Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет205/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

жауапкер, қорған, басқарушы»
198
деген. Ендеше, осы 
жауапкершілікті арқалаған еркек отбасынының тізгінін өз 
қолына алып, парасаттылықпен, үлкен жауапкершілікпен 
басқаруы тиіс. Еркек отағасы екенмін деп дөрекілікке
«мен айттым болдыға» салынбай, бар мәселені өзара 
түсіністікпен, үнемі ақылдасумен шешкені жөн. Әйелдер 
де еріне бағынуы тиіс. 
Иә, әйел болмысы басшылық не қаттылыққа емес, 
керісінше, мейірімділік пен ұяттылыққа, инабаттылық пен 
ізеттілікке бейім. Ал еркектердің болмысы дөрекілік пен 
қатігездікке емес, жауапкершілікке, отбасына қамқоршы
қорған болуға бейім.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «Сендердің ең 
ізгілерің – әйелдерімен жақсы мәмледе болғандарың» 
десе, басқа бір хадисте «Артында қалған күйеуі өзінен 
разы болған күйде жан тапсырған әйелдің барар жері 
– Жұмақ» деп, ер мен әйелді өзара рухани түсіністікке 
шақырған.. 
Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек не-
месе әйел болғандығымен, байлық, мансабымен емес, 
иманының деңгейімен өлшенбек. Олай болса, еркек пен 
198
Ниса сүресі, 34-аят.


337
ИМАНИ ГҮЛ
әйелден, оларға Жаратушы тарапынан асқан хикметпен 
берілген асыл міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы 
да сұралмай қалмақ емес.


338
Ислам дінінде әйел адамдарға орамал 
тағу, ұзын киім кию парыз ба? Орамал 
тағу арабтың, түріктің әдет-ғұрпы деп 
түсінушілер де бар. Осының ара жігін
ажыратып берсеңіз.
Орамал тағып, ұзын киім кию үрдісі – тосырқап
таңдана кейде түсінбей, тіпті жатырқай да жақтырмай да 
қарайтын тосын құбылыс емес. Ең алдымен, киім киюдің 
бұл үлгісі – ислам діні әкелген жаңалық емес. Бұл үрдіс 
еврей мен христиан дінінде де, корей, жапон секілді 
көне мәдениеттерде де бар. Мысалы, еврей хахамы Ме-
нахем M. Брейер («Йешива» университетінде киелі кітап 
әдебиетінің профессоры) еврейлік дін құқығы бойынша 
әйелдерінің орамал тағуға тиісті екенін айта келе, кейбір 
танымал раввиндерінің мынандай сөздерін келтірген: «Ев-
рей қыздарына орамалсыз сыртқа шығу жараспайды», 
«Әйелдерінің орамалсыз жүруіне рұқсат еткен еркектерді 
қарғыс атсын!», «Еркектерге ұнау үшін басын ашып 
жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі». Әйелдің орамалсыз 
жалаңбас жүруі жалаңаш жүрумен тең саналғандықтан, 
иудаизм орамалсыз жүрген әйелдің жанында дұға сияқты 
ғибадаттарды жасауға тыйым салады. Еврей діні бойын-
ша, орамал тағу әйелдің абыройы мен беделін, әлеуметтік 
жағдайын білдіреді. Сондықтан төменгі таптағы әйелдер 
жоғарғы таптағы әйелдердің қатарында көріну үшін ора-
мал тағуға тырысатын. Орамал тағу тектіліктің нышаны 
саналғандықтан, байырғы Израйлде зинақор әйелдердің 
орамал тағуына рұқсат берілмейтін. Сондықтан, зинақор 
әйелдер өздерін абыройлылардың санатында көрсету үшін 


339


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет