ИМАНИ ГҮЛ
етпейміз. Құран түскеннен кейін өзге кітаптар негізге
алынбайды.
1. зәбур. Бұл кітапты Алла Тағала Дәуітке (а.с.)
түсірген. Зәбур арапша «кітап» деген мағынаны білдіреді.
Құран Кәрімде: «Біз Дәуітке зәбурді бердік
41
» делінген.
Құранда Зәбур жайлы Тәурат және Інжілге қарағанда
өте аз мағлұмат білдірілген. Еврейлердің Дәуіттің (а.с.)
пайғамбарлық қасиетіне көлеңке түсіріп, ар-намысын
кірлететін әйелдерге байланысты айтылған әр түрлі
әңгімелері дұрыс емес. Себебі, барлық пайғамбарлар
күнәнің кішісінен де, үлкенінен де Ұлы Жаратушы тара-
пынан қорғалған. Яһудилер, көбінесе, Дәуітке (а.с.) патша
ретінде қарайды. Ал, мұсылмандар патша әрі пайғамбар
ретінде иман келтіреді.
2. Тәурат. Мұса пайғамбарға түскен кітап. Тәурат
иврит тілінде «заң, ереже-қағида, шариғат» деген
мағыналарды білдіреді. Құранда: «Ішінде адамдарға
тура жол және нұрды қамтыған Тәуратты біз
жібердік
42
» – делінген. Тәураттың қазіргі таңда танымал
үш түрлі нұсқасы бар. Бұл үш нұсқада айтылған көптеген
ереже-қағида, хабарлардың бір-бірімен сәйкес келмеуі –
Тәураттың адамдар тарапынан қатты өзгертілгендігінің
айғағы.
3. Інжіл. Исаға (а.с.) түскен кітап. Інжіл «сүйінші,
тағылым» деген мағыналарды білдіреді. Құранда: «Біз
пайғамбарлардың артынан Мәриям ұлы Исаны өзінен
бұрын түскен Тәуратты растаушы етіп жібердік. Оған
(Исаға): Өзінен бұрын Түскен Тәуратты растаушы
ретінде әрі тақуаларға тура жол мен насихат болсын
деп ішінде тура жол және нұрды қамтыған Інжілді
бердік»
43
, - делінеді.
41
Исра сүресі/55.
42
Майда сүресі/44.
43
Маида сүресі/46.
120
Достарыңызбен бөлісу: |