Issn 2226-3551 Қазақстан Республикасының Валеология Академиясы


ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет190/237
Дата06.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#494569
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   237
2017-2

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
153
УДК 614.253.89
Д.К. МАУЕНОВА 
«Астана» медицина университеті» АҚ
АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР ЕТЕТІН 
ФАКТОРЛАР
Тұжырымдама:
Қазақстанда басқа мемлекеттерде сияқты 
АИТВ/ЖИТС рөлі зор. АИТВ/ЖИТС жұқтырған 
аурулар санының көбеюімен стигма, науқастар-
дың құқықтарының бұзылуы, өмір сүру сапасына 
(ӨСС) үлкен рөль атқарады. 
Осылайша, АИТВ-инфекциясы адамның әле-
уметтік, физикалық және психикалық денсау-
лығына айтарлықтай әсер етеді деген қорытынды 
жасауға болады. Күйзеліс сезімімен жұмыс істе-
уге бағытталған әлеуметік-психологиялық көмек 
көрсету,өзін-өзі бағалау қабілетін жоғарылату, 
сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық қызметтер 
мен медициналық қызметтер арасындағы страте-
гияларды әзірлеу өмір сүру сапасының анағұрлым 
жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндігін 
береді. Ем алудың түпкілікті мақсаты өмірді ұзар-
туға және АИТВ жұқтырған науқастардың ӨСС 
жоғарылатуға жәрдемдесу болып табылады.
Маңызды сөздер: АИТВ инфекциясы, өмір 
сүру сапасы.
Әлеуметтік шартталған аурулардың, оның 
ішінде АИТВ –инфекциясының таралуы біздің 
заманымыздың өзекті проблемаларының біріне 
айналды. Өмір сүру сапасын (ӨС) зерделеу адам-
ның әлеуметтік, физикалық және психикалық ден-
саулығына айтарлықтай әсер ететін жағдайлар мен 
факторларды айқындау мүмкіндігін берді. 
ӨС – экономикалық және әлеуметтік жағдай, 
денсаулық жағдайы, өміріне қанағаттану, әл-әуқат 
сияқты адамға әсер ететін барлық факторлардан 
тұратын кең ауқымды ұғым. ӨС-тің денсаулықпен 
байланысты мынадай негізгі мәністерін атап 
өтіледі: физикалық, әлеуметтік, эмоциялық және 
когнитивтік көрсеткіштер, сондай-ақ өзін-өзі күту, 
пациенттің өз денсаулығын ұғыну және ауру сим-
птомдарының пайда болуы [1]. 
ӨС деңгейі әрбір нақты өңірдегі өмір сүру 
сапасының деңгейін есепке алатын объективті 
факторлармен және жеке адамдардың өмір сүру 
сапасының деңгейін өзгертуге қатысты нақты мүм-
кіндіктерін көрсететін субъективті себептермен 
айқындалады. Осыған орай, халықтың ӨС әсер 
ететін мынадай бірнеше әлеуметтік-экономикалық 
факторлар ерекшеленеді: экологиялық, әлеуметтік, 
экономикалық, демографиялық, ұлттық, сондай-ақ 
мәдениет және азаматтардың білім алу деңгейі.
ӨС-тің мәнін әлеуметтік санат ретіндесипаттай 
отырып, оның мынадай негізгі ерекшелігін атап 
өту қажет: ӨС адам өмірінен және өмір сүру са-
пасынан тұратындықтан, қоғамға қатысты барлық 
салаларды қамтиды. 
Әлеуметтік шартталған аурулардың, оның ішін-
де АИТВ –инфекциясының таралуы біздің заманы-
мыздың өзекті проблемаларының бірі болып табы-
лады. Медициналық көмектің қолжетімділігі және 
тиімділігі, әсіресе, ретровирусқа қарсы терапи-
ямен (РВҚТ) үйлесімділігі аурудың дамуын тежеді 
және АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың 
өмірін ұзартты. Тиісінше, АИТВ-инфекциясының 
ӨС-тің, оның ішінде физикалық және эмоциялық 
амандық-саулықтың, әлеуметтік қолдау көрсету-
дің көрсеткіштеріне әсері АИТВ-инфекциясын 
жұқтырған адамдар үшін негізгі мәселелердің бірі-
не айналды. Аталған диагнозды қою ерекшелігі 
көптеген әлеуметтік және психологиялық пробле-
малармен, ішкі дағдарыспен, күйзеліспен, адамдар 
арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтармен 
байланысты. 
Психологиялық-әлеуметтік факторлардың ӨС 
әсері.
Әлеуметтік, психологиялық және рухани фак-
торлар АИТВ-инфекциясын жұқтыру кезінде ӨС 
айтарлықтай әсер етеді. Кейбір зерттемелер кезін-
де алынған деректер бойынша әлеуметтік қолдау 
көрсетудің үш негізгі компоненті айқындалды: 
эмоциялық, материалдық және ақпараттық. Бүгін-
гі таңда функцияларында міндетті түрде бірін-бірі 
алмастыру мүмкіндігі болмауына байланысты, 
әлеуметтік қолдау көрсетудің аталған түрлерін 
айыра білу өзекті мәселе болып табылады, Эмо-
циялық қолдау көрсету функциясы кейде АИТВ – 
инфекциясын жұқтырумен байланысы жоқ негізгі 
мұқтаждықтарды қанағаттандырудан тұрады [2].
Жүргізілген екі зерттемеде эмоциялық қолдау 
көрсету анағұрлым қалаулы қолдау көрсету түрі 
болып табылатынын және басқа қолдау көрсету 
түрлерінен жиірек қолданылатыны хабарланады. 
Бұл ретте материалдық және ақпараттық қолдау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   237




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет