Дәріс 7. Ибн-Синаның философиялық жүйесі
Сабақ мақсаты:
Ибн-Синаның философиялық жүйесін ашып көрсету
Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: Ибн- Синаның негізгі теорияларын ашып көрсету
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу
Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:
Ибн-Синаның негізгі концепциялары
Ибн-Синаның ислам әлеміне қосқан үлесі
Ибн-Синаның құдай туралы көзқарастары
Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 бе
Ибн Сина мектебі: Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхтан, Нух ибн Мансурның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді».
Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі - Бұхара көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылмандық медресеге орналастырады. Хусейн хатиб Убайданың ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдуллаһ Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геогметрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын.
Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны суреттейді: «Ол осыған ұқсас нәрсені естімеген, сондай талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып, менің ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма кеңес берді. Эвклид кітабымен де солай болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім. Натилидің мені оқытуға шамасы жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы уақытқа дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді».
Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. «Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, - өмірбаянында осылай айтылды, оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім».
Ортағасырлық мұсылман-түркі дәрігері әрі философы Әбу Али ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» еңбектері өте құнды. Бұл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет қайта басылып шыққан.
Жас ибн Сина сол кездегі атақты дәрігер Әбу Сахлем Масихимен танысып, ғылыми хат жазысып тұрды, ортағасырлық Шығыстағы ғалым-энциклопедист Әбу Райхан Бирунимен де қақтығысып қалатын.
Он жеті жасқа қараған кезде, Ибн Сина дәрігер ретінде Бұхарада үлкен атаққа ие болып, Бұхарадағы әмір сарайына шақырылды. Нух ибн Мансур ұзақ уақыт бойы ауырды, оны емдеген сарай маңындағы дәрігерлер оған ешнәрсемен көмектесе алмады. Ибн Сина аз уақыт ішінде билеушіні емдеп шығарды, ол әмірдің жеке дәрігері болып сайланды, сарай кітапханасын пайдалануға рұқсат алды, ол Таяу Шығыстағы ең жақсы және бай кітапхана еді. Мүмкін, дәл сол Бұхара кітапханасында оның медицина бойынша қорытынды еңбегін жасау идеясы туындаған шығар. Бірақ ол кезде ғалымның ойлағанының бәрі орындала бермейтін.
900-ші жылдардың соңында Бұхара соңғы тыныш күндерін бастан өткізеді. Мемлекет жан-жаққа бөлініп, қарахандықтар, түрік көшпелі тайпалары астананы жаулап алды. Қала тоналып, кітапхана жанып кетті. 1002 жылы әкесі қайтыс болған соң, Ибн Сина Хорезмнің астанасы Гурганджыға (қазір Үргеніш) көшіп келеді. Жергілікті басқарушы шах сарайындағы Мамун Академиясына пікір таластыру үшін келген ғалымдарға жақтау көрсетті. Ибн Синаның соңынан Хорезмге Бируни мен Масихи келді. Біраз жыл ғалымдар тыныштық тауып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік алды.
Көрші Ғазна мемлекетінің сұлтаны Махмуд сұлтан Хорезмнің бай жерін басып алғысы келді, 1008 жылы ғалымдарды оның астанасына қоныс аударуын талап етті. Ибн Сина мен дәрігер Масихи сұлтанға барудан бас тартып, түнде қарақұм құмы арқылы қашып кетті. Аңыз бойынша үшінші күн жол жүріп келе жатқанда, дауылға тап болып, адасып, сусыз және тамақсыз қалады. Масихи шөл далада өледі. Ибн Сина оны көмеді де, өзі әзер дегенде құтылып шығады. Сұлтан Махмуд Ғазнауи барлық қалаларға Ибн Синаның сыртқы түрін суреттеп адамдар жібереді. Кімде-кім данышпан дәрігердің тұрақтаған жерін көрсетсе, үлкен сый алатын болды.
Сол кезден бастап Ибн Синаның өмірі Иранның түрлі қалаларында бітпес қаңғырумен өтті. Ғалым Хамаданда және Исфаханда өмір сүрді, онда ғылыми шығармашылықпен айналысты, нысана қызметімен шұғылданып, сондағы сұлтандардың сарай маңындағы дәрігері болды. Ибн Сина басынан өткізген жағдайлар қиын болды. Бірнеше рет қуғынға ұшырап, абақтыға жабылды. Үйін тонаған кезде, ғалымның көптеген еңбектері жоғалып кетті. Кейбір жұмыстарын ибн Сина ұзақ жол жүрген кезде, ат үстінде отырып жазды.
Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды. «Өлімнің түйінін анықтауға» талаптану, құпияны ашу, ауруды жеңіп шығу, адамдардың өмірін жеңілдету үшін, барлық мүмкін болатын нәрселерді жасау, ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабул-Қанун фи-т-Т ыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымының ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді.
«Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді.
Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді.
Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші болып оба, холера, сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды.
Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. ХІІ ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады.
ХҮ ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші басылымның бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты.
ХҮІІ ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның ережесі» студент-дәрігерлер үшін және Еуропада дәрігер үшін жетекші болуды, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды.
Орта Азияда және парсы жерінде өмір сүрген, түрлі әмірлер тұсында дәрігерлік және уәзірлік қызметтер атқарған ойшыл басты философиялық еңбектері — “Дауа кітабы” (“Құтқару кітабының” қысқаша мазмұндамалық нұсқасы), “Өсиеттер мен кеңестер кітабы”, “Білім кітабы” (парсы тілінде, “Даныш-намэ”). Әбу Али ибн Сина философиясы метафизика, гносеология және логика салалары бойынша шығыс аристотелизмі дәстүрін, бір жағынан неоплатонизмнің онтологиялық концепцияларын дамытады. Әбу Али ибн Сина пікірінше тек құдай ғана абсолютті тіршілікке ие, қалғандардың бәрі де өздігінше тек мүмкін нәрселер ғана, олардың болмысқа енуі тек құдайдың құдіретімен болатын жәйт. Әйтсе де құдай жаратқан табиғат уақыт пен кеңістік ішінде бола тұрып, эманациялар иерархиясы арқылы мұнан әрі өзіндік қозғалыс принципі бойынша дамиды. Әбу Али ибн Синаның әлеуметтік ілімінде әділетсіз қоғамға қарсы қарулы көтерілістер жасауға дейін баруға болатыны туралы ой бөлекше есте қалады.
Мұсылмандық дін ілімі өкілдері (әсіресе, Ғазали) Әбу Али ибн Синаны “дін бұзарлығы” мен “атеизмі” үшін айыптаса, Әбу-л-Уалид Мұхаммед ибн Рушд оны натуралистік көзқарастары үшін сынға алады. Әбу Али ибн Синаның философияға және жаратылыстану ғылымына арналған трактаттары бірнеше жүздеген жылдар бойы Шығыс пен Батыста кең таралған тарихи мәні зор мәшһүр еңбектер қатарында келеді. Әбу Али ибн Синаның араб және парсы тілдерінде азын-аулақ өлеңдері сақталған. Оның поэтикалық шығармаларына арқау болған тақырыптар — материяның мәңгілігі, ағартушылық пен ғылымды уағыздау. Өлеңдерінің өзіндік белгілері — афоризмге толылығы, көркемдік бейнелеу әдістерінің қарапайымдылығы. Парсы тіліндегі өлеңдерінің басым бөлігі рубаяттар түрінде жазылған. Әбу Али ибн Сина шығармалары классикалық парсы, араб және орта ғасырлық еврей әдебиетіне елеулі ықпал жасаған. Әбу Али ибн Сина дәрігерлік кәсіппен 16 жасынан бастап шұғылданды. Жергілікті табиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардан ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медицина негіздерін өңдеп жетіктірді. Әсіресе, ескі грек жұртының атақты дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің еңбектерімен толық танысты, олар айтқан қағидаларды толықтырды, қатесін түзетті, ескірген ұғымдарын алып тастады. Әбу Али ибн Сина арқасында Гиппократ пен Галеннің даңқы қайта жайылды, әйтегенде Еуропада олардың еңбегі түгіл есімі де ұмытыла бастаған еді. Күллі Шығыс пен Батыста Әбу Али ибн Сина осы терең ойлары мен біліміп арқылы 5 — 6 ғасыр бойы медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы болды, “Медицина ханзадасы”, “Шейх-у-р-раис” деген ұлы есімге ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |