Диплом жұмысының тақырыбы: «Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері.»



жүктеу 0.87 Mb.
бет1/5
Дата12.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Шымкент Институты

Тарих факультеті
Студенттің дипломдық жұмысына

РЕЦЕНЗИЯ

Жарменова Бибинурдың диплом жұмысының тақырыбы: «Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері.»

Жұмыс кіріспе, III-тарау және қорытындыдан тұратын дипломдық жұмысы Италиядағы фашизмнің шығу себептерін, оны ұйымдастырған адамдар туралы оның тарихтағы ролі туралы оның адамзат тарихында алатынорны туралы және фашисттік Германиямен айырмашылығы туралы айтылған.

Кіріспе бөлімінде студент тақырыптың өзектілігін, алдына қойып отырған мақсат-міндеттерін, мәселенің-зерттелу деңгейін және жұмыстың деректік негізін көрсеткен.

Бірінші тарауда Италиядағы дағдарысты және фашизмнің қалай билікке келгендігі туралы және толық орнығып біткені жайында айтылған.

Ал екінші тарауда фашисттік Италияның импералистік жағдайының басқа мемлекеттер арасында қалай күшейе түскенін, сол кездегі әлемдік экономикалық жағдайдағы халық наразылығы туралы айтылған.

Үшінші тарауда екінші дүние жүзілік соғыс және Италиядағы фашисттік режимнің күйрегені туралы және Германия фашизмінен айырмашылығын жазған.

Жұмыстың дерек көзі ретінде сол кездері өмір сүрген ғұламалардың айтқан сөздері,хрестоматия,ғылыми әдебиеттер,интернет материалдары қолданылған.

Қорыта айтқанда Жарменова Бибинурдың «Италиядағы фашизм: шығу себептері мен ерекшеліктері» тақырыптағы дипломдық еңбегі Әлем тарихы мамандығы бойынша диплом жұмысы дәрежесіне лайық,диплом жұмысы қойған мақсаттарына жеткен.

Диплом жұмысының тілі жатық, ғылыми деңгейде орындалған дей келе бұл жұмысты «____» деп бағалаймын.

Пікір жазушының аты-жөні : Мырзалиева Э.К

Ғылыми дәрежесі және атағы: Тарих ғылымының кандидаты,профессор

Жұмыс орны: Ұлағат академиясы

Қызметі:

Қолы: __________

Пікірмен таныстым______________________________________________

Студенттің қолы, күні.

Мазмұны:


Кіріспе.......................................................................................................................3
I тарау Соғыстан кейін Италиядағы дағдарыс және фашистік диктатураның орнығуы.....................................................................................................................

I.1Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы................................................................................................

I.2Фашистік өкіметтің алғашқы кезеңі..................................................................

I.3Жұмысшылар қозғалысындағы жаңа оқиға және мемлекеттің фашистенуінің аяқталуы...................................................................................................................

II тарау Фашистік италияның импералистік жағдайының күшеюі....................

II.1. Әлемдік экономикалық дағдарыс және Италиядағы жағдай......................

II.2. Отызыншы жылдардың басындағы фашизмге қарсы қозғалыс................

II.3. Соғыстың алдындағы фашистік режим........................................................

III тарау Екінші дүниежүзілік соғыс және Италиядағы фашистік режимнің күйреуі.......................................................................................................................

III.1.Италиядағы қабаттас соғыс............................................................................

III.2.Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италияның әскери жеңілісі.....................................................................................................................

III.3.Фашизмге қарсылықтың ұйымдастырылуы және фашистік режимнің күйреуі.

III.4.Италия және Германия фашизмдерінің өзіндік ерекшеліктері...................
Қорытынды...............................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.........................................................................................

Сілтемелер ...............................................................................................................

КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі

Фашизм – ( латынша –шоғыр, байлам, бірлестік) –барлық демократиялық бостандықтармен прогресшіл қоғамдық қозғалыстарды басып жаншуға бағытталған ашықтан- ашық терорлық диктатура .Фашизмге адамгершілікті теріске шығару, нәсілшілдікті, шовинизмді, зорлық-зомбылықты қолдаумен қолдану, көсемнің жеке басына табыну мемлекеттің жаппай билігі жеке адамның өміріне толық бақылау орнату, адам баласына деген жек көрушілік милитарландыру, басқыншылық тән.1



Фашизм-саяси әлеуметтік қозғалыс, тотаритарлық үлгідегі идеологиялар мен мемлекеттік режимдер.Дәлірек айтқанда фашизм жиырмасыншы ғасырдың 20-40 жылдарындағы Италия мен Германияның саяси өмірінің көрінісі. Фашизм өзінің қай түрінде болмасын демократияның институттары мен құндылықтарына оны орнықтырудың шектен тыс қатаң құралдарын қарсы қояды. Фашизм тек тотаритарлы саяси партияға ( билікке келісімен ол мемлекеттік- монополиялы ұйымға айналады) және «көсемнің», «фюрердің» шексіз беделіне сүйенеді. Идеологиялық жаппай террор шовинизм, «бөтен» ұлттық және әлеуметтік топтарға деген геноцид , даму құндылықтарына деген өшпенділік – фашизм идеологиясы мен саясатының міндетті элементтері. Фашисттік режим және фашисттік үлгідегі қозғалыстар демогогияны, популизмді, империя құдыретін, соғыстың қажеттілігін кеңінен насихаттап қолданады. Көбнесе фашизмге жалпы ұлттық тоқырау және модернизация катаклизмі жағдайында тығырыққа тірелген әлеуметтік топтар амалсыз қолдау көрсетеді. Фашизмнің көптеген белгілері оңшылдар мен солшылдардың түрлі әлеуметтік және ұлттық қозғалыстарына тән. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда (м/ы «класс» немесе «ұлт»), қоғамның саяси жұмылдырылуы әдістеріне, терорлық үстемдік пен насихаттау тәсілдеріне қарап оны большевиктердің тоталитарлық қозғалысымен тәртібіне, сталинизмге, «қызыл кхмерлерге» ұқсастыруға болады. Демократиялық иниституттардың әлсіздік танытқан жағдайында фашисттік үлгідегі қозғалысының даму және фашизмнің шын қауіпке айналу мүмкіндігі сақталады. Фашизм әлем тарихындағы қаралы беттердің бірі болып табылады. Бұл ең алғаш Италияда пайда болған. Фашизм Италия халқына өте ауыр өшпес қайғы алып келген. Бұл жылдары Италияда «қаралы жылдар» деп атаған. Фашистер адамдарды еш аяусыз басып-жаншып, өлтіруге де дайын болған. Фашизм тек Италия халқына ғана емес дүние жүзі халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді.Фашизм қазіргі таңдада үлкен проблемалардың бірі. Қазіргі таңда фашизмнің жаңа ағымы Ресей Федерациясында көрініс беруде. Деректік негізі. Зерттеу жұмысы барысында «Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945 гг М. 1987г Просвешение.» атты кітаптан ағылшын қайраткері А. Иденнің Муссолинидің жеке басы туралы айтқандары , Фашизм. w.w.w. dazzle. Ru.сайтынан фашизм туралы түсініктер, « Хрестоматия по новейшей истории. Под ред. Б.Гафурова. М., Соцэкгиз. 1960.» кітабынан Фашистік диктатура жылдарындағы сол фашистерге қарсы шыққан партиялардың шығарған пакттерін және жаңа хартия құжаттары пайдаланылды, «История Италии. М. 1971» кітабынан фашистердің қалай билікке келгендігі туралы алынған, «Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М. Наука. 1971» фашизмге қарсы халық қозғалыстары туралы, «Крах Италиянского фашизма. М. Наука 1973» кітабынан фашизм құрбандары болған адамдар туралы мәліметтер бар. «XX ғасырдағы дүние жүзі тарихы .Дрофа-«Кітап баспасы» Алматы-2005» кітабынан фашизм ерекшеліктері туралы алынған.

Тарихнамасы. Фашизмнің табиғаты, оның пайда болу себептері оның Италия қоғамы мен мемлекетінің бұрынғы дамуымен қатынасы – барлық осы сұрақтар белсенді түрде 20-30 жылдардың өзінде талқыланды. Сол кездерде фашисттік режимге қатысты белгілі бір саяси көз қарастармен тығыз байланысты фашизмнің әр түрлі тұжырымдамалары қалыптасты. Олардың кейбіреулері соғыстан кейінгі жазылған фашизм тарихнамасының өзінде аңғарылады. Алғашында фашизмді зерттеу негізінен оның генезисін анықтауға жұмылдырылды. Осыған байланысты заңды түрде фашизмнің билікке келуіне тарихи жауапкершілік кімге жүктелу керек деген үлкен саяси астары бар сұрақ туындады. Дәл сол кезде енді ғана тоталитарлық режимнен босатылған Италия фашизмге дейінгі либералды институтты қайта жаңғырту мен жаңаша демократиялы ел болу екеуінің біреуін таңдау қажет болды. Осы жауапкершілік жүгі фашистік төңкеріске дейін елді басқарған либералды ортаның көшбасшысы Крочеге жүктелді. Ол өзінің 1943-1947жылдардағы саяси баяндамаларында фашизм либералдар кезеңінде еш тамыр жаймаған еді деп көрсетеді. Кроченің бұл ойы «1871-1915жылдар аралығындағы Италия тарихы» атты кітабында толық көрініс тапты. Ол фашизмге дейінгі Италияны әлемнің ең демократиялы елінің бірі деп, ал фашизмді ешқандай кластың мүдделерімен байланысты емес құбылыс Италия қоғамының бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі көрген қиыншылықтан туындаған моральды ауруы деп санады. Кейінірек фашизмді зерттеуде либералды көзқарас либералға қарсылығы көбірек айтылып, әлеуметтік бағыты ескерілмеді. Оған мысал ретінде Л. Сальваторели мен Дж. Мирдің «Фашизм кезіндегі Италияның тарихы» атты 1956 жылы жарық көрген еңбегін айтсақ болады. Фашисттердің өздері болса белсенді түрде фашизмді «большевизмнен Италияны құтқарушы» ретінде көрсетуге тырысты. Осы болжамды жоққа шығаруға бір қатар құжаттар қорына сүйене отырып А.Тасканың 30-жылдары эмиграцияда жүріп «Фашизмнің пайда болуы және билікке келуі» атты кітабының елеулі еңбегі сіңді. Бұл кітап Италияда алғаш рет 1950жылы ресми түрде жарық көрді. Таска Италия комунистік партиясының ірге тасын қалаушы, кейіннен одан шығып социалисттерге қосылды.Ол өз еңбегінде фашизмнің билікке тек Италиядағы революциялық көтеріліс аяқталып жұмысшы табы жеңіліске ұшырағаннан кейін кеменді ашық жазды.Бірақ фашизмнің жеңуіне мүмкіндік туғызған социалисттік жұмысшылар қозғалысы деп көрсетті. Италияның социалисттік партиясының қайта құру қанаты –фашизмге тойтарыс беру үшін үкімет қатарына енбегеніне, коммунисттер 1921жылы Италия социалисттік партиясының ыдырауына кінәлі.2

Тарихшы- марксистердің арасында фашизмнің пайда болуы мәселесін зерттеумен 40-жылдардың соңында (1918-1996) айналысты. Ол бірнеше зерттеу очеркілерінің авторы болып, кейіннен бір кітапқа жинақтады. Оның пікірінше фашизм алғашқыда кішкене қозғалыс болып көрінгенімен, кейіннен күшейіп либералды жүйе кезінде билікке отырған топтың тікелей ықпалымен билікке қол жеткізді. Либералды топ бұрынғы тәсілдерімен өз үстемдігін жүргізуге қабілетсіз екендігін көрсетті.

Фашизмнің марксистік тұжырымдамасының негіздері фашистік диктатура жылдарының өзінде Грамши мен Тольяттидің іліми өңдемелерімен іргесі қаланған болатын. Олар фашизмді әртүрлі әлеуметтік күштердің блогы болғандықтан бастаушылардың мүдделері өзара күрделі байланысты болады,сондықтан да фашизмде жалпы және ұлттық- өзіне тән сипаттар бар, оның алғашқы көрінісі билікке келісімен көбінесе өзгеріске ұшырайды деп көрсетті. Фашистік саяси режим өзінің жеке, дамудың автономдылығымен дараланды. Екі теоретиктің де фашизмді зерделеуде сіңірген еңбегі кейін бағаланып ескерілді. Тек 1970 жылы ғана Тольяттидің 15-дәрісінің 11-ғана іздеп табылып басылымға шықты.

Италияндық марксистердің толық көз қарастары Лионда 1926 жылы өткен италиян коммунисттік партиясының 3-сьезінің тезистерінде көрсетілген. Тезистерде көрсетілгендей бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі революциялық пролетарияттың жеңілуі «еңбекшілердің партияларының саяси, ұйымдастыру, тактикалық және стратегиялық әлсіздігінің нәтижесі болды. Осы әлсіздіктерге байланысты пролетариат халықтың көп бөлшегінің көтерілісін басқара білмеді және жұмысшы мемлекетін құра алмады. Осыған байланысты 1922 жылы фашизмнің жеңісін революцияны жеңу деместен, керісінше революциялық күштердің өздерінің ішкі әлсіздігі нәтижесінде болған нәтиже деп қарастыру керек ».

А. Бордигидің фашистердің билікке келуі кәдімгі буржуазиялық министрліктердің ауысуы деген сөзіне қарсы шыққан А.Грамши фашистік диктатура дегеніміз ашық түрде буржуазиялық демократияның дәстүрлі қағидаларын аяққа таптайтын басқыншы өндірушілер мен аграрлар тобының билікке келуі деп анықтама береді.

Осы ғасырды зерттеулердің негізгі бағыттары – Италиядағы диктатураның жиырма жылдық тарихы, оның мемлекеттік биліктің басқа нысандарынан айырмашылығы, әсіресе Германиядағы фашизммен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктері, тарихи дәстүрлер және өткен мен қазіргі уақыттың байланыс проблемалары, сол кездегі саяси партиялардың өзара қарым-қатынастары, фашизмге қарсы жүргізілген күрестегі коммунстік партияның атқарған рөлі және сол кездегі әйгілі тарихшылардың фашизмге байланысты айтылған көзқарастары болып табылады.

Режим дегеніміз – пайда болғанына айтарлықтай көп уақыт өте қоймаған ұғым. Оның қолданысқа енуі бір жағынан фашизмнің пайда болуына да байланысты.

Фашистік диктатура мемлекеттің басқару нысанына немесе мемлекеттің құрылым нысанына сәйкес сипатталатын формальды-заңи конструкциясымен шектелмейді. Мемлекеттің монархиялық немесе республикалық басқару нысанымен шектелу әрине монархиялық Англия немесе Гитлердің тұсындағы республикалық Германия секілді елдердегі билік сипаты туралы ұғымдардың бұрмалануына әкеліп соғады. Дәл сол сияқты мемлекеттік құрылым көзқарасы бойынша да билікті әкімшілік-аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік ұйымдастыру бойынша салыстырмалы қарастыру жаңсақтық пікір болар еді. Осы көзқараспен саралау мемлекеттің кейбір құрама бөліктерін немесе оның органдарының өзара байланысын, сонымен қатар бүтін мемлекетпен қатынасын ашып көрсетеді.

Әрине, осы жоғарыда аталған мәліметтер фашизм секілді диктатураны сипаттап көрсетуге жеткіліксіз. Сол себепті де басқару нысаны және мемлекет құрылымының нысаны атты түсініктерге саяси режим ұғымы қосылды. Саяси режим демократиялық құқықтар мен бостандықтарды, мемлекеттік билік органдарының адамдардың құқықтарына байланысты мемлекеттің билікті жүзеге асыру әдістерінің жүйесі ретінде танылады. Сонымен қатар саяси режим мемлекеттің ішкі нысанын қамтитын екі жағымен анықталады: мемлекеттің механизмі және мемлекеттің атқаратын қызметі.

Кезінде Пальмиро Тольятти жазғандай «буржуазиялық демократиядан фашизге өтпей кету мүмкін емес» деген жаңсақ пікір. Олай дейтініміз имперализмнің дамуы міндетті түрде фашистік диктатураның орнауына әкеліп соқпайды. Оған мысал ретінде Англияны атап өтуге болады. Бұл ірі империялық мемлекетте демократиялық парламенттік жүйе жұмыс істеуде. Сол секілді Франция, АҚШ т.б. алып мемлекеттер.

Италия мемлекеті Рисорджименто бойынша - Италияның бірігуі үшін күрес дәуірі – шын мәнінде де өте қалыс қалып дамымаған әлеуметтік-экономикалық қатынастар негізінде қалыптасты. Осы қатынастардың бір өзіндік ерекшеліктері шартты түрде оңтүстік мәселесі деп аталады. Мемлекеттің оңтүстігінде феодалдық қалдықтар сақталып қана қоймастан, олар елдің солтүстігінен экономикалық ахуал тұрғысынан бара-бара кейін қалып бара жатты. Италиядағы осы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қандай болғанын ХХ ғасырдың басында дүние жүзі бойынша салыстырғанда елдің жаппай көшіп кете бастауы жағынан алғашқы орында болғанынан аңғаруға болады.

Италияда фашизмге қарсы күресудің алғы шебінде негізінен жұмысшылар жүрді. Оған мысал ретінде біртұтас антифашистік ұрыс негізінде фашизмге қарулы қарсылық көрсете білген халық батылдары қозғалысын ерекше атап өтуге болады.

Жазылған еңбектің негізгі мақсаты, кезінде орын алған Италия мемлекетіндегі фашизмнің пайда болуын, оны ұйымдастырған тұлғаларды, Италия мемлекетінің фашизмге қарсы күресін, осы фашизмнің басқа мемлекеттермен байланысына жасаған ықпалын ашып көрсету болып табылады. Еңбектің негізгі мазмұны үш тараудан, ал әр тарау үш-төрт сұрақтан тұрады.

Бірінші тарау соғыстан кейінгі Италиядағы дағдарысты және фашистік диктатураның осы мемлекеттің қалай орныққанын ашып көрсетуге арналған. Сонымен қатар бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс қалай жүзеге асырылды және фашизмнің басталуы кезеңін ашып көрсеттік. Италиядағы фашистік өкіметтің алғашқы кезеңінде халық қандай қиыншылықтарға кез болғанына тоқталдық. Бірінші тараудың соңында фашизмге қарсы жұмысшылар қозғалысы қалай өрбіді және Италия мемлекетінің толық фашизмге өтуі қалай аяқталғанын көрсеттік.

Ал еңбектің екінші тарауында фашистік Италияның импералистік жағдайының басқа мемлекеттер арасында қалай күшейе түскенін, сол кездегі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Италияның қандай күйге душар болғанын, осыған байланысты отызыншы жылдардың басында фашизмге қарсы қозғалыс қалай болғанын, ол қозғалыстың басында болған адамдар, соғыстың алдындағы фашистік режим жайында мәліметтер бар.

Үшінші соңғы тарауда екінші дүниежүзілік соғыс және Италиядағы фашистік режимнің толығымен қалай күйрегені, қатар жүрген Италиядағы соғыс, Италияның Кеңес Одағына жасаған шабуылы және Италия әскерінің қалай және не себептерге байланысты жеңілгені толық көрсетілген.




I-тарау. Соғыстан кейінгі Италиядағы дағдарыс және фашистік диктатураның орнығуы.

I.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі революциялық көтеріліс және фашизмнің басталуы.

1918 жылдың қарашасында Вилла Джусти Австрия-Венгрияның толық жеңіліске ұшырағаны туралы құжатқа қол қойды. Италия соғысындағы ұрыстар, одан бірнеше күн өткеннен кейін дүниежүзілік соғыстың басқа да аймақтарында кескілескен ұрыстар доғарылды. Өзінің басқа да одақтастарымен бірге Италия да жеңісін тойлады. Солтүстіктен келетін жолдармен соғыстан қайтқан солдаттар легі келіп жатты. Темір жол көліктері ұлттық жалаулармен әшекейленді. Кішігірім станциялар мен үлкен қалаларда бүкіл халық Витторио Венето батырларын қарсы алды. Мыңдаған жеңіліске ұшыраған әскери тұтқындарды айдағандар өтіп жатты. Барлық орындарда жеңісті атап өтуге арналған үлкен жиындар ұйымдастырылып өткізілді. Ұлтшылдар ұран тастай сөз сөйлеп, Италияның кеше ғана басынан өткізген сұрапыл соғысы мен жарқын болашағы туралы баяндамалар жасады. Ұлт сенімін қыздыру үшін Мадзини және Гарибальди дәстүрлерін мақтан тұтып айтты. Сонымен қатар өткен соғыс кезінде италия халқы қандай шығынға ұшырағанын да естен шығармады. Оларды айту себебі олардың қайтарымына жаңа территориялар, жаңа колонияларға қол жеткізіп иемденуіміз қажет деп санады.

1915 жылдың 26-сәуірінде өткен Париждегі бейбіт конференция столына Италияның премьері Орландо және оның шетел істері бойынша министрі Соннино құпия лондондық келісім-шартына қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес Италияға Австро-Венгрияның италяндықтар тығыз тұратын аймағы өту қажет болды. Оңтүстік Тироль, Додеканеза аралдары, словения облыстары т.б. Дегенмен Италияның мұндай үлкен территорияны сұрауына оның Антанта бойынша одақтастарының наразылығын тудырды. Ең алдымен өзінің келіспейтінін білдірген президент Вильсон болды. Ол өте аңдап сөйлеп, Италияның болашақтағы шекарасы жайында былай деген болатын: «Италияның шекарасын жөнге келтіру анық көрінетін ұлттық шекара негізінде жүзеге асырылуы керек».3

Сонымен қатар Лондон келісім-шартындағы Италияның аумақтарға деген құмарлығы Сербия тарапынан да қарсылыққа кездесті. Сербия Австро-Венгрия күйрегеннен кейін Балкан-Югославиядағы жаңа мемлекет негізін қалаған ел болатын. Осындай қарсылықты Франция мемлекеті де қолдады.

Осы бейбіт конференцияда Фиум жайында күрделі сұрақ туындады. Себебі 1915 жылғы одақаралық келісім-шартқа сәйкес Адриатия теңізіндегі бұл маңызды порт сербтерге тиесілі деп уәде берілген болатын. Соған қарамастан италия делегаттары оны Италияға берілуін талап етті. Өз талаптарын олар жергілікті тұрғындардың этникалық құрамымен байланыстырды. Ол жерде тұратын жиырма бес мың италяндыққа барлығы он бес мың славян және алты мың венгр халқы келетін. Ал одақтастар болса сербтерге берілген уәдеден бөлек жаңа қалыптасқан Югославия мемлекетіне теңізге шығатын бірден бір осы жол қажет екендігін көлденең тартты.[4]

1919 жылдың 23-сәуірінде Вильсон италия өкілдерін айналып өтіп, италия халқына одақтастарды қолдауды ұсынып хат жазды. Италия делегаттары бұған қарсылық ретінде Париж конференциясын тастап кетіп қалды. Орландо италия парламентінде қызу сөз сөйлеп, бұрынғы одақтастарын ауыр кінәлады. Осы кезден бастап өз одақтастарына деген италия халқының өшпенділігі оянып, Италия бойынша жиналыстар мен митингілер кең тарап жайылып кетті. Бірақ италия делегациясы конференция столына қайта оралып, өздерінің жаңа талап еткен аумақтарына байланысты кейбір өзгертулер енгізуге мәжбүр болды.

1919 жылдың қыркүйегіндегі Сен-Жерменск келісім-шартына сәйкес Италия өз аумағына Оңтүстік Тирольды, Герцті, Градискіні, Керсо аралымен бірге Истраны, Каринтии мен Кирайнаның аз ғана бөлшегін, Зару қаласын қосып алды.

1920 жылдың қарашасында қол қойылған Югославиямен жасалған «Раппальск» келісім-шартына сәйкес екі державияға Дальмация бөлініп берілді және Италияның Зару қаласына құқығы бекітілді. Фиум болса өздігімен басқарылатын аймақ болып жарияланды. Басқа да халықаралық келісімдерге байланысты Италия өзінің Африкадағы құлдық колонияларын кеңейтті. Осы көрсетілген мәліметтер Италияның көптеген аймақтарға ие болып шыға келгенінің куәсі. Бірақ Италия мемлекетінің басшылары және олардың арқасында тұрған буржуазияның империалистік ортасының бұдан да көп мөлшердегі аумақтардан дәмелі еді. Дәл осы орта сол кезде «Италия жеңіп тұрса да қолынан келіп тұрған көп нәрседен айрылып қалды» деген қауесет тарата бастады. Осы ой мемлекет ішінде іріткі салып, онсыз да соғыстан кейін жолдан тайыңқырап қалған халықты, соның ішінде Италиядағы ұсақ және орта буржуазия өкілдерін қозғалтты. Осы және басқа да жайттарға байланысты 1919 жылдың маусымында Орландо өкіметі тақтан кетіп, орнына сыртқы қобалжуды бәсеңдетіп, ел ішінде қайта құруды жүзеге асырған Нитти келді.

Осы кезеңде Италияда ең алғашқы мәселе экономикалық сипаттағы қиындықтар болды. Соғыстың нәтижесінде мемлекетте экономикалық қирау орын алған болатын. Таптық қарама қайшылықтар мен әлеуметтік топтар арасында күрес мүлдем шиеленісіп кетті. Ел ішінде еңбекшілердің жойқын революциялық қозғалысы дайындала бастады.

Италия халқы үшін соғыстың нәтижесі мынадай болды: Жеті жүз мың адам өліп, бір жарым миллионнан астамы жараланған, он мыңнан астам жетімдер мен асыраушысы жоқ кемпір-шалдар қалды. Өнімі жоғары және бай бес аралдар басып кірудің нәтижесінде талқандалған болатын. Әскери шығындар он екі миллиард лирді құрады. Соғыс кезінде Италияның онсыз да әлсіз экономикасына теріс әсерін тигізді. Мемлекеттік қарыз төрт жарым еседен асты. Салықтардың көлемі ұлғайды. Осының барлығының тікелей нәтижесінде ақша құнсызданып, бағалар өсті. Айналымдағы қағаз ақшалардың саны соғыс жылдары кезінде сегіз есе артты, ал бағалар болса үш жарым еседен көп өсті.[5]

Сонымен қатар соғыс капиталды жинақтастырып, мемлекет ішіндегі ірі өндірісті кең нарықты құра отырып, Италияны аграрлы мемлекеттен аграрлы-индустриялы мемлекетке айналдырды. Кейбір ірі монополиялық бірлестіктер ауыр өндірістерде өз капиталдарын соғыстың кезеңінде бірнеше мәртеге көбейтті. Мысалы,

Адриатика ди элиттричита – 1913 жылғы жиырма миллион лирден 1917 жылы алты жүз миллион лирге дейін;

Монтекатини – 1913 жылғы он бес миллион лирден 1918 жылы жетпіс бес миллион лирге дейін;

Пирелли – 1913 жылғы он жеті жарым миллион лирден 1918 жылы қырық миллион лирге дейін;

ФИАТ – 1912 жылғы он жеті миллион лирден 1919 жылы екі жүз миллион лирге дейін;

Фальк – 1912 жылғы сегіз миллион лирден 1918 жылғы жиырма миллион лирге дейін.

Соғысқа қажетті тапсырыстардың арқасында орасан пайдаға кенелген ауыр өндіріс кәсіпорындары, әсіресе метал өңдеуші зауыттар, машина құрастыру және әскери өндірістегі фирмалар Ильва, Ансальдо, ФИАТ және Бреда өздерімен бәсекелес кәсіпорындарды жұтып қойып, алып өндіріс орындарына айналды. Банк капиталының өндіріспен байланысы тез күшейе түсті. Ауыр өндіріс орындарын қаржыландыратын төрт ірі банк – «Банко коммерчиале», «Кредито итальяно», «Банко ди сконто», «Банко ди Рома» осыған көп мөлшерде қаржы бөлді. Соның нәтижесінде «Банко коммерчиале – Ильва», «Кредито итальяно – ФИАТ», «Банко ди сконто – Ансальдо», «Банко ди Рома – Бреда» сияқты монополиялық топтар пайда болды.6

Осының бәрі әрине италия еңбекшілері мен ірі буржуазияның арасын алшақтата бастады. Италия қатысқан соғыс кезінде құрбандықтар мен зардаптардың арқасында байып шыға келгендер мен қиналып отырған қарапайым халық арасында таптық қайшылықтар пайда болған заңдылық.

Соғыстан кейінгі алғашқы мәжілістің өзінде Италия социалистік партиясының басшылары 1918 жылдың желтоқсанында ең негізгі міндет Италияда социалистік республика және пролетариат үстемдігін диктатурасын құру деген болатын.

Соғыс кезінде де социалистік партия ішінде түрлі фракциялар мен топтардың көтеріліске шығуы орыс тәжірибесіне қатысты болатын. Социалистік партия ішінде осы қағиданы ұстанатындар партияның барлық саясатын анықтап, нәтижесінде Серрати және Ладзари басқарған фракция мүшелерін максималистер деп атап кетті. Олай дейтін себебі Италиядағы орыс большевиктерін максималист, демек максимум-бағдарламасының жақтаушылары, пролетариат үстемдігін құруды жақтаушылар деп атайтын.

Партия басшылығына мығым орналасқан максималистерге Турати, Тревес, Модильяни секілді қайта құрушылар қарсы тұрды. Олардың саны социалистік парламенттік топтарда, социалистік муниципалитеттерде және еңбектің жалпы конфедерациясының басшылығында көп болатын. 1918 жылдың желтоқсанының соңында өткізілген барлық осы ұйымдардың және топтардың өкілдерінің бірлескен конференциясында Турати ұсынған резолюция мақұлданды. Онда күрестің тек ғана тікелей жалпыдемократиялық мақсаттарын ғана қолдау қажет екендігі көрсетілді. Ал пролетариат диктатурасына келетін болсақ «бол лозунг жалпыдемократиялық мақсаттарымызға жетуге кедергісін тигізеді» деп шешті конференцияға қатысқандардың көпшілігі Пролетариат диктатурасына қарағанда қайта құру үшін күрес жүргізу бағдарламасын жүзеге асыру тиімді деп ұсынылды: сайлаудың демократияландыру, бюрократияны жою, сегіз сағаттық жұмыс күніне көшу, еңбек ақыны төмендету, кәсіпорындарды басқаруды еңбекшілердің өздері бақылауға алуы, қоныс аударушыларды қорғау т.б. Олардың айтуынша «осы реформа арқылы өзіміздің бостандығымызға шын мәнінде ешқандай адаспастан қол жеткізуге болады, таптар мен таптардың үстемдігін жоюға, әділдікті орнатып нағыз социалистік теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік туады.

Қайта құрушылар Ресейдегі пролетариат диктатурасы бізге лайық емес, ол тек ғана өздеріне тән орыс жағдайында ғана жүзеге асырылатын құбылыс» деп көрсетті. Соғыстан кейінгі парламенттегі алғашқы сөзінде Турати «большевиктер революциясы тек қана Ресейде ғана орын алуы мүмкін, себебі ол жерде ең қорқынышты деспотизм орныққан» деген болатын.

Осындай тапаралық шиеленіс кезінде италияндық пролетариаттың басым көпшілігі қайта құрушыларды жақтамай, керісінше пролетариат диктатурасы үшін күресуге бел байлап максималистердің соңынан ерді. Революцияға бел байлаған халықтың көңіл-күйін білдіргісі келген Италия социалистік партиясының жетекшілері 1919 жылдың наурызында жер бетінде пролетариат диктатурасын құру үшін құрылған жаңа халықаралық революциялық ұйымға - Коммунистік Интернационалға бірігуді ұсынды. Италия еңбекшілерінің социалистік партиясының басшылары «Ресейден үлгі алайық» деп үндеу тастай бастады.

Осылайша, сол кезеңде социалистік қозғалыста социализм үшін күресудің басты екі бағыты анықталды: біреуі – пролетариат диктатурасы үшін күрес болса, екіншісі – қайта құру үшін күрес. Дегенмен екеуінің де түпкі мақсаты социализм құру болып табылатын және католикалық қозғалыстан айырмашылығы да осында болатын.

Осы кезде католикалық қозғалыс қоғамдағы өздерінің ықпалын күшейту бағытында алға үлкен қадам жасады. Олар діни сипаттағы кәсіподақтық және кооперативтік ұйымдардың көмегімен шіркеуде тұрғындардың көпшілігін, әсіресе крестьяндарды ұстап тұрған болатын. Бірақ олардың жетекшілері бұндай жолмен ұзақ уақыт халықты ұстап тұру мүмкін емес екендігін түсінді. Әлеуметтік мәселелер мен қайшылықтар терең тамыр жайып кеткендіктен оларды тек ғана конфессиялық ұйымдар шегінде шешуге ниеттену мүмкін емес еді.

1918 жылдың соңында Италия еңбекшілерінің конфедерациясы – ақтардың бірлестігі, ол дегеніміз «католик кәсіподақтары» құрылды. Бұл конфедерация еңбекшілердің экономикалық мүдделерін және талаптарын қорғаумен айналысуға міндетті болды. Негізінен таптық күрес қағидасын ұстанды. Жалпы саяси бағдарламасы қандай болды деген сұраққа келетін болсақ, онда негізгі рөлді католикалық «Халық партиясы» ойнауға тиісті болды. Италияда оны «Пополяри партиясы» деп атайтын.

«Халық партиясы» Ватиканның көмегімен құрылды. Бірақ діни сипатта болмады, шіркеудегі кеңесшілері жоқ, епископқа тәуелді болмады, ең негізгісі өзінің әрекеттері үшін жауапкершілікті Ватиканға жүктемеді.

Басқа сөзбен айтатын болсақ, «Халық партиясы» католик қозғалысына тән либерализмге, сондай-ақ социализмге қарсы күресті жалғастырушы болып құрылды. «Пролетариат диктатурасы үшін күрес» атты лозунгымен жалпыдемократиялық талаптар үшін күресу бағдарламасын қолдады (ол дегеніміз еңбек етуге деген құқық кепілдігі, еңбек қабілеттігін жоғалтқанда немесе жұмыссыз қалғанда әлеуметтік жәрдем беру, шағын жер меншігін марапаттау және қорғау, прогрессивті салық т.б.)7.

Бірақ еңбекшілерді олардың жағдайының кейбір тұстарын ғана жақсарту жолымен ұстап тұру мүмкін емес еді. Италиядағы таптық қатынас пролетариаттың пайдасына ауа бастады. Осы басымдық арқасында еңбек заңнамаларындағы жаңа құқықтық нормалардың анықталуына әкеліп соқты. Соның арқасында 1919 жылдың 20-ақпанында «металлистер Федерациясының» өкілдіктері арасында және өндірісшілер жұмысшы-металлистер үшін сегіз сағаттық жұмыс күні туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім бес жүз мың жұмысшы-металлистер үшін үлкен жетістік еді. Көп ұзамай 1919 жылдың 4-наурызында еңбекшілер кәсіподақтарының және өндіріс пен еңбек министрлігі ұйымдастырған кәсіпкерлердің қатысуымен мәжіліс өткізіліп, барлық жұмысшылар үшін сегіз сағаттық жұмыс күні бекітілді.[8] Сол кездерде өндіріс орындарының көптеген жұмысшылары жұмысқа қатысты проблемаларды көтеріліс арқылы шешіп келгенімен, Италияда еңбек қатынасы саласында үлкен оң қадам жасалғанына елдің барлығы қуанды. Таптық күрес Италияда кең етек жайды. Көтерілістен соң көтеріліс ұйымдастырылып жатты. Экономикалық көтерілістер көбінесе саяси көтерілістерге ұласып кетіп жатты. 1919 жылдың ақпан-наурызында Генуедегі «Ансальдо» кәсіпорнының металлистері және кейбір көрші аудандардағылар көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс таптық ынтымақтастық жолында өтті, себебі бірнеше мыңдаған жұмысшылар жұмыстан заңсыз босатылған жолдастарын жақтап көтерілді.

Сол жылы сәуір айында Римде өте үлкен көтеріліс болып, жиырма бес сағаттай уақыт италия астанасында өмір тоқтап қалғандай болды. Олай дейтініміз барлық кәсіпорындар мен көліктер тоқтап, дүкендер мен кафелер жабылып қалды. Электр қуаты берілу доғарылған соң қаланы қара түнек басты. Дәл осы кезде Миланда халық көтеріліп, еңбекшілердің бейбіт митингісін полиция қуып таратып, бір жұмысшы нәтижесінде өлген болатын. Осы көтерлістерді қолдап басқа да ірі қалаларда халық наразылығын білдіріп көтеріліске шығып жатты.

Көтеріліс толқыны, еңбекшілердің шеруі мен митингілері бүкіл Италияны 1919 жылдың 1-мамырында басып кетті. Бірнеше күнге дейін қала сыртына қатынайтын поездардың барлығы тоқтап қалды. Поезд жүргізушілері «сегіз сағаттық жұмыс күні сақталсын және жалақыны көбейтіңдер» деген талап қойды.9 Темір жолшыларды осы кезде су көлігіндегілер де қоштап, олар талаптарын орындатты. Бірнеше мәрте көтерілісшілер мен әскердің, полицияның қақтығысуымен аяқталды.

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет