Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет66/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

Інжіл сүйіншілері: Фарақлит
Иоганна Інжілінде: «Мәсих (Иса): «Рабб сендермен 
әрқашан бірге болуы үшін сендерге басқа Фарақлит 
береді» – деді.» (Иоганна, баб: 14, аят: 15.)


116
ИМАНИ ГҮЛ
«Фарақлит келген кезде мен үшін куәгер болады. 
Сендер де маған куәлік етіңдер» (Иоганна, Баб: 14, 26).
«...Мен кетпесем Фарақлит келмейді» (Иоганна, 
Баб:14, аят: 7-8)
«Фарақлит» сөзі грек тілінде «Приклитос» деп 
өтеді. Ал «Приклитос» сөзі араб тіліндегі «Ахмет» 
деген сөздің мағынасымен бірдей. Бәрімізге белгілі 
Пайғамбарымыздың бір аты «Ахмет» болған. Тіпті 
Құранда пайғамбарымыздың Інжілдегі есімінің «Ахмет» 
екендігі айтылады
38

Жоғарыда ескерткеніміздей, бұларды адамдарға 
оймақтай ой салу үшін айттық. Қосымша мынаған 
тоқталсақ дейміз. Күншілдік пен кекшілдігі шырмауық-
тай шырмасқан яһуди мен христиандар бар күшін салып 
бұрмалауға қанша тырысса да, әлі де Тәурат пен Інжілден 
Алла елшісінің пайғамбарлығына тән көптеген ишарат 
пен сүйінші табылуы мүмкін. Тәурат, Інжіл және Зәбур-
дан ең аз өзгеріске түскен нұсқалары табылса, сол кезде 
шамасы ешқандай жорамалды да, тәпсірді де қажет етпей, 
Алла елшісіне (с.а.у.) байланысты көптеген ашық белгі-
лер бар екенін қарапайым адам да анық аңғарады
39
.
38
Иенер Өзтүрік, Иені бір иорумла Ислам инанч есаслары. Ышык 
иайынлары.
39
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.


КІТАПТАРҒА ИМАН
«Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет 
күніне иман келтірмесе, қатты адасады...»
«Ниса» сүресі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет