Еңбек кодексімен реттеледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді.
20-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін қызметке тағайындау шарттары
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында тиісті лауазымға орналасу үшін қажетті білімі, кәсіби даярлығының деңгейі болуға тиіс.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына:
1) заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамды тағайындауға болмайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітеді.
20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында олардың болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толу;
3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;
4) кірістері мен мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсыну;
5) осы Заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға бермеу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтерді ұсыну;
8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.
20-4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұйымдарға баруға;
5) басшыдан Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл айқындауды талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылардың, өзге де жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өзiне әдiл әрі құрметпен қарауына;
7) Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8) өздерiнiң лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған кезде жеке түсiнiктемелер беруге;
9) бiлiктiлiгi, қабілетi, өзiнiң лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға;
10) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.
2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметшілері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған тәртiппен ант беруге;
3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға;
5) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге;
7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен жұмыс істеген кезде (оларға қолжетімділік болғанда) алынған ақпаратты қоса алғанда, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде кез келген жеткізгіш түрінде, қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтары құпиясын және өзге де ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
11) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруге және сенімгерлікпен басқару жөніндегі шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр қызметіне табыс етуге міндетті.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигацияларын, акцияларын сатып алуға құқылы емес.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, төлем жүйелерін пайдаланушылардың, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, уақытша әкімшіліктердің (уақытша әкімшілердің), банктердің тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және әділ орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жайлар туралы, оның ішінде:
тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары;
тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары;
тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілердің алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті.
20-5-бап. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің жауапкершілігі
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері өздерiне жүктелген мiндеттер мен еңбек тәртібін орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілеріне тәртіптік жазаның мынадай түрлері:
1) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
2) лауазымын төмендету;
3) еңбек шартын бұзу қолданылады.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жазаны қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.
Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос лауазым болған кезде қолданылады.
Еңбек шартын бұзу түріндегі тәртіптік жаза «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша қолданылады.
3. Тәртiптiк жазаны:
1) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртіптік жауаптылыққа тартылатын қызметшісін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам қолданады;
2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің актiсiнде айқындалатын тәртiппен қолданылады.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының тәртiптiк терiс қылыққа жол берген қызметшілерін оларды қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар лауазымды адам белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
5. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
6. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi тоқтатқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қолданылуы мүмкiн.
7. Тәртіптік жаза қолданудың бiр жылдық және үш айлық мерзімдерінің өтуі Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің еңбекке уақытша жарамсыздығына, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.
8. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оларға қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.
9. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының жауапқа тартылған қызметшілері мен техникалық қызметшілері Қазақстан Ұлттық Банкінің iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне сотқа шағым жасай алады.
10. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздерде және тәртiппен тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауаптылықта болады.
5 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің Мемлекеттік өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертiлдi (бұр. ред. қара)
21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдарының заңда бекітілген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөніндегі қызметiне араласуға құқы жоқ.
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттік маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бір-бірiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасарларының бірi Үкiмет мәжілістерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкінің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жүйелі қаржы дағдарысы туындауын болдырмау және оның салдарын азайту мақсатында қаржы тұрақтылығы үшін тәуекел факторларын бірлесіп бағалау, келісілген шешімдер кешенін әзірлеу, қабылдау және іске асыру жолымен қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агенті
Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 24-бап жаңа редакцияда ҚР 08.12.97 ж. № 200-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi
24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Банкi
Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржы кеңесшiсi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттің ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi
Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында келісілген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң агентi ретiнде оған мемлекеттік заемына қызмет көрсетедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 27-бап өзгертiлдi
27-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттік қарызын олардың банк жүйесіндегі өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 28-бап жаңа редакцияда; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Мемлекеттік бағалы қағаздар айналысын реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкi Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |