ИМАНИ ГҮЛ «Егер сен, шынында да Аллаh Тағаланың тара- пынан міндет жүктелген пайғамбар болсаң, бізге аспандағы айды екіге бөліп көрсет… Айдың жар- тысы Әбу Құбайыс тауының, екінші бөлігі Құайқан жотасының үстінен көрінсін» - деп талап қойды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардан:
– Осы тілектеріңді орындасам, иман келтіресіңдер
ме?- деп сұрады.
Олар:
– Әрине, о не дегенің! - деп жауап берді.
Мүшріктер сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедке
(с.а.у.) келген тұста айдың дөңгеленіп толған сәті еді, яғни
он төртінші түні. Алла елшісі (с.а.у.) Жарылқаушысының
бұйрығымен Айға қарай қолын созып, сұқ саусағымен
ортасынан бөлгендей ишара жасады. Пайғамбардың
осы әрекетін күтіп тұрғандай-ақ, ай дәл ортасынан екіге
бөлініп, мүшріктердің сұрағанындай, жартысы Әбу
Құбайыстың, жартысы Құайқанның төбесінен көрінді.
Ардақты Пайғамбарымыз айналасындағыларға:
«Куә болыңыздар! Куә болыңыздар! Әнекей, төбелеріңізге қараңыздар!» – деп дауыстады
32
.
Мүшріктер Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл айқын
мұғжизасына сиқыр деп қарсы шығып, сырттан келген-
дерге: «Айдың екіге бөлінгенін көрдіңдер ме?» деп сұраған
уақытта көрдік деген көңілдеріне ұнамайтын жауапқа тап
болып, амалсыз «Мұның сиқыры айға да әсер етіпті», - деп тот басқан жүректері міз бақпады.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизасы арқылы бір
уыс тамақтың берекесі артып, мың адамға дейін жетіп
асқандығы
33
, су тапшы кезде саусақтарының арасынан
32
Бухари, манақиб/3636. (ауд: Дамира Өмірзаққызы, Адамзаттың
асыл тәжі, 1-том, 237.)
33
Бухари, манақиб/3578.
113
ИМАНИ ГҮЛ атқылап аққан судан үш жүздей сахабаның сусындап әрі
дәрет алғаны
34
жайлы көптеген сахих риуаяттар бар.