағы қысым олар үшін белгіленген жұмыстық қысымнан аспайтындай есеппен дайындаушы ұйымның нұсқауларымен белгіленеді.

Сақтау және тасымалдау кезінде толтырылған бөшкелер күн сәулесі мен жергілікті қызудырудың әсерінен қорғалады.

347. Цистерналар мен бөшкелерді сұйытылған газдармен толтыру көлемі өлшеумен немесе бақылаудың басқа сенімді тәсілімен анықталады.

348. Егер цистерналар мен бөшкелерді толтыру кезінде газдың шығуы анықталса, толтыру тоқтатылады, цистерналар мен бөшкелер газдан босатылады; толтыру тек бар ақауларды түзеткеннен кейін ғана қалпына келтіріледі.

349. Цистерналар мен бөшкелерді газбен толтырудан кейін вентилдердің бүйіріндегі штуцерлерге бұқтырмалар орнатылады, ал цистерналардың арматурасы сақтандыру қалпағымен жабылып, мөрлеп бекітіледі.

350. Цистерналар мен бөшкелерді тасымалдау қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкес жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет