115
ИМАНИ ГҮЛ
кітаптарының тек бір-екі
жеріне тоқтала кетуді жөн
көрдік.
Тәурат сүйіншілері:
Ысмайл нәсілі
Алла Тағала Тәуратта Хазіреті Мұсаға бы-
лай дейді:
«Олар (Израйл ұрпақтары) үшін
бауырларының арасынан сен секілді бір пайғамбар
шығарамын да, сөздерімді Оның аузына саламын.
Ол әмірлерімнің барлығын оларға айтып жеткізеді»
(Сифр:Тәсния,18:18).
Тәураттағы
«Израйл ұрпақтарының бауыры» де-
ген сөз тіркесі Хазіреті
Ысмайлдың нәсілінен келетін
пайғамбарға ишарат етілген. Себебі Израйыл ұрпақтары
Ибраһимнің баласы Исхақтан тарағандықтан, олардың
(израйл ұрпақтарының) бауыры Ибраһимнің
екінші ба-
ласы Исмайлдан тараған ұрпақ болуға тиіс. Ал Хазіреті
Исмайлдың нәсілінен келгені анық жалғыз пайғамбар
– Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). Алла
елшісі де (с.а.у.) Хазіреті Мұса (а.с.) секілді жаңа
шариғатпен келген. Аяттың соңындағы «Сөздерімді
Оның аузына саламын» сөзі – Пайғамбарымыздың оқу-
жазу білмейтіндігіне және Құранды ауызша жатқа оқып
адамдарға жеткізетіндігіне ишарат.
Тәуратта айтылған
пайғамбардың Хазіреті Иса мен Хазіреті Юша (а.с.) болу
ықтималына келсек, бұл ақылға қонбайды. Өйткені сөз
етіліп отырған пайғамбарлар Израйл ұрпақтарынан кел-
ген.
Достарыңызбен бөлісу: