111
ИМАНИ ГҮЛ
Мұғжизалар – пайғамбар дәлелі
Алла Тағала жер бетіне жіберген әрбір пайғамбарына
шынайы елші екендігін дәлелдеу үшін мұғжизалар бер-
ген. Мұғжизаның ерекшелігі – әдеттегі табиғат заңдарына
қарама-қайшы және пайғамбарлардан басқа ешкімнің
еншісіне бұйырмаған ғажайып таң қаларлық істер. Мы-
салы, Айдың Пайғамбарымыздың ишараты арқылы екіге
бөлінуі секілді. Барлық мұғжизаны жарататын Алла Тағала
екенін ескерсек,
«мүмкін емес» деп күмән келтірудің өзі
бекер. Себебі Алланың әр нәрсеге билігін жүргізген шек-
сіз құдіреті үшін
«Болмайды, болуы мүмкін емес» деген
нәрсе жоқ. Ешбір мұғжиза Алланың қалауынсыз жүзеге
аспайды. Пайғамбарымыздың
пайғамбарлығына дәлел
ретінде самсаған мұғжизаларынан бірнешеуін келтірейік.
•
Пайғамбарымызға берілген ең үлкен мұғжиза
– Құран. Себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) қияметке дейін
үкімі жалғасатын ақырғы пайғамбар болғандықтан,
оған түскен Құран да мәңгілік мұғжиза болмақ.
Басқа
мұғжизаларды сенімді тұлғалар тарапынан естіп білсек,
Құранның мұғжизалығын қияметке дейін келіп-кетер
барлық адамзат өз көзімен көруде.
Құран Кәрімнің за-
ман ескірген сайын қазір түсіп жатқандай жаңара түсуі,
күннен-күнге артына еріп, әр аятын шамшырақ еткен
жамағат санының көбеюі, технология дамып, білім озған
сайын ғылым дүниесінің
биік шыңынан көрініп, ны-
сананы 14 ғасыр бұрын нұсқауы – Оның хақ екендігін
білдірсе, Пайғамбарымыздың хақ елші екендігін паш
етеді. Құранның мұғжизалығына «Кітаптарға иман» атты
арнайы бөлімде кеңінен тоқталамыз.
•
Айдың екіге жарылу мұғжизасы. Бір күні Әбу
Жәһил мен Уәлид ибн Мұғира бастаған бір топ мүшрік
Пайғамбарымызға келіп: