96
ИМАНИ ГҮЛ
ұрындырған себептерді іздемейміз. Дереу өзіне ұрса
жөнелеміз. Жоғарыдағы
Рафиғ ибн Амр оқиғасында
пайғамбарымыз оған дереу дүрсе қоя берген жоқ,
«Әй,
оңбаған! Біреудің бақшасында нең бар?! Енді тас
лақтырады екенсің көресеңді көрсетем, қолыңды тура
шағам!» деп ұрысқан жоқ.
«Неліктен тас лақтырдың?»
деп, онымен тілдесті. Бала себебін айтты. Қарны ашқаны,
құрма жегісі келгендігі анықталды. Аш баланың мұндай
әрекетке баруы табиғи жағдай екені сөзсіз. Не істесе де
дереу жазалауға жүгірмей, алдымен баланы сөйлетіп,
тыңдай білу қажет.
Балалар балалықпен қате жасайды. Ал үлкендер
болса, олардан үлкен кісінің істейтін ісін күтеді. Қате
жасаса дереу ұрсып, жазғыра жөнеледі. Көбіне балала-
рын тыңдауды қажеттілік деп те ойламайды.
Бала бол-
са, өз ісінің қателігін түсінбегендіктен ата-анасының
яки үлкендердің не үшін ұрысқанын, яки жазалағанын
түсінбей дал болады. Сөйтіп, үлкендер маған жамандық
жасады яки ата-анам мені
жақсы көрмейді деген ойға
қалады. Міне, сондықтан баланың ішкі дүниесімен сыр-
ласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс
еместігін түсіндірместен оған ұрысу,
жазалау дұрыс
емес.
Достарыңызбен бөлісу: