323
ИМАНИ ГҮЛ
алмайды. Бұған қоса, оның жүкті
болу жағдайы, сәбиді
дүниеге әкелгеннен кейін қырық күндей нифас мерзімі
тағы бар. Жаңа туған
нәрестеге қарау сияқты әйел
ғана атқара алатын маңызды істер оның пайғамбарлық
міндетіне ақау келтіреді.
Пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Пайғамбарлық
жүктелген жан қашанда
қауіп-қатер мен небір
қиыншылықтардың бел ортасында жүреді. Ол – соңынан
ергендерге әр істе өнеге болып, жол көрсететін көшбасшы
көсем тұлға. Ол – керек кезінде атқа мініп, жауға қарсы
шабатындай тайсалмайтын батыр, майданда стратегиялық
шұғыл шешім қабылдап ел қорғайтын дана қолбасшы.
Мұның бәрі үйде отырып атқаратын шаруа емес.
Пайғамбарлық бір ғана отбасындағы балаларды тәрбиелеу
емес, жалпы адамзатты тәрбиелеу болғандықтан әйел
тегінен пайғамбар келмеген.
Сөз түйіні, әйел тегінен пайғамбар келмегенімен
барша пайғамбарлар мен ұлы тұлғаларды дүниеге
әкелгендердің әйелдер екені даусыз.