Issn 1999-5911 101 К. Рысберген, Д. Садық, Н. Рсалиева. Алматы қаласы ономастикалық кеңістігінің


ISSN 1999-5911. Әл-Фараби | 4 (76) 2021 www.alfarabijournal.org Тіл. Халықаралық қатынастар. Саяси үрдіс



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата04.02.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490765
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
641-Текст статьи-1920-1-10-20211228

 
ISSN 1999-5911. Әл-Фараби | 4 (76) 2021 www.alfarabijournal.org
Тіл. Халықаралық қатынастар. Саяси үрдіс
мегаполистік деңгейін танытқанымен, ұлтымыздағы асхана мәдениетінің да-
мымай, көште қалып қойғанын да көрсетеді. Сондай-ақ тәуелсіздік алғалы бері 
кафелер мен мейрамханаларды шетелдік сөзбен атау немесе қазақ сөзін латын 
графикасында жазу үрдісі жаппай белең ала бастады. Мұндай үрдіс импорттық 
өнімнің отандық өнімнен сапалырақ, жақсырақ деген бұрын қалыптасқан ас-
социацияны әлі жоймай келеді. Себебі, шет тіліндегі атау адамдарға шетелдік 
брендтермен және жеткізілетін өнімнің сапасымен байланысты болады. Кеңес 
Одағы кезінде қоғамдық санадағы «Батыстың бәрі жақы, батыстағының бәрі са-
палы» деп санаға құйылған танымдық ассоциациалар мейрамхана атауларынан 
да көрініс тауып отыр. Асхана мәдениетінде ұзақ жылдар бойы француз және 
итальян мәдениеті көш бастап келеді. Сондықтан сол француз, итальян тіліндегі 
Paul, Bon Appetit, Del Papa, Alfredo сынды атаулар қаладағы үздік, сапалы мей-
рамханалар деп есептеліп келеді.
Эргонимдердің басым бөлігі кәсіп иелерінің есімі не тегінен, яғни антропо-
нимдерден (102 бірлік) пайда болған атаулар көп: Natali, Самал, Сымбат, Яс-
мин және т.б. олардың жоғары жиілігі номинатордың өзі, жақындары, тарихи 
тұлғалары және т.б. еске алуды немесе қаланың эргонимдік жүйесінде белгілі 
бір символ ретінде «мәңгі жасауды» ұнататындығымен түсіндіріледі. Мифо-
нимдерден пайда болған эргонимдер мифтердегі, эпостардағы, ертегілердегі 
ономастикалық кеңістіктің өзектілігін көрсетеді: Аладдин, Қыз Жібек, Алпамыс 
және т.б., бұл әдеби-мифологиялық тақырыптың актуализациясын, номинатордың 
реципиентте оң ассоциация құруға деген ұмтылысын білдіреді. Жиілігі бойын-
ша ең төменгісі – семантикасы күңгірт атаулар тобы. Меншік иелеріне атаудың 
уәжділігі жайлы сұрақ қою барысында бір-біріне ұқсас жауаптар алдық, мұндай 
эргонимдер номинатордың ерекше «символикалық» түрі болып табылады, әрі 
ол символ номинатордың өзіне ғана түсінікті болады. Көбінесе мұндай атаулар 
өзінің және туыстары не достарының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет