Issn 1999-5911 101 К. Рысберген, Д. Садық, Н. Рсалиева. Алматы қаласы ономастикалық кеңістігінің


К. Рысберген, Д. Садық, Н. Рсалиева. Алматы қаласы ономастикалық кеңістігінің



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата04.02.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
641-Текст статьи-1920-1-10-20211228

К. Рысберген, Д. Садық, Н. Рсалиева. Алматы қаласы ономастикалық кеңістігінің...
Эргонимдердің тілтанымдық әлеуеті
Жоғарыдағы көрсетілген қаладағы эргонимдердің лексика-семантикалық 
параметрлері бойынша 60 пайызға жуығы (512 атау) адамның қиялынан туған 
абстрактілі, жансыз, сигнификаттық атаулардан құралған, мәселен, Асыл арман, 
Береке тұрғын үй кешені, Шипа сауда кешені, Қадам инвест және т.б.).
Топонимдерден пайда болған эргонимдердің де саны едәуір. Оған Жібек 
жолы, Қаратау, Қаратал, Жетісу, Азия сынды сауда орталықтары мен 
Бесағаш, Москва, Қарғалы сынды тұрғын үй кешендерін атап өтуімізге бола-
ды. Олар комеморативтік және ішінара бағыттық функцияларды орындайды. 
Топонимдерді эргонимдік объект ретінде қолдана отырып, субъект коммерциялық 
кәсіпорынның қасиеттерін топообъекттің өрісінде ерекшелеп көрсетеді, бұл да 
қаланың эргонимдік жүйесі үшін маңызды белгілердің бірі. 
Компания, фирмалардың қызметіне қарай оның брендін, атауы мен 
логотипін, жалпы концепциясын әзірлейтін арнайы брендинг, нейминг компа-
ниялар бар. Мегаполис көшелерінде орналасқан дәмхана, мейрамхана, кафе 
және т. б. мыңдаған атауларды, олардың логотипін, графикасын әзірлейтін 
мамандардың тілдік, эстетикалық, этикалық таңдауына сүйенетіні анық. Ондай 
болса, төмендегі 1-диаграмада көрсетілгендей Алматыдағы қоғамдық тамақтану 
орындарының жартысынан көбі тек ағылшын тілінде жазылған.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласында бұл көрсеткіш мемлекеттік тілдің пайдасына 
шешілген екен. Қаладағы эргонимдердің жалпы санының 56% қазақтілді атау-
лар болса, ал ағылшын тіліндегі атаулар 32% құрайды екен және жыл сайын 
қазақтілді сегмент 5-6 пайызға артып отырады [10, 29 б.].
 
1-сурет. Мейрамхана атаулары
Зерттеу барысында барлығы 1424 эргонимдік бірлік жинақталып, 
статистикалық әдіс арқылы сараланды, оның ішінде 38 банк атауы, 108 ломбард 
атауы, 243 сауда, бизнес орталықтары, сауда кешендері, 75 ақша айырбастау 
пункті, 460 мейрамхана атауы мен 516 балабақша атаулары зерттеуге алынды.
Латын графикасындағы шеттілдік атаулардың саны бойынша антирекорд 
орнатқан эргонимдік объект – Алматы қаласындағы мейрамхана атаулары. 
1-диаграммада көрсетілгендей, қаладағы мейрамхана атауларының жартысы-
нан көбі (57%) латын графикасына телінгенін аңғаруға болады. Бұл қаланың 


 108


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет