Источник: ис параграф, 06. 05. 2013 11: 38: 27 Қазақстан Республикасының



бет5/6
Дата04.03.2016
өлшемі1.14 Mb.
#38483
1   2   3   4   5   6
6 тарау. Ақша-кредит саясаты

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 29-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Ақша-кредит саясаты:

қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;

ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;

ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;

ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 30-бап жаңа редакцияда



30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi

Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

1) қарыздар беру;

2) депозиттер қабылдау;

3) валюталық интервенциялар;

4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;

5) мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 31-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 31-бап жаңа редакцияда



31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы

Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.

Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 32-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 32-бап өзгертiлдi  (бұр. ред. қара)

32-бап. Резервтiк талаптар

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын жүзеге асыру мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi резервтiк талаптар туралы қағидаларды, банктердің есеп айырысу үшін қабылдайтын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгi резервтiк талаптарды орындау шарттарын, резервке қою тәртібін бекітеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бір айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.

Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.



Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады.

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 33-бап жаңа редакцияда



33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату

Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 34-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 34-бап жаңа редакцияда

34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкалары

Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 35-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 35-бап жаңа редакцияда; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 35-бап өзгертiлдi  (бұр. ред. қара)

35-бап. Қарыздар

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.

Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары әрі тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн.

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 36-бап жаңа редакцияда

36-бап. Валюталық интервенциялар

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-1-баппен толықтырылды



36-1-бап. Депозиттер

Депозиттердi тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-2-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 36-2-бап өзгертiлдi  (бұр. ред. қара)



36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзiмдi ноталары

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын, олар бойынша міндеттемелерді Қазақстан Ұлттық Банкi көтеретін мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар.

Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 36-3-баппен толықтырылды



36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу

Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 37-бап өзгертiлдi

37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер

Қазақстан Ұлттық Банкінің тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.

Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.

7 тарау. Ақша айналысы және ақша бірлiгi



38-бап. Ақша бірлiгi

Қазақстан Республикасының ақша бірлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.

Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.

Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда

39-бап. Төлем құралы

Қазақстан Ұлттық банкінің заң актілерінде, нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бірден-бір заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 40-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару

Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен ; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 41-бап өзгертiлдi



41-бап. Ақша бірлiгiнiң қамтамасыз етiлуi

Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкінің сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.

Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің мөлшері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап тұрады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 42-бап өзгертілді



42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы

Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгiлейдi.



Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi:

инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеталар;

коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, бағалы металдардан, сол сияқты бағалы емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар;

айналыстағы монеталар - бағалы емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар.

Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 43-бап өзгертiлдi

43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын талаптар

Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.

 

2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды



43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып алуы

Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 44-бап жаңа редакцияда



44-бап. Ақша бірлiгiн айырбастау құқығы

Ақша бірлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бірлiгiнiң қолданылу тәртібін, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.

45-бап. Банкноттар мен тиындарды ауыстыру

Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандардың төлемдiлiгiн анықтау және оларды айырбастау тәртібін белгiлейдi әрi бұл жөнiнде баспасөзде жарияланады.

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 46-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 46-бап жаңа редакцияда

46-бап. Тозған және бүлiнген банкноттар

Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.

Тозған және бүлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 47-бап өзгертiлдi

47-бап. Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасағаны үшiн жауапкершiлiк

Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қылмыстық және мүлiктiк жауаптылыққа тартылады.



 

ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 47-1-баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 47-1-бап өзгертілді

47-1-бап. 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен тараудың атауы жаңа редакцияда



8 тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 48-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 48-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 09.07.03 ж. № 482-II Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен 48-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемдерi мен аударымдарын және төлем жүйелерiн ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:

1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;

2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлігі мен сенiмділiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды.

Төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі.



Қазақстан Ұлттық Банкі төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:

1) төлем жүйелеріне қадағалау (оверсайт) жүргізу тәртібін белгілеуге;

2) төлем жүйелерін ұйымдастырудың және олардың жұмыс істеуінің шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

3) төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыруға;

4) төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және олардың жұмыс істеуін тексеруге;

5) ақша төлемдері мен аударымдары, төлем жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша төлем жүйелерінің қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;

6) төлем жүйелері қатысушыларының қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.

 

 

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 48-1-баппен толықтырылды



48-1-бап. 2005.08.07.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет