88
ИМАНИ ГҮЛ
де жауабы бір жерден шықты.
«Аштық...». Иә, үшеуі де
Алла үшін барын беріп, енді азық боларлық бір тілім нан
таба
алмағандықтан дөңбекшіп,
ұйықтай алмай,
сыртқа
шыққан беттері еді.
Ислам шартарапқа
қанатын жайып мұсылмандар
күшейіп,
жағдайлары
жақсарғаннан
кейін
де
Пайғамбарымыз (с.а.у.) және оның Әбу Бәкір, Омар секілді
хас
шәкірттері де өте қарапайым, жұпыны өмір сүрді.
Бір күні Пайғамбарымыздың:
«Омар, неге
жылайсың?» – деген сұрағына ол:
«Пайғамбарым, дәл
қазір патшалар құс төсектерде жатқанда, Сен ши
үстінде жатырсың. Ши денеңе батып із тастапты.
Алайда Сен Алланың Елшісісің. Рахат өмірге бәрінен де
лайықсың!» – деп жауап береді. Сонда Рақым Пайғамбар
(с.а.у.):
«Омар, мына дүние – олардың, ал ақырет –
біздікі болуына риза емессің бе?»
24
– деді.
Пайғамбардың отбасында үш ай бойы қазан асылып,
ыстық тамақ ішілмегенін Айша анамыз риуаят етеді. Алла
елшісі (с.а.у.) дүниеден
озған уақытта артында ешбір
дүние қалдырмаған. Өйткені Ол –
«Біздер – Пайғамбарлар
артымызға дүниені мирас қалдырмаймыз», - деген тек
пайғамбарларға тән қасиетті сөздің иесі еді.
Ол (с.а.у.) алуды емес, беруді, ішіп-жеуді емес, ішіп-
жегізуді ұнататын. Киюді емес, өзгені киіндіруді, қуануды
емес, басқаны қуантып, жаралы жүректеріне шаттық сый-
лауды міндет деп білді. Қысқасы, Ол (с.а.у.) өзі үшін емес,
өзге үшін ғұмыр кешті.
Иә, жалған пайғамбарлығы арқылы мал-мүлік,
дүниені көздеген
көзбояушы бір адамның өмірі
жоғарыдағыдай болар ма еді? Жауабын өзіңіз беріңіз.
24
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.