Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


істерін кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын



Pdf көрінісі
бет50/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

істерін кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын 
білмейді. Оларды сен тура жолға сала гөр!» -деп олар 
үшін ізгі тілек тілеп, жаманшылықтарына жақсылықпен 
жауап бере аласыз ба?
Иә, адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) олардың барлық зұлымдықтары мен қорлықтар-
ына шыдап, әр түрлі кесірлеріне қарсы сабырды қару етті. 
Оларға анадай мейірім құшағын ашып діттеген мақсатына 
жете білді. Міне бұл – адамзат ардақтысы Мұхаммедтің 
(с.а.у.) шынайы елші екендігінің тағы да бір айқын дәлелі 
болса керек. Оның (с.а.у.) қасиетті өмірбаянын оқып оты-
рып, көзге еріксіз жас алып «Мұхаммед, Сен тек Алланың 
шынайы елшісісің» – деп иманыңа нәр тамызасың.


91
ИМАНИ ГҮЛ
Әр сала өз тілімен Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығын паш етеді
Тек бір ғана салада жетістікке жетіп, сол салада білік-
ті маман болу үшін арнайы жағдайдың қажеттілігі айтпаса 
да түсінікті. Кез келген бір ғана салада кәсіби мамандық-
қа қол жеткізу үшін ондаған жыл уақыт кетіреміз. Тіпті 
сол салада ғұмыр бойы жұмыс істейміз. Иә, тек бір са-
лада ғана белгілі бір жетістікке жету үшін арнайы құрал-
жабдықтың, тыныш ортаның, ыңғайлы ахуалдың, белгілі 
бір уақыттың керектігі сөзсіз. Ал бір адамның әр салада 
жетістікке жетіп, барлық салада бесаспап маман болуы 
мүмкін емес. Мысалы, бір адам жоғары дәрежеде тәрбие-
ші, психолог, һәм тамаша бір қолбасшы және аса білгір 
медицина ғалымы, әрі физик және т.б. ғылымдарды игеруі 
ине көзінен нар түйенің өтуімен парапар. Бірақ осындай 
мүлде болмайтынды ешбір құрал-жабдықтың көмегінсіз, 
әр түрлі қым-қиғаш қиын жағдайлардың бел ортасында 
жүріп жүзеге асырған жалғыз адам – Мұхаммед (с.а.у.). 
Өйткені Ол жай адам емес, адамзатқа әр нәрседе үлгі бо-
луы үшін жер бетіне жіберілген Алла Тағаланың арнайы 
елшісі еді. Сондықтан Пайғамбарымыз әр саланың асқар 
шыңына туын тігіп, қияметке дейін өзгермейтін, тозбай-
тын жаңалықтар әкеліп, ереже-қағида қойды.
• Иә, Пайғамбарымыз – керемет ұстаз, тама-
ша тәрбиеші. Оның (с.а.у.) теңдессіз ұстаздығы 
мен тәрбиешілігінің алдында бүкіл әлем бас иеді. 
Пайғамбарымызға дейін араб түбегінің жағдайы 
қалай еді? Айтуға ауыз бармайтын жаман әдеттер 
мен іс-қылықтардың, зұлымдық пен тағылықтың 
қараңғылығында тұншығып жатпап па еді? Міне, 
Пайғамбарымыз сол қараңғы қоғамды бар-жоғы жиыр-
ма үш жыл ішінде тәрбиелеп, жетілдіріп әлемге үлгі бо-


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет