«Ислам философиясы» пәні бойынша



бет20/22
Дата28.03.2024
өлшемі91.3 Kb.
#496755
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
islam filosofyasi lekcia(1)

Ә) Ишракилік бағыты
Ислам философиясындағы бағыттың бірі болып табылатын Ишрақия «ишрақ» сөзінен туындаған. Ишрақ «күннің, жарықтың тууы» деген мағынаны білдіреді. Ишракилердің көзқарастары бойынша ақиқат ақылда емес, тікелей адамның сезімінде, ішкі дүниесін нұрға бөлеуде жатыр деп түсінеді. Ишраки мектебі аристотельшілдік мен машшаилерге реакия түрінде пайда болған философиялық мектеп.
Сухрауарди. Ғазалиден соң мұсылмандық философия ағымдары арасында өзіне тән ерекшеліктерге ие мектеп – ишракилік. Сухрауарди тарапынан негізі қаланған аталмыш мектеп аз уақыттың ішінде өз ішінде тармақтарға бөлініп, әсіресе, шииттік ойшылдар арасында қолдауға ие болды. Ишракилік Ғазалишілдік тәрізді мұсылман перипатетиктері мен Аристотельге қарсы бағытталған ілім болып табылады.
Азербайжан өлкесіндегі Сухрауардиде 1153 жылы дүниеге келген Шахабаддин Сухрауарди отыз сегіз жасында Халеб қаласында сиқыршылықпен айналысты деген кінә тағылып Салахаддин Айюби тарапынан дарға асылды. Сухрауардидің философия мен логикаға қатысты еңбектері арасында «Хикмату-л-Ишрақ», «Хайякилу-н-Нур», «Талуихат» атты еңбектері көпшілікке танымал.
Ишракилік әсіресе, әдіс ретінде қолдаған интуитивизмді сопылық дәстүрден және басқа да тақырыптарды платоншылдық пен зороастризмнен алды. Осындай философиялық бағыттардың синтезделуі нәтижесінде өз алдына бөлек ишракилік мектебі дүниеге келді. Аристотельшілдіктің теориясы мен қорытындыларына және әдістеріне қарсы ишракилік соғыс жариялаған және білімнің негізгі бұлағы ретінде ішкі сезім деп тапқан. Ал Әл-Фараби мен ибн Синаның аса мән берген саналық қабілетке мән бермеген. Осы жағынан ишракилік бүгінгі күнгі иррационализмге ұқсайды. Барлық нәрсе «нұр» мен «қараңғылық» дуализмімен түсіндіріледі. Бүгінгі зерттеушілер аталған екі ұғымның зороастризмнен қуат алғандығын алға тарқанмен ишракиліктің атақты өкілдерінің бірі – Молла Садра Ширази «Асфары Арбаа» атты еңбегінде ишракилік философиясында зорастризмнің де патоншылдықтың да әсері жоқ екендігін қуаттайды. Нұр мен қараңғылықты зороастризмдегі жарық пен қараңғылық терминдерінн туындаған тәрізді көрінгенімен ишракилікте әлгі терминдерге берілген мән өзгеше. Зороастризмдегі тәрізді нұр мен қараңғылық екі бөлек, бір-бірінен тәуелсіз, бір-бірімен дұшпан болмыстар емес. Ишракилердің түсіндіруі бойынша нұр – субстанция, ал қараңғылық – оның көлеңкесі. Қараңғылық нұрмен қауышуды қалайды. Сондықтан одан нұрға деген сүйіспеншілік пен ғашықтық сезім туындайды. Қараңғылық дұрыс жолда кмелденген кезде, өзінің қоюлығынан айығады, біртіндеп жарыққа бөлене бастайды. Нұрлардың тұры – Алла. Барлық нәрселер осы нұрға жетуге талпынады. Осы нұрмен нұрланған қараңғылықтар (болмыстар және адам) шынайы білімді және болмыстың шектеуін нұрға бөленуі арқылы түсіне алады жәнге мәселенің түйінін шеше алады. Алғашқы қою қараңғылық – малерия. Ал адамның ең қараңғы жері – дене.
Сухрауарди Платонның идеялар концепциясы мен мұсылман перипатетиктерін сынға алумен шектелмей, Аристотель логикасын, әсіресе категорияларын толығымен жоққа шығарады.
Ишракилік Сухрауардиден соң оның жолын қуушылары болып табылатын біршама парсылық философтар мен ойшылдар тарапынан кемелденген философияға айналды. Осы бағыттың атақты ойшылы – Молла Садра, сондай-ақ, ишракилік философиясының ибн әл-Араби мен шәкірттері филсофоясында өзіндік із қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет