91
ИМАНИ ГҮЛ
Әр сала өз тілімен Оның (с.а.у.)
пайғамбарлығын паш етеді
Тек бір ғана салада жетістікке жетіп, сол салада білік-
ті маман болу үшін арнайы жағдайдың қажеттілігі айтпаса
да түсінікті. Кез келген бір ғана салада кәсіби мамандық-
қа қол жеткізу үшін ондаған жыл уақыт кетіреміз. Тіпті
сол салада ғұмыр бойы жұмыс істейміз. Иә,
тек бір са-
лада ғана белгілі бір жетістікке жету үшін арнайы құрал-
жабдықтың, тыныш ортаның, ыңғайлы ахуалдың, белгілі
бір уақыттың керектігі сөзсіз. Ал бір адамның әр салада
жетістікке жетіп, барлық салада бесаспап маман болуы
мүмкін емес. Мысалы, бір адам жоғары дәрежеде тәрбие-
ші,
психолог, һәм тамаша бір қолбасшы және аса білгір
медицина ғалымы, әрі физик және т.б. ғылымдарды игеруі
ине көзінен нар түйенің өтуімен парапар. Бірақ осындай
мүлде болмайтынды ешбір құрал-жабдықтың көмегінсіз,
әр түрлі қым-қиғаш қиын
жағдайлардың бел ортасында
жүріп жүзеге асырған жалғыз адам – Мұхаммед (с.а.у.).
Өйткені Ол жай адам емес, адамзатқа әр нәрседе үлгі бо-
луы үшін жер бетіне жіберілген Алла Тағаланың арнайы
елшісі еді. Сондықтан Пайғамбарымыз әр саланың асқар
шыңына туын тігіп, қияметке дейін өзгермейтін, тозбай-
тын жаңалықтар әкеліп, ереже-қағида қойды.
• Иә, Пайғамбарымыз –
керемет ұстаз, тама-
ша тәрбиеші. Оның (с.а.у.) теңдессіз ұстаздығы
мен тәрбиешілігінің алдында бүкіл әлем бас иеді.
Пайғамбарымызға дейін араб түбегінің
жағдайы
қалай еді? Айтуға ауыз бармайтын жаман әдеттер
мен
іс-қылықтардың, зұлымдық пен тағылықтың
қараңғылығында тұншығып жатпап па еді? Міне,
Пайғамбарымыз сол қараңғы қоғамды бар-жоғы жиыр-
ма үш жыл ішінде тәрбиелеп, жетілдіріп әлемге үлгі бо-