Issn 2226-3551 Қазақстан Республикасының Валеология Академиясы


Матрикстік металлопротеиназалар



Pdf көрінісі
бет13/237
Дата06.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#494569
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   237
2017-2

Матрикстік металлопротеиназалар (MMP) – 
барлық жасушаішілік нәруыздарды ыдыратуға қа-
білетті жасушадан тыс цинк-тәуелді эндопептидаз 
тұқымдасы. Олар көптеген қалыпты физиологи-
ялық процестерге атап айтқанда эмбриональдық 
даму, морфогенез, ұлпалардың қалпына келуіне
сонымен қатар әртүрлі патологиялық процестерге: 
артрит, қатерлі ісік және жүрек-қантамыр ауру-
ларында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар,
мембраналық рецепторларды ыдырауға, хемокин-
дер мен цитокиндердің активтенуіне және актив-
сизденуіне қатысады.
Ең алғаш ММР омыртқалыларда 1962 жылы си-
патталды, кейінірек омыртқасыздарда және өсімдік-
терде табылды. ММР басқа эндопептидаздардан 
ерекшелігі- ион металдарына тәуелді, жасушаішілік 
матрикстің құрылысын бұзуға қабілетті [3].
Металлопротеиназалар-мультидомендік құ-
рылы сымен сипатталады, олар 1) сигнальдық 
пептид, 2) проМ ұстап тұруға қажет пропептид, 3) 
жоғары консервативті Zn2+ байланысқан катализ-
дік домен, 4) катализдік доменмен байланысатын 
пролинге бай бөлік, 5) гемопексин-тәрізді домен, 
М орналасу ерекшеліктерін анықтайтын, жасу-
шаішілік ерекше ингибиторлармен әрекеттесетін 
үнемі жасу-
шада латентті формада кездесесіп - металопроте-
иназаларды белсенді ететің механизімдердің бірі. 
ММРs бастауы болып көптеген жасушалар, 
фибробластарды қосқанда, макрофагтар, қантамы-
рлар қабырғасындағы тегіс бұлшықет жасушала-
ры, нейтрофилдер олардың өнімдері цитокиндер 
әсерінен көбейеді [4].
2 кесте - Металлопротеиназдардың қызметі
ММР
MMP-1
Фибробластармен, хондроцитармен, 
макрофагтармен, кератиноцитермен, эн-
дотелиалий жасушаларымен және остеоб-
ластармен синтезделеді.
MMP-1 басқа субстраттарды шемір-
шектің казеин, желатин, энтактин, және 
линкпротеиндерді ыдыратады
MMP-2
Ұлпалардың дамуы және регинирация 
кезіңде мезенхимальдық жасушаларда 
экспрессияланады (ең бастысы фиброб-
ластарда). Сонымен қатар нейтрофилдер-
де, макрофагтарда және моноциттерде
синтезделеді.
MMP-2 ісікте ангиогенез процесін ин-
гибиторлау үшін қажет және оның деңгейі 
әртүрлі ісік ауруларымен ауыратын на-
уқастардың ісіктің эндотелии қантамыр-
лары мен несебінде өте жоғары. 
MMP-3
Стромелизин-1 деп те аталады, ма-
трикстік металлопротеиназ тұқымдасына 
жатады.
MMP-3 қалыпты және патологиялық 
процестерде ұлпалардың қайта қалпына 
келуінде остеоартрит және ревматоид-
тық артрит кезінде маңызды қызмет атқа-
рады. 
MMP- 7
MMPs ішінде ең кішісі, ол про-домен-
нен және каталитикалық доменнен тұра-
ды.
MMP-7 түрлі ісіктерде синтезделеді: 
сүт безінде, тоқ ішекте, асқазанда, тыныс 
алу жолдарында және өңеште, өкпеде 
және теріде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   237




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет