ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ВАЛЕОЛОГИЯ
185
да жинақталған тәжірибелер сұрыптамасы екен-
дігі ақиқат. Имандылықтың көптеген эстетикалық
аспектілерін әртүрлі тиымдар, шектеулер, ескерту-
лер т.т. құрайтындығы сондықтан болар.
Имандылықтың құрамды бөліктері тоғыз түрлі
категориялардан тұрады және олар табиғи капи-
талдарды қате басқарудан дұрыс басқаруға көшуге
мүмкіндік береді. Табиғатты тонамай,табиғаттың
аясында (гармония) болуға баулиды. Бұл катего-
рияларға инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық,
нысаптылық, даналық(білімділік), ынтызарлық,
лепірмеушілік, ынтызарлық және қайраттылық
жатады [3].
И-инабаттылық-өзара,қоғамда және жалпы
биосферада табиғи үйлесімді қарым-қатынастар-
ды игеру.
М-мәдениеттілік-әр алуан бионысандарды құ-
былыстар мен көріністер арқылы үйлесімді тануға
ынталану.
А-адалдық-табиғат үйлесімін табиғи және
шынайы айқындайтын категория.
Н-нысаптылық-табиғи ресурстарды игеруде
ұқыптылық деңгейін анықтайтын өлшеуіш.
Д-даналық (білімділік)-табиғат құпияларын
білу шегінін көрсеткіші,табиғатты оқытпау,та-
биғат заңдарының аясында өмір сүру.
Ы-ықыластылық-табиғат тек қана қажеттілік-
тер көзі емес,сонымек қатар сенің Отаның, Сенің
армандарының бесігі.
Л-лепірпеушілік-табиғатты Біз жаратқамыз
жоқ,сондықтан оған бұйрық беруге құқығымыз
жоқ.
Ы-ынтызарлық-адамзаттың озық ойларын үй-
лестірідің қажеттілігін сезіну.
Қ-қайраттылық-табиғат ресурстарын игеруде
бабаларымыздың (адамзаттың) тарихи тәжірибе-
лерін және ғылымды пайдалану.
Осы келтірілген категориялар экологиялық зер-
дені қалыптастырудың жолдары болып табылады
және оларды құрсақтан бақиға дейінгі өміріңде
экологиялық және эндоэкологиялық сауатыңның
басты ережелері екенін мойындаған абзал.
Осы құндылықтар жалпы адамзаттық табиғат-
ты қорғау принциптерінің төмендегі қайшылықта-
рын шешуге мүмкіндік береді.
1. Табиғатпен күреспей оның даму ығылымы-
на икемделуге немесе жол беруге негізделуі шарт.
Табиғатқа қарсы тұру мүмкін емес. Өйткені бір
рет жойылған тіршілік иелері немесе экологиялық
жүйенің қалпына келмейтіндігі дәлелдеуді қажет
етпейтін ақиқат. Мұны О.Бөкеев «Мықты екенінді
білейін, құлаған теректі тірілтіп көрші» деген да-
налықпен оқырмандар санасына ұялатқан.
2. Әлемде халық санының өсу дүбірі мен
табиғатты қорғау арасында үйлеспейтін қай-
шылықтар өрби беретіндіктен,жанұяны дамыту
және оны қорғау принциптерін қалыптастыру қа-
жет.
3. Қанағатсыз дамуға (баюға) бағытталған эко-
номикалық жүйе мен табиғатты қорғау мүдделері
арасындағы қайшылықтарды табиғат гармония-
сының пайдасына шешу. Бізге керегі экологиялық
экономика.
4. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі және адам-
зат үшін табиғат игіліктерін тек қана адамдардың
жақын және алыс сұраныстарына пайдаланудың
қауіпті және қасіретті екендігін пайымдау. Та-
биғаттың құрамды бөліктерінің үйлесімділігінің
тіршіліктің алғы шарты екендігін мойындау.
5. Қоршаған ортаның (табиғаттың) сұлулығы
мен көп алуандылығын жекелеген адамдар мен
жалпы қоғамның жеке меншігіне ыстық сезіммен
қарайтын козқарас қалыптастыру.
Осы қайшылықтардың талаптарын қанағат-
тандыру экологиялық зерденің гноссеологиялық
тұғырының кешегі, бүгінгі және ертенгі жолда-
рын имандылық аясында қалыптастыруды қажет
ететіндігін түсіну және тұшыну абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |