Дәріс 13. Әл-Ғазалидің теологиясы мен философиясы. Философтарды терістеу
Сабақ мақсаты:
Әл-Ғазалидің ислам ойшылдық тарихындағы орны мен оның ислам философиясын қосқан үлесін анықтау
Дәрістің негізгі міндеттері:
1.Білім беру: аль-Ғазалидің философиясының негізгі аспектілерін көрсету
2. Дамытушылық: студенттердің когнитивті және аналитикалық салаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: дінтанулық талдау және ғылыми-зерттеу жұмысына бейімдеу
Дәріс сабағында қарастырылатын сұрақтар:
Аль-ғазалидің шығармашылығы
Аль-Ғазалидің философияға қатынасы
Аль-Ғазалидің философтарды терістеу ілімі
Қолданылатын әдіс: Эвристикалық әңгіме элементтерінен құралған дәріс – монолог, аудиовизуалды құралдарды қолдана отырып, дәрісті оқу, пікірталас тудыратын сұрақтарды қою арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділіктерін арттыру.
Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі
Әл-Фараби. Философиялықтрактаттар. -А., 1970.
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалықтрактаттар.- А. ,1973.
Корбен Анри. История исламской философии. - М.: Прогресс-Традиция, 2010. - 360.
Артур Сагадеев. Восточный перипатетизм. - М., 2009.
Б. Топалоғлу. Ислам теологиясы. Кіріспе. – Алматы, 2014.
Қосымша
1.Тримингэм Дж. С. Суфийские ордены в исламе. М., 1989.
2. Т. Ғабитов, Қ. Затов. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, 2012.
3. Н.Ж. Байтенова және т.б. Исламдағы секталар мен бағыттар. - Алматы, 2013.
4. Д. Кенжетай. Ислам философиясы. Алматы. 2012ж. -115 бет.
5. Д. Кенжетай. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы. - Түркістан, 2004. - 341 б
Теологиялық философия (Ғазали мектебі): Ғазалидің Аристотель, Әл-Фараби және ибн Сина сияқты аристотельшіл ислам философтарын сынға алуы өзінен кейінгі ойшылдардың аталған сыншыл әдісті ұстануларына және философиялық мәселелерді теологиялық көзбен қарауларына жол ашты. Сондықтан, Ғазалидің осы тәсілін қолдана, сындарын негізге ала отырып, философиялық ой өрбіткен ойшылдар «ғазалишілдер» немесе «каламшы философтар» деп аталады. Бірақ, каламшы философтарды тек Ғазалидің ғана жолын қуып, мұсылман перипатетиктерін сынға алумен шектелді деп айтуға болмайды.
Әбу Хамид Мухаммад бин Мухаммад әл-Ғазали ат-Туси (1058-1111 жж.) – ислам әлеміндегі орны ерекше теолог, философ, фақиһ және суфи. Ол Тус қаласында дүниеге келген. Дарынды ғұлама Нишапур қаласында әл-Жуайнидің басшылығымен ілім-білім нәрімен сусындайды. Одан соң ол Селжұқ уәзірі Низаму-л-Мулкке қызмет етеді. Низаму-л-Мулк оны 1091 жылы Бағдатта өзі негізін қалаған Низамия медресесіне ұстаз ретінде тағайындайды. 1095 жылы исмаилиттер Низаму-л-Мулкты өлтіргеннен кейін Ғазали қажылық жасау сылтауымен Меккеде, Дамаскте, Туста және тағы басқа да қалаларда он бір жылын өткізеді. 1106 жылдан бастап, Низаму-л-Мулктың ұлы Фахру-л-Мулктың (Селжұқ сұлтаны Санжардың уәзірі) шақыруымен Нишапурдағы Низамия медресесінде ұстаздық қызмет атқарады. Ол қайтыс болар алдында Тус қаласына қайта оралады. Оның «Ихиау Улуми-д-Дин», «Кимия-и Саадат», «әл-Мустазхири», «Файсал ат-Тафриқа байна-л-Ислам уа-з-Занадиқа», «Мақасиду-л-Фаласифа», «Тахафуту-л-фаласифаны» т.б. еңбектері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |