Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы



бет1/6
Дата01.07.2016
өлшемі445 Kb.
#171501
  1   2   3   4   5   6
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 13.09.2012 15:11:31
Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 Қаулысы

(2012.28.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

 

 

Төрайым

Е. Бахмутова

 

Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының 2009 жылғы

27 наурыздағы № 66 қаулысымен

бекітілді

 

 



Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы

нұсқаулық

 

 



ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Осы Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) ислам банктері (бұдан әрі - банктер) үшін пруденциалдық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейді.

Пруденциалдық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:

банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;

меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;

бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;

өтімділік коэффициенті;

ашық валюталық позиция лимиттері;

банктің негізгі қаражатқа және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті;

банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру;

банк қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті.

 

 



ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5049 тіркелген) белгіленген.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, сатып алудың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуына алып келмеуі шартымен сатып алады.

 

 



ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі капитал сомасы (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшермен енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.

Банк инвестициясы банктің заңды тұлғалардың акциясына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне) салымын, банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына және (немесе) әріптестік талабымен қатысу арқылы өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру арқылы банк сатып алған акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлесін қоспағандағы, заңды тұлға акциясына салымын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) білдіреді.

Нұсқаулықтың мақсаты үшін «Standard & Poor's» агенттігінің рейтингтік бағасымен қатар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі - басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингілік бағаларын таниды.

4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:



сатып алынған меншікті акцияларды шегергендегі төленген жарғы капиталы;

қосымша капитал;

өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);

мыналарды алып тастағанда:

1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары комитетінің Басқармасы бекіткен 38 «Материалдық емес активтер» тиісті Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктің негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;

өткен жылдардың шығындары.

5. Екінші деңгейдегі капитал мына жағдайда сома ретінде есептеледі:



ағымдағы жыл кірістерінің мөлшері ағымдағы жыл шығыстары мөлшерінен асып кеткен жағдайда;

ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кірістерінің мөлшерінен асып кеткен жағдайда;

негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшері;

кастодиан шартының талаптары негізінде қабылданған, инвестицияланбаған қаражат қалдықтарын шегергендегі тәуекелді ескеріп, мөлшерленген активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшері.

6. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:



1) бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестициясын шегергендегі және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған банк инвестициясының сомасына кемітілген банк активтерінің мөлшеріне және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне (k1-1) енгізілген бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасымен;

2) бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасына бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған және меншікті капиталдың есебіне екінші деңгейдегі капитал бөлігіне мына сомада енгізілетін банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасымен:

екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелермен;

нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелермен;

операциялық тәуекелмен;

мыналарды шегергендегі:

инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k1-2);

3) меншікті капиталдың мына сомаға қатынасы:

екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;

нарықтық тәуекелді ескере отырып, есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;

операциялық тәуекел;

мыналарды шегергенде:

инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k2);

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.03. № 49 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:

k 1-1 0,06-дан кем еместі құрайды;

k 1-2 0,06-дан кем еместі құрайды;

2011 жылғы 1 шілдеден бастап, банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k 1-2 0,09-дан кем еместі құрайды.

Қатысушысы банк холдингі не бас банк болып табылатын, рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингіне ие, тізбесі және барынша төмен талап етілетін рейтингі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) (бұдан әрі - № 55 қаулы) белгіленген банк үшін, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 17-2-бабымен белгіленген тәртіппен акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметімен не ұлттық басқарушы холдингпен сатып алынатын банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні мынаны құрайды:



k 1-1 0,05-дан кем еместі құрайды;

k 1-2 0,05-дан кем еместі құрайды;

2011 жылғы 1 шілдеден бастап, банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k 1-2 0,08-ден кем еместі құрайды.

8. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 0,12-ден кем еместі құрайды.



Қатысушысы банк холдингі не бас банк болып табылатын, рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингіне ие, тізбесі және барынша төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген банк үшін, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 17-2-бабымен белгіленген тәртіппен акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметімен не ұлттық басқарушы холдингпен сатып алынатын банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 0,10-нан кем еместі құрайды.

Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жүргізіледі.



Тәуекел деңгейі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында олар бойынша құрылған арнаулы резервтер (провизиялар) сомасына кемиді.

Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агенттің тиісті санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сай есептелген шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасын тудырушы ретінде анықталады.

Нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтерді, шартты және ықтимал талаптарды және міндеттемелерді есептеу осы Нұсқаулықтың 9-19-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

Операциялық тәуекелді есептеу осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес жүргізіледі.

9. Нарықтық тәуекелді (валютаның айырбас бағамдарын және бағалы металлдардың бағамдарының өзгеруімен байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) ескергендегі активтердің, шарттың және ықтимал талап етулердің және міндеттемелердің есебіне банктердің нарықтық немесе әділ құн бойынша (бұдан әрі - нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары) ескерілген аталған кезеңдегі сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырма бойынша кіріс алу үшін сатып алынған жылдан кейінгі 3 жыл ішінде сату мақсатында сатып алынған активтері, шартты және ықтимал талап етулері және міндеттемелері және мына талаптардың кез келгеніне сәйкес келген жағдайда енгізіледі.

10. Нарықтық тәуекелді ескергендегі активтер, шартты және ықтимал талап етулер және міндеттемелер 8,3-ке тең көрсету коэффициентін (қатысушысы банктік холдинг болып табылатын банк үшін 10-ға тең коэффициент пайдаланылады) туындысы ретінде мына сомада есептейді:



нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелмен;

валюталардың айырбас бағамдарының және қымбат металдардың бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;

нарықтық құнның өзгеруімен байланысты тауар-материалдық қорлар бойынша тәуекел.

11. Сату мақсатында иеленген акциялардың, ислам бағалы қағаздарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелмен есептесу акцияға айрықша тәуекел мен акцияға жалпы тәуекел сомасын білдіреді.



Акцияға айрықша тәуекел мен акцияға жалпы тәуекел есебіне нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар мынадай қаржы құралдары енгізіледі:

акциялар (артықшылық берілген акцияларды қоспағанда);

ислам бағалы қағаздары;

осы тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарға индекс.

12. Айрықша тәуекел және жалпы тәуекел есебi Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары танып отырған сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде сатылатын акциялар индексiмен немесе акциялардың нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде анықталады.



Белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары сомасының арасындағы айырманы, оның iшiнде белгiлi акцияларды сатуды немесе акциялардың белгiлi бір индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыруды талап етiп отырған және белгiлi бір акцияларға немесе акциялардың белгiлi бір индекстерiне нарықтық бағаның өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сомасын, оның iшiнде белгiлi бір акцияларды сатуға немесе акциялардың белгiлi бір индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiнде өзiне мiндеттеме алуды бiлдiредi.

13. Акциялардың нарықтық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша айрықша тәуекел 0,12-ге тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 0,10 коэффициентi пайдаланылады) айрықша тәуекел коэффициентi бойынша сараланған аталған қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын және қысқа) позициялар сомасын көрсетеді.

14. Жалпы тәуекел белгiлi бір акциялар немесе акциялардың белгiлi бір индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициясы мен қысқа позициясы арасындағы айырмасы 0,12-ге тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 0,10 коэффициентi пайдаланылады) жалпы тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi.

15. Банктің сауда портфелінде ислам бағалы қағаздары бар болса, нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел есебі айрықша тәуекел және жалпы тәуекел сомасын білдіреді.

16. Ислам бағалы қағаздары бойынша айрықша тәуекел осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес айрықша тәуекел коэффициенттері бойынша мөлшерленген нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар ашық позициялар сомасын білдіреді.

17. Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар ислам бағалы қағаздары бойынша ашық позициялар айрықша тәуекелдің коэффициенттері бойынша мынадай тәртіппен сараланады:



1) 0 пайыздық коэффициент бойынша - ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг - оригинатормен құрылған ислам бағалы қағаздары түріндегі нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары, тәуелсіз рейтингі «Standard & Poor’s» агенттігінің «АА-» рейтингінен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінен төмен емес шет мемлекеттердің орталық банктері және орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар ислам бағалы қағаздары;

2) 0,25 пайыздық коэффициент бойынша - заңды тұлға-оригинатор құрған, ислам арнайы қаржы компаниясымен 6 айдан кем емес нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары, тәуелсіз рейтингі «Standard & Poor’s» агенттігінің «А+»-дан «ВВВ-»-ке дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінен төмен емес рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері және орталық банктері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар ислам бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған ислам бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тізіміне енгізілген және халықаралық қор биржалары таныған, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген сауда-саттықты ұйымдастырушыларының тізіміне енгізілген ислам бағалы қағаздар;

3) 1 пайыздық коэффициент бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар, өтеу мерзімі 6 айдан 24 айға дейінгі қаржы құралдары;

4) 1,6 пайыздық коэффициент бойынша - осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар, өтеу мерзімі 24 айдан асатын қаржы құралдары;

5) 8 пайыздық коэффициент бойынша - осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағандағы нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары.

18. Ислам бағалы қағаздары бойынша жалпы нарықтық тәуекел мынадай соманы көрсетеді:



әр уақыт интервалындағы сараланған жабық позиция сомасының 10 пайызы;

1-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 пайызы;

2-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 30 пайызы;

3-аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 30 пайызы;

1 және 2-аймақтар аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 пайызы;

2 және 3-аймақтар аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 пайызы;

1 және 3-аймақтар аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 100 пайызы;

қалған ашық сараланған позиция мөлшерінің 100 пайызы.

19. Сараланған позициялар мынадай тәртіппен есептеледі:



1) нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты ислам бағалы қағаздары бойынша ашық позиция мөлшерін айқындау;

2) уақыт интервалдары бойынша ашық позицияларды бөлу осы Нұсқаулықтың



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет