ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
153
УДК 614.253.89
Д.К. МАУЕНОВА
«Астана» медицина университеті» АҚ
АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР ЕТЕТІН
ФАКТОРЛАР
Тұжырымдама:
Қазақстанда басқа мемлекеттерде сияқты
АИТВ/ЖИТС рөлі зор. АИТВ/ЖИТС жұқтырған
аурулар санының көбеюімен стигма, науқастар-
дың құқықтарының бұзылуы, өмір сүру сапасына
(ӨСС) үлкен рөль атқарады.
Осылайша, АИТВ-инфекциясы адамның әле-
уметтік, физикалық және психикалық денсау-
лығына айтарлықтай әсер етеді деген қорытынды
жасауға болады. Күйзеліс сезімімен жұмыс істе-
уге бағытталған әлеуметік-психологиялық көмек
көрсету,өзін-өзі бағалау қабілетін жоғарылату,
сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық қызметтер
мен медициналық қызметтер арасындағы страте-
гияларды әзірлеу өмір сүру сапасының анағұрлым
жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігін
береді. Ем алудың түпкілікті мақсаты өмірді ұзар-
туға және АИТВ жұқтырған науқастардың ӨСС
жоғарылатуға жәрдемдесу болып табылады.
Маңызды сөздер: АИТВ инфекциясы, өмір
сүру сапасы.
Әлеуметтік шартталған аурулардың, оның
ішінде АИТВ –инфекциясының таралуы біздің
заманымыздың өзекті проблемаларының біріне
айналды. Өмір сүру сапасын (ӨС) зерделеу адам-
ның әлеуметтік, физикалық және психикалық ден-
саулығына айтарлықтай әсер ететін жағдайлар мен
факторларды айқындау мүмкіндігін берді.
ӨС – экономикалық және әлеуметтік жағдай,
денсаулық жағдайы, өміріне қанағаттану, әл-әуқат
сияқты адамға әсер ететін барлық факторлардан
тұратын кең ауқымды ұғым. ӨС-тің денсаулықпен
байланысты мынадай негізгі мәністерін атап
өтіледі: физикалық, әлеуметтік, эмоциялық және
когнитивтік көрсеткіштер, сондай-ақ өзін-өзі күту,
пациенттің өз денсаулығын ұғыну және ауру сим-
птомдарының пайда болуы [1].
ӨС деңгейі әрбір нақты өңірдегі өмір сүру
сапасының деңгейін есепке алатын объективті
факторлармен және жеке адамдардың өмір сүру
сапасының деңгейін өзгертуге қатысты нақты мүм-
кіндіктерін көрсететін субъективті себептермен
айқындалады. Осыған орай, халықтың ӨС әсер
ететін мынадай бірнеше әлеуметтік-экономикалық
факторлар ерекшеленеді: экологиялық, әлеуметтік,
экономикалық, демографиялық, ұлттық, сондай-ақ
мәдениет және азаматтардың білім алу деңгейі.
ӨС-тің мәнін әлеуметтік санат ретіндесипаттай
отырып, оның мынадай негізгі ерекшелігін атап
өту қажет: ӨС адам өмірінен және өмір сүру са-
пасынан тұратындықтан, қоғамға қатысты барлық
салаларды қамтиды.
Әлеуметтік шартталған аурулардың, оның ішін-
де АИТВ –инфекциясының таралуы біздің заманы-
мыздың өзекті проблемаларының бірі болып табы-
лады. Медициналық көмектің қолжетімділігі және
тиімділігі, әсіресе, ретровирусқа қарсы терапи-
ямен (РВҚТ) үйлесімділігі аурудың дамуын тежеді
және АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың
өмірін ұзартты. Тиісінше, АИТВ-инфекциясының
ӨС-тің, оның ішінде физикалық және эмоциялық
амандық-саулықтың, әлеуметтік қолдау көрсету-
дің көрсеткіштеріне әсері АИТВ-инфекциясын
жұқтырған адамдар үшін негізгі мәселелердің бірі-
не айналды. Аталған диагнозды қою ерекшелігі
көптеген әлеуметтік және психологиялық пробле-
малармен, ішкі дағдарыспен, күйзеліспен, адамдар
арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтармен
байланысты.
Психологиялық-әлеуметтік факторлардың ӨС
әсері.
Әлеуметтік, психологиялық және рухани фак-
торлар АИТВ-инфекциясын жұқтыру кезінде ӨС
айтарлықтай әсер етеді. Кейбір зерттемелер кезін-
де алынған деректер бойынша әлеуметтік қолдау
көрсетудің үш негізгі компоненті айқындалды:
эмоциялық, материалдық және ақпараттық. Бүгін-
гі таңда функцияларында міндетті түрде бірін-бірі
алмастыру мүмкіндігі болмауына байланысты,
әлеуметтік қолдау көрсетудің аталған түрлерін
айыра білу өзекті мәселе болып табылады, Эмо-
циялық қолдау көрсету функциясы кейде АИТВ –
инфекциясын жұқтырумен байланысы жоқ негізгі
мұқтаждықтарды қанағаттандырудан тұрады [2].
Жүргізілген екі зерттемеде эмоциялық қолдау
көрсету анағұрлым қалаулы қолдау көрсету түрі
болып табылатынын және басқа қолдау көрсету
түрлерінен жиірек қолданылатыны хабарланады.
Бұл ретте материалдық және ақпараттық қолдау
|