Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет44/232
Дата06.11.2023
өлшемі3.56 Mb.
#482509
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   232
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ
(с.а.у.) оны құшақтады. Оның бұл халі Пайғамбарымызға 
(с.а.у.) қатты әсер етіп, көздерінен мөлдір жас моншақтай 
төгілді
21
.
Мұсылман қауымның алғашқы азаншысы хазіреті 
Біләлдің пайғамбарлар сәруары – хазіреті Мұхаммедке 
(с.а.у.) деген сүйіспеншілігін тілмен айтып жеткізу 
мүмкін емес. Исламды қабылдағаннан кейін бір сәт бол-
сын қасынан ажырамады.
Екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) ақыретке 
аттанғанда, көптеген сахабалар сияқты қабырғасы қайыса 
қайғырған ол Мәдинада қала алмады. Алла елшісінің 
кетуі оған жарық күннің сөнуімен бара-бар келді. Өйткені 
Мәдинаның әр тасы мен топырағы оның есіне Алла 
елшісін түсіретін. Біләл сол тұстағы халифа хазіреті Әбу 
Бәкірден басқа жаққа кетуге рұқсат сұрады. Әбу Бәкірге 
барып:
– 
Ей, 
Алла 
елшісінің 
халифасы! 
Мен 
Пайғамбарымыздың: «мүминнің ең қайырлы ісі – Алла 
жолында күресу» – дегенін естіген едім. Мен де өлгенге 
дейін Алла жолында жанымды пида еткім келеді,– деді. 
Әбу Бәкір:
– О, Біләл! Бізге кім азан шақырады? - дегенде, екі 
көзге ерік берген хазіреті Біләл:
– Мен Алла елшісінен кейін ешкімге азан шақыра ал-
маймын, – деді.
Біләлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша жібермеуге 
тырысса да Хазіреті Біләл:
– Уа, Әбу Бәкір, рас сен мені құлдықтан құтқардың. 
Егер мені өзің үшін азат еткен болсаң, онда алып қал. Ал, 
егер Алланың ризалығын көздеп, сатып алған болсаң
еркіме жібер, – деді.
21
әл-Бидая, 3:30


84
ИМАНИ ГҮЛ
Хазіреті Әбу Бәкір рұқсат берген соң хазіреті Біләл 
Хабаши Шамға барып, Ислам туын биікте желбіретуге 
жігерін салды.
Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мәдинаға келді. 
Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазіреті Хасан мен 
Хұсейнді кездестіріп, Алланың Сүйікті Елшісімен (с.а.у.) 
бірге өткізген тәтті күндерді еске алды. Әлемдердің Па-
дишасы (с.а.у.) дүниеден озғаннан соң, Мәдинада азан 
шақырмаған еді. Ғаламның рақым нұры (с.а.у.) ақыреттік 
болғаннан кейін азан шақыруға тағаты да жетпеді. 
Өйткені, азандағы «Әшһәду әннә Мухаммадан Расулуллаһ» 
(Мұхаммедтің Алла елшісі екендігіне куәлік етемін) деген 
сөйлемді айта алмай іркіліп қалатын. Даусы шықпай көз 
жасына булығып, аяқтарының буыны босап кететін.
Пайғамбарымыздың «менің дүниеде иіскеген екі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   232




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет