ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ВАЛЕОЛОГИЯ
184
МЫРЗАХАН НҰРКЕН
1
, ЖАПАРОВА Г.Ә
1
., МЫРЗАХАНОВА М.Н
2
.,
ҚЫСТАУБАЕВА З.Т
1
.
«Тұран-Астана» университеті, Астана қ.
1
, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,
Көкшетау қ.
2
e-mail: nur-47@mail.ru
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРДЕНІҢ НЕГІЗГІ ПОСТУЛАТТАРЫ
Аннотация
Мақалада есті табиғаттың талабын естігісі кел-
мейтін адамдардың адам деген ұғымның үмітіне
балта шабатындығы, «Жер адамға табын» филосо-
фиясы эукариоттардың эндоэкологиялық улануға
әкелетіндігі сарапталады. Тығырықтан шығудың
жаңғыз жолы – имандылық принципін сіңіру қа-
жеттілігі баяндалады.
Кілт сөздер: экологиялық зерде, эндоэкология,
имандылық.
Жұмақты да,
тамұқты даадам өзіне-өзі жа-
сап алады – деген екен менің жебеушім, әз тұлға,
жазушы Ғ.Мүсірепов.
Биосфера заңдылықтарынан туындайтын жаңа
талап адамдардың адамға, адамдардың биосфераға
деген көзқарасын түбегейлі өзгертудің жаңа пара-
дигмасына көшуді талап етеді. Есті табиғаттың есті
талабын естігісі келмеген адам, адам даген асқара-
лы ұғымның үмітіне балта шапқан адам. Бұл, әри-
не кешілмейтін күнә ғана емес, бардың жоққа ай-
налуы болмақ. Әлбетте экологиялық орта жайлау
(ойкумена) ғана емес, бізді жаратқан Ие екендігі,
біздің қанша білімді болсақ та, сол ортаның әрі
кетсе ксерокопиясы екендігімізді ұмытпаған жөн.
Қазіргі экологиялық жағдайат туралы әртүрлі
пікірлер бар: біреулер әлем жаһандық экологи-
ялық дағдарысқа енді десе,
екіншісі-әлем жап-
пай экологиялық дағдарысқа ұшырады дейді. Ал
үшіншілер – ешқандайда алаңдайтын дағдарыс
жоқ деп қорытады. Алайда осы көзқарастардың
қай – қайсысыда ақылға сыймайтын санасыздық.
Д.Ж.Свифтще айтсақ адам әрекетінің саналығы-
на күдік тудырып, жалпы әлемдік індетке айна-
лып бара жатқандығы қорқыныш тудырады. Бұл
адамзаттың «Не құдай, не бұлай емеспін»
деген
жан себілділікке баруынан бастау алатын пәлсафа
екендігі ақиқат [1].
Жер жаралғаннан бері екі катастрофалық био-
фуркациядан (түбегейлі өзгерістен) өткені белгілі
олар Рош нүктесі жерде тотықсыздану арқылы архе
эубактериялары жаралса, Юри нүктесінде – жерде
атмосфералық қабат пайда болудан архе және эу-
бактериялар өліп, сан алуан тіршілік иелері, қазір
біз игілігін көріп отырған экологиялық орта пайда
болумен сипатталады. Алайда заманымызда біздің
көзіміше қалыптасып келе жатқан «жер адамға
табын» философиясы адамдармен барлық эукари-
оттарды эндоэкологиялық улануға, соның нәтиже-
сінде адам мен жануарлар геномдарының жаппай
лавина тәріздес мутацияға ұшырауына алап келіп
отыр (әзірше әредік аймақтар). Бұл Құран тілінде
Ақырзаман деген сөз. Бірден құрып кетсек жақ-
сы ғой. Олай болмайтын тәрізді. Адам тозақтың
қылеуетінен өтетін сияқты. Мәселе, улы қосылы-
стармен улану психо-ақпараттық сананы өзгертіп
адамды не қилы жауыздық жолға итермелейді. Бұл
феномен кейбір микроағзалардың антибиотик-
тердің ең үлкен дозасына шыдамдылығы сияқты,
белгілі уақыт аралығында адамдар да улы заттарға
төзімі жоғарылағанымен психологиялық агрессор-
лық әрекет жасауға ұрымтал болады. Қазақшала-
сақ бауыздаған малдың
аяғын серіпкені сияқты
әрекетті елестетеді. Бұдан артық қасіретті ешбір
тіршілік иесіне тілеудің өзі өрескел күнә болар
еді. Адамзаттың құрдымға кетуі әбден мүмкін,осы
нүкте ғылымда Левин нүктесі деп атталады. Бұл
Жер-анаға төнген үшінші катастрофалық бифур-
кация және ең соңғысы болмақ. Бетін аулақ қыл-
сын. Академик В.А.Зубаков [2] осы тығырықтан
шығуға 10, әрі кетсе 20 жыл уақытты белгілейді.
Ол үшін барлығымыз-жастардан
қарт адамдарға
дейін экологиялық және эндоэкологиялық сау-
атсыздықтан арылуымыз шарт. Бұл фактордың
экономикалық тұрғыдан бағалануы төмен болған-
дықтан билік пен асыра инновациялық ғалымдар
жағынан қолдау таппай отырғаны ақиқат.
Экологиялық сананың табиғатын зерттеу
бізді табиғи капиталдың өндірістік және тұтыну
бағдарламаларының
имандылық қағидаттарына
сәйкес келмитіндігін көрсетті. Имандылық адам
өмірін, әлемді һәм ғаламшарды басқаратын рух
заңдарының жиынтығы. Ол адамзат қоғамына тән
барлық әдептік қасиеттерді-ар, ұят, намыс, қай-
рат, мейірімділік,
қайырымдылық, ілтипаттылық,
кешірімділік, қамқорлық, адамдық, ізеттілік, т.с.с
қамтиды. Әлбетте имандылық тек қана діни сенім
емес, сонымен қатар ол адамзат көшінін өң бойын-