4-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және:
нарық құнының өзгеруіне байланысты ислам бағалы қағаздары кезекті төлем күніне дейін қалған мерзімге тәуелді уақыт интервалдары бойынша бөлінеді;
нарық құнының өзгеруіне байланысты ислам бағалы қағаздары кірістілік ставкасын қайта қараған күнге дейін қалған мерзімге тәуелді уақыт интервалдары бойынша бөлінеді;
орындалу мерзімі екі уақыт интервалдар шекарасында тұрған ислам бағалы қағаздары мейлінше ерте уақыт интервалына бөлінеді;
3) әрбір уақыт интервалының ішінде барлық ұзын және қысқа ашық позициялар жинақталады;
4) әрбір уақыт интервалы бойынша жиынтықты ұзын және жиынтықты қысқа позициялар уақыт интервалына сәйкес келетін коэффициент бойынша мөлшерленеді;
5) ашық сараланған және жабық сараланған позициялар әрбір уақыт интервалы бойынша анықталады.
Әрбір уақыт интервалының сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептеуге алынады.
Толық өзара есептесуге алынуы тиіс әрбір уақыт интервалының сараланған ұзын немесе қысқа позицияларының сомасы уақыт интервалының жабық сараланған позициясын білдіреді. Өзара есептесуге алынуы жатпайтын немесе өзара есептесуге алынбай қалған сараланған ұзын және қысқа позициялар бөлігі уақыт интервалының сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып жиынтықталады.
Уақыт интервалдары мына аймақтар бойынша топталады:
1-аймақта бір жылдан кем төрт уақыт интервалы болады, оның ішінде 1 айдан кем емес, 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін;
2-аймақта бір жылдан 4 жылға дейін үш уақыт интервалы болады, оның ішінде 1 жылдан 2 жылға дейін, 2 жылдан 3 жылға дейін, 3 жылдан 4 жылға дейін;
3-аймақта 4 жылдан асатын алты уақыт интервалы болады, оның ішінде 4 жылдан 5 жылға дейін, 5 жылдан 7 жылға дейін, 7 жылдан 10 жылға дейін, 10 жылдан 15 жылға дейін, 20 жылдан астам.
Әрбір аймақтың уақыт интервалдары бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге жатқызылады. Толық өзара есептесуге жатқызылатын әрбір аймақтағы түрлі уақыт интервалдары бойынша ұзын және қысқа позициялардың бөлігінің сомасы аймақтың жабық сараланған позициясын білдіреді.
Өзара есептесуге жатқызылмайтын немесе өзара есептелмей қалған әрбір аймақтағы әр түрлі уақыт интервалдарының сараланған ұзын және қысқа позицияларының бөлігі әрбір аймақтың сараланған ұзын және қысқа позициясын жасай отырып, жинақталады;
6) аймақтар арасындағы сараланған ашық және жабық позициялар анықталады.
1-аймақтың ашық ұзын (қысқа) сараланған позициясы 2-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен есептелінеді.
Толық өзара есептесуге жататын 1 және 2-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөліктері мөлшерлерінің сомасы 1 және 2-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позицияны білдіреді.
2-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелінеді.
Толық өзара есептесуге жататын 2 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөліктері мөлшерлерінің сомасы 2 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позицияны білдіреді.
1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелінеді.
Толық өзара есептесуге жататын 1 және 3-аймақтардың сараланған ұзын немесе қысқа позициялар бөлігі мөлшерлерінің сомасы 1 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын білдіреді.
Аймақтар арасындағы өзара есептесуден кейін қалған ашық сараланған позициялар қалған ашық сараланған позицияны жасай отырып, жиынтықталады.
Исламдық бағалы қағаздар бойынша жалпы нарықтық тәуекел есебі осы Нұқсаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Шетелдік валюталардың айырбас бағамының (қымбат металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтердің, шартты және ықтимал талап етулер бойынша тәуекел есебі мына сомалардың бірі мейлінше мәнді болатын 0,12-ге тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады) валюталық тәуекел коэффициентін жасайтынын білдіреді:
әрбір шетелдік валюта (абсолюттік мәнде) бойынша ашық қысқа позициялар және қымбат металдар (абсолюттік мәнде) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) қысқа позициялар;
әрбір шетелдік валюта (абсолюттік мәнде) бойынша ашық қысқа позициялар және қымбат металдар (абсолюттік мәнде) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) ұзақ позициялар.
Әрбір шетелдік валюта бойынша ашық валюталық позиция осы Нұсқаулықтың 46-тармағына сәйкес есептеледі.
21. Әрбір шетелдік валюта (қымбат метал) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция есебіне активтердің, міндеттемелердің, шартты және ықтимал талап етулер мен шетел валютасы (қымбат метал) бойынша көрсетілген немесе белгіленген міндеттемелер енгізіледі, оның ішінде:
шетел валютасымен (қымбат метал) көрсетілген (белгіленген) активтер мен міндеттемелердің нарықтық (әділ) құны арасындағы айырма;
форвард немесе фьючерс және опцион операциялары бойынша алынатын және төленетін шетел валютасының (қымбат метал) мөлшерлері арасындағы айырма;
шетел валютасымен көрсетіліп (белгіленіп) алынған және берілген кепілдіктер арасындағы айырма.
Аталған айырмалардың оң мәндері шетел валютасы (қымбат метал) бойынша ашық ұзын позицияларды, ашық теріс мәндер - шетел валютасы (қымбат метал) бойынша қысқа позицияларды көрсетеді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Шетел валюталарының (бағалы металдардың нарықтық құны) айырбас бағамының өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер ашық валюталық позиция есебіне «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) (бұдан әрі - № 296 қаулысы) талаптарына сәйкес құрылған провизиялар шегеріле отырып енгізіледі.
23. Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық қорлар бойынша тәуекел банктің тауар-материалдық қорлардағы лизинг (жалға алу) шартымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру мақсатында мүлік лизингі (жалдау) туралы шартты немесе коммерциялық кредитті ұсыну арқылы сауда делдалы есебінде сауда-саттық қызметін қаржыландыру мақсатында коммерциялық кредит туралы шартқа сәйкес қайта сатуға арналған бағалы металдарды (шетелдік валютаның айырбас бағамының өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар және міндеттемелер бойынша тәуекелдің есебіне енгізілетін алтын және күмісті алып тастағандағы) қоса алғандағы активтерді ұстау барысында туындайды.
24. Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық тәуекелдің шамасы әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша былай есептеледі:
1) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша ұзын және қысқа позициялар болып барлық ұзақ және қысқа позицияларды жинақтау арқылы есептелінеді;
2) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша таза позиция тиісінше тауар (тауарлық топ) бойынша ұзын және қысқа позициялар арасындағы айырма ретінде есептеледі;
3) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша брутто-позиция тиісінше тауар (тауарлық топ) бойынша ұзын және қысқа позициялар сомасы ретінде позиция белгісін ескерместен есептеледі.
Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық тәуекелдің шамасы әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша тауар-материалдық тәуекелдің шамасының сомасына тең. Әрбір тауар бойынша тауар-материалдық тәуекелдің шамасы мынадай мәндер сомасына тең:
әрбір тауар бойынша таза позиция шамасының 15 пайызынан;
әрбір тауар бойынша брутто-позиция шамасының 3 пайызынан.
25. Банк үшін валюталық тәуекел болатын тауар позициясын қаржыландыру, сондай-ақ капиталды есептеу пәні болып табылады және капиталға қойылатын талап валюталық тәуекелге сәйкес анықталады.
26. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа мөлшерін құрайтын 0,12-ге тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады) операциялық тәуекел коэффициентін 8,3-ке тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін 10 коэффициенті пайдаланылады) көрсету коэффициенті бойынша жасалатын болып есептеледі.
Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасы жыл саны бойынша банктің таза кіріс алған жыл саны бойынша соңғы үш жылдағы жылдық жалпы кіріс сомасына қатынасы бойынша есептеледі.
Жаңадан құрылған банктер үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі және жылдық жалпы кірістің орташа шамасы өткен жылдардың санын негізге ала отырып есептеледі.
Жылдық жалпы кіріс былайша анықталады:
салық салынғанға дейінгі жылдық таза кіріс сомасы, провизияларды (резервтерді) қалыптастыруға арналған қаржыны бөлудің жылдық мөлшері және жұмсалған төтенше шығыстар мөлшері;
банктің төтенше кірістерін алып тастау.
27. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражатқа банк кепілдік бермейді және мұндай зияндар банктің кінәсі бойынша туындаған жағдайды қоспағанда, инвестициялардан шегілген кез келген зиянды инвестициялық депозиттерді ұстаушылар көтереді. Мұндай активтер бойынша коммерциялық тәуекел банк үшін нормативтік капиталды құруды талап етпейді. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленетін активтер есебінен алынып тасталады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Бір қарыз алушыға арналған ең жоғары тәуекел мөлшері
28. «Бір заемшы» терминін осы Нұсқаулықтың 32-тармағында көрсетілген, банктің талап етуі бар немесе талаптары болуы мүмкін әрбір жеке және заңды тұлға деп түсіну керек.
Екі немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшері егер заемшылардың әрқайсысының тәуекел мөлшері банктің меншікті капиталының 0,05 пайызынан асатын болса, бір заемшы үшін жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бірі болған кезде есептеледі:
1) заемшылардың бірі ірі қатысушы (акционерлік қоғамдағы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі немесе қосымша жауапкершілікті серіктестіктегі ірі қатысушы; коммандиттік серіктестіктегі толық жолдас; толық серіктестікке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан ағасы-інісі немесе апа-сіңлісі, атасы, әжесі, немересі), ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы, басқа заемшының бірінші басшысы, не басқа заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға;
2) ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірінің бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға - ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылады;
3) ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірінің бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға - ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылады не ірі қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ері/зайыбының, ері/зайыбының жақын туысының немесе басқа заемшының бірінші басшысының не басқа заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлғаның мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылады;
4) заемшылардың бірі банктен заемға алған ақшасын басқаға пайдалануға заемшының меншікті капиталынан асатын мөлшермен бергендігін растайтын жеткілікті негіздеме бар болса;
5) заемшылар банктің заемшысы болып табылмайтын сол бір ғана үшінші тұлғаға пайдалануға осы заемшылардың жиынтықты меншікті капиталынан асатын мөлшердегі банктен алынған заемды бірлесіп немесе жекелей бергендігін растайтын жеткілікті негіздеме бар болса;
6) заемшылар бір-бірімен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бірінің (Қазақстан Республикасының банктерінен басқа) ортақ не басқа заемшының міндеттемелері бойынша оның активтерінің он пайызынан асатын сомада субсидиарлық жауапкершілігі бар болса;
7) бір заемшының лауазымды тұлғасы банктің басқа заемшыларының қызметіне қаржылық жағынан мүдделі болса;
8) заемшылар бір-бірімен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгілері бар өзге құжат арқылы байланысса;
9) заемшылар:
мынадай мемлекеттердің аумағында: Андорра Князьдігінде, Лихтенштейн Князьдігінде, Либерия Республикасында, Монако Князьдігінде, Маршалл аралдарында (Маршалл аралдары Республикасында) тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады;
Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған, оффшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалары немесе олардың азаматтары болып табылады;
осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары болып табылатын немесе тіркелген ірі қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бірінші басшылары не осы заемшылармен мәміле жасауға мүдделі тұлғалары бар;
10) заемшылар өзара бір-бірімен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негіздемелер бойынша байланысса;
11) заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесінің және қатысушылар үлесінің кепілдіктерін қосқандағы жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі тапсырыс берушінің жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшері жеке тұлғалардың - қатысушылар үлесі кепілдіктерінің және/немесе салынып жатқан объектінің құрылысына қатысушылар үлесінің - жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшін осы тармақтың 1)-10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерінің жиынтық есебіне қабылданбауы тиіс.
29. Егер мемлекет (уәкілетті орган атынан) екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың ірі қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшері жиынтықты түрде алғанда егер басқа ірі қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшері ретінде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 28-тармағында белгіленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдің мөлшері бір заемшыға арналған тәуекелдің жиынтығы ретінде есептелмейді.
30. Заемшылар тобын тану бойынша осы Нұсқаулықтың 28-тармағының талаптары мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлем жасауға берілген заңды тұлғаларға таралмайды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы көрсетілген ұйымдардың дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тура (банктер бойынша - жанама) иелену нәтижесінде аффилиирленген болып танылатын екі және одан астам ұйым (оның ішінде банктер), айрықша қатынастармен банкпен байланысты бір заемшы және (немесе) тұлға есебінде танылмайды.
Көрсетілген ұйымдардың бірімен аффилиирленген немесе көрсетілген банктердің бірімен айрықша қатынастармен байланысты заңды және (немесе) жеке тұлғалар, сондай-ақ басқа ұйымның аффилиирленген тұлғалары немесе көрсетілген банктердің бірімен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалары бір заемшы болып танылмайды.
31. Банктің екі және одан көп еншілес ұйымдарынан тұратын тобы мынадай жағдайларда заемшылар тобы деп танылмайды, егер:
олар банкта ірі қатысу арқылы банктің жарғылық капиталымен байланысты болса;
банктің лауазымды тұлғалары осындай еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылса.
32. Бір заемшыға тәуекел мөлшері (Р) банктің барлық талаптарының сомасы ретінде есептеледі (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларын қоспағандағы);
инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер түріндегі заемшыға қойылатын талаптарды шегергендегі;
заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегере отырып, мына түрдегі:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкіміне ұсынылған салымдар;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдемелері;
«Standard & Poor’s» агенттігінің «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар басқа банктердің кепілдемелері.
Бір заемшының тәуекелі есебіне мыналар енгізілмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қойылатын талаптар және «Standard & Poor’s» агенттігінің «ВВВ»-ден төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің ашық корреспонденттік шоттарына қойылатын талаптар.
33. Банктің меншікті капиталының міндеттемелері бойынша бір заемшы үшін банк тәуекелінің мөлшеріне қатысы мынадан аспауы тиіс:
банкпен айрықша қатынастармен (k3.1) байланысты тұлғалар болып табылатын заемшылар үшін - 0,10. Банкпен айрықша қатынастармен байланысты заемшылар үшін тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс;
басқа заемшылар үшін (k3) - 0,25 (оның ішінде заемшы алдындағы қамтамасыз етілмеген шартты міндеттеменің бланктік заемдары бойынша 0,10-нан астам емес не заемшыға банктің ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде талап етуі мүмкін үшінші тұлғаның пайдасына, сондай-ақ «Standard & Poor’s» агенттігінің немесе одан басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осы деңгейдегі рейтингінің Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір тармағынан төмен болмайтын және «Standard & Poor’s» агенттігінің «А» рейтингінен төмен емес немесе одан басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еместерінің міндеттемелері бойынша).
Бір заемшыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы, олардың әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 пайызынан асатын болған кезде, онда банктің меншікті капиталының мөлшерінен бес еседен астам болмауы тиіс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34. Банктің қарыз алушыға қойылатын талаптардың жалпы көлемі олар пайда болған күні Нұсқаулықта белгіленген шектеулер шегінде болған, бірақ салдарынан соңғы үш ай ішінде банктің меншікті капиталының деңгейі бес пайыздан аспайтындай төмендеуіне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай ішінде қарыз алушыға қойылатын талаптар он пайыз деп көрсетілген теңгенің шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктің қарыз алушыға қоятын талаптарының өсуіне байланысты бір қарыз алушыға арналған тәуекел нормативінің ең жоғары мөлшері орындалды деп есептеледі.
Көрсетілген жағдайларда банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетін (бұдан әрі - уәкілетті орган) дереу хабардар етеді және ағымдағы және одан кейінгі айларда асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға арналған ең жоғары тәуекел мөлшері нормативінің асып кетуі аталған асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 35-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35. Егер банктің қарыз алушысы банк алдындағы міндеттемелер туындаған сәтте банкпен айрықша қатынасы бар тұлға болып табылмаса, бірақ салдарынан сондай тұлға болып табылса, онда осы қарыз алушыға арналған тәуекелдің Нұсқаулықтың 33-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшері асып кеткен жағдайда көрсетілген асып кету мынадай талаптарға сәйкес келу шартымен:
банк қарыз алушының қосымша қамтамасыз етуді ұсыну немесе банк талаптарының бір бөлігін норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейін орындау мүмкіндігін растай және осы бұзушылықты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде жою жөнінде міндеттемелер қабылдай отырып, осы асып кету туралы уәкілетті органды дереу хабарландырған;
№ 296 қаулының талаптарына сәйкес қарыз алушының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен бағаланбаған жағдайда тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды.
.36. Осы Нұсқаулықтың 35-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар міндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретінде қаралмай, соңынан сондай болған жағдайларда қолданылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өтімділік коэффициенттері
37. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:
k 4 банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті;
k 4-1, k 4-2 және k 4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;
k 4-4, k 4-5 және k 4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.
Ағымдағы өтімділік, мерзімді өтімділік және мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:
k 4 - 1;
k 4-1 - 1;
k 4-2 - 0,9;
k 4-3 - 0,8;
k 4-4 - 1;
k 4-5 - 0,9;
k 4-6 - 0,8.
38. Банктің k4 ағымдағы өтiмдiлiк коэффициентi талап етілгенге дейінгі міндеттемелердің орташа айлық мөлшеріне банктің орташа айлық жоғары өтімді активтерінің қатынасы ретінде есептеледi.
k4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң, қатынасы ретiнде есептеледi.
39. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
40. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері «Standard & Рооr's» агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» валютасы бойынша есептеледі, оларда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдыңғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінің 1 пайызынан кем еместі құрайды.
«Standard & Рооr's» агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдыңғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінің 1 пайызынан кем еместі құрайды.
41. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:
1) қолма-қол ақша;
2) тазартылған қымбат металдар;
3) ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг, заңды тұлғалар - оригинатормен құрылған ислам арнайы қаржы компаниясымен шығарылған ислам бағалы қағаздары, оның дауыс беруші акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;
4) Қазақстан Республикасының банктеріндегі және «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап етілгенге дейінгі салымдар;
5) Қазақстан Республикасының банктерінде және «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
6) «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсіз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң ислам бағалы қағаздары;
7) «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингi бар немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шетел эмитенттерінің ислам бағалы қағаздары.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпалық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.31.01. № 8 Қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 42-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42. Өтімді активтер есебіне жоғары өтімді активтерді қоса алғанда, барлық қаржылық активтер № 296 қаулыға сәйкес арнайы қалыптасқан провизиялар, оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйым ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместеріне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптар шегеріле отырып енгізіледі. Қарыздар қарыз шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгізіледі.
Нұсқаулықтың 41-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, жоғары өтімді активтер есебіне енгізілмейтін бағалы қағаздар осы бағалы қағаздардың міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелерді қамтамасыз етуі болып табылуы шартымен өтімді активтер есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейінгі мерзімде бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі осы бағалы қағаздар болып табылатын міндеттемелерді өтеуге дейінгі мерзім алынады.
43. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдары және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
44. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң (теріс) түзетудің шоттары енгізіледі.
45. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi болған жағдайда, орташа айлық негiзде анықталатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ашық валюталық позиция лимиттері
46. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктiң талап етулерінiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерінiң) шегiнен асып кетуi.
Ұзын валюталық позиция - бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - бұл мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының өзгеруiмен белгiленетiн, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) (тазартылған қымбат металдардың құны) енгiзiледi.
Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер, шартты және ықтимал шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 47-тармағымен белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
Жеке шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) (тазартылған қымбат металдарға) валюталарының есебi кезiнде бірiншi кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарындағы әрбір шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металл) бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктiк мiндеттемесi бойынша шоттары есептеледi. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша шоттар сальдосы анықталады. Мiндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талап етулер (мiндеттемелер) шегi асып кеткендiгiн көрсеткен сальдо өзара жинақталады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасындағы (тазартылған қымбат метал) ашық позициясының мөлшерiн және түрiн анықтайды.
Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) және барлық шетелдік валюталар бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
Шетел валютасымен көрсетiлген талап етулер және мiндеттемелер осы талап етулер және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюта позициясы есебiне енгiзiледi.
Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын, болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
Активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция жөніндегі валюталық позицияларды есептеу осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Шетел және ұлттық валютадағы активтер мен міндеттемелер мерзімдерін салыстыру осы Нұсқаулықтың 8 және 9-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
47. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
1) «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «А»-дан төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы және «Еуро» валютасы бойынша, сондай-ақ банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 пайызынан аспайтын мөлшердегi тазартылған қымбат метал бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «А»-дан төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтингтік агенттiктердiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 пайызынан аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
3) банктiң меншiктi капиталы шамасының 25 пайызынан аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
48. Ашық валюталық позицияның лимиттерi кез келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде, содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позиция лимиттерi осы Нұсқаулықтың 47-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 пайыздық тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жеке алынған шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 пайыздық шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимитiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Банктің негізгі құрал-жабдықтарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті
49. Банктiң негiзгi қаражаттағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-дан аспауы тиiс.
Негізгі қаражатқа және басқа қаржылық емес активтерге банк инвестициясының барынша жоғары мөлшері коэффициентiнің есебіне сауда делдалы есебінде сауда қызметін қаржыландыру аясында сатып алынған негізгі қаражатқа банк инвестициялары енгізілмейді.
50. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:
1) жер, үй және ғимарат;
2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;
3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;
4) компьютерлiк жабдықтар;
5) көлiк құрал-жабдықтары;
6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;
7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;
8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;
9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 Халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
10) басқа да материалдық қорлар;
11) күрделi салымдар бойынша дебиторлық берешек.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Банктердің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыруы
51. Қазақстан Республикасы резидент еместері алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы k7, k8 және k9 коэффициенттерімен сипатталады.
k7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасы резидент еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына
қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, кредитордың міндеттемелерді мерзімнен бұрын өтеуді талап ету сөзсіз құқығымен, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімдік және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімдік және шартты депозиттері.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алынып тасталады:
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары - коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар - коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар - коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының
Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру
және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкін құру туралы 2006 жылғы 12 қаңтардағы Келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер.
52. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі бағалы қағаздар (акцияларды қоспағандағы);
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банктің Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банк алдындағы алынған заемдар бойынша міндеттемелері.
53. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасына және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған бағалы қағаздарды, акцияларды қоспағанда, айналысқа шығарған бағалы қағаздарға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі бағалы қағаздар (акцияларды қоспағандағы);
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банктің Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банк алдындағы алынған заемдар бойынша міндеттемелері.
54. k8 коэффицентінің барынша жоғары мәні 2-ден аспайды.
k9 коэффицентінің барынша жоғары мәні 4-тен аспайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 8-тараумен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициент
55. Банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің орташа айлық шамасының реттелген борыштың орташа айлық шамасының, мерзімсіз қаржы құралдарының орташа айлық шамасының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамасының және ішкі міндеттемелердің орташа айлық шамасының сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады. Коэффициент үтірден кейін үш таңбамен беріледі.
56. Банктің ішкі активтері Қазақстан Республикасының резиденттеріне талаптарды (салымдарға орналастырылған ақша, берілген қарыздар, борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді.
Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы реттелген борышты қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі борыштық бағалы қағаздарды және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын білдіреді.
57. Банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың орташа айлық шамалары, реттелген борышының, мерзімсіз қаржы құралдарының және банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың жалпы сомасының, мерзімі өткен берешек, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйақылар, оң (теріс) түзетулер ескеріле отырып, банктің ішкі активтерінің, ішкі міндеттемелерінің тиісті есепті айдың жұмыс күндерінің санына қатынасы ретінде есептеледі.
Ішкі активтердің орташа айлық шамалары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап № 296 қаулыға сәйкес қалыптасқан провизиялар (резервтер) ескеріле отырып есептеледі.
Ислам банктеріне арналған
пруденциалдық нормативтер,
олардың нормативтік мәндері
және есептеу әдістемесі туралы
нұсқаулықтың 1-қосымшасы
Достарыңызбен бөлісу: |