Источник: ис параграф, 06. 05. 2013 11: 38: 27 Қазақстан Республикасының


№ 69-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред



бет6/6
Дата04.03.2016
өлшемі1.14 Mb.
#38483
1   2   3   4   5   6
№ 69-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертiлдi



49-бап. Шоттар

Қазақстан Ұлттық Банкi банк шоттарының түрлерін, құқықтық режимін және құрылымын, шоттарды ашу, жүргізу және жабу тәртібі мен шарттарын белгiлейдi.

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 50-бап жаңа редакцияда

50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актілерінде белгіленедi.

51-бап. 11.07.97 ж. № 154-1 ҚР Заңымен алып тасталды

 

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-1-тараумен толықтырылды



8-1-тарау. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ЖӘРДЕМДЕСУ

 

51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру

Қазақстан Ұлттық Банкi дербес және (немесе) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:

1) қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға ұдайы мониторинг жүргізеді;

2) қаржы жүйесін макропруденциалдық реттеуді жүзеге асырады;

3) Қазақстан Ұлттық Банкiнің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттармен және мерзімдерде банктер үшін соңғы сатыдағы қарыз беруші болады.



 

51-2-бап. Макропруденциалдық реттеу



Макропруденциалдық реттеу деп қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдерін реттеуге бағытталған әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар кешені түсініледі.

Жүйелік тәуекелдер деп, тұтастай алғанда, басталуы қаржы жүйесінің тұрақсыздануына әкеп соғатын және оның тұрақты жұмыс істеуіне нұқсан келтіретін қаржы жүйесінің тәуекелдері түсініледі. Қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдері жүйе құраушы қаржы ұйымдарының тәуекелдерін де қамтиды.

Жүйе құраушы қаржы ұйымдары деп тұрақты жұмыс істеуіне тұтастай алғанда, қаржы жүйесінің тұрақтылығы байланысты болатын қаржы ұйымдары түсініледі.

Қазақстан Ұлттық Банкi макропруденциалдық реттеуді жүзеге асыру мақсатында:

1) тұрақты негізде қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді;

2) қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу тәртібін айқындайды;

3) қаржы жүйесі жүйелік тәуекелдерінің деңгейін төмендету және олардың басталуының алдын алу үшін пруденциалдық нормативтерді және (немесе) жүйе құраушы қаржы ұйымдары үшін сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы;

4) жүйелі қаржы дағдарысы туындаған немесе туындау қаупі төнген жағдайда, дербес немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесе отырып, қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеу енгізеді.

 

 

9 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 52-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-бап жаңа редакцияда



52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкіндегі банк шоттарының иелерi

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.

ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 52-1-баппен толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 52-1-бап өзгертілді

52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi

Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бір жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;

2) өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын вексельдердің бірінші сыныпты эмитенттерінің коммерциялық вексельдерін қайта есепке алады;

3) мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;

7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;

9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 53-бап өзгертiлдi

53-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықпен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 54-бап өзгертiлдi

54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің операциялары бойынша шектеулер

Қазақстан Ұлттық Банкінің:

- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;

- қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;

- Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;

- берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру.

Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен Х Тараудың атауы өзгертiлдi



10 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің сыртқы экономикалық

қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар

 

55-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)



ҚР Президентінің 02.08.95 ж. № 2396 Заң күшi бар жарлығымен; 03.07.96 ж. № 18-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 56-бап өзгертiлдi; 2009.04.07 № 167-ІV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 56-бап өзгертілді

56-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы функциялары

Қазақстан Ұлттық Банкі:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысы тәртібін белгілейді;

2) резиденттердің және резидент еместердің Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;

3) резиденттердің репатриация талаптарын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт пен импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының бірыңғай ережелері мен шарттарын және экспорт-импорт валюталық бақылауын жүзеге асырудың тәртібін белгілейді;

4) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жіберу тәртібін белгілейді;

5) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді және оған лицензия береді;

6) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес айырбастау пункттерін тіркеу тәртібін белгілейді және оларды тіркеу куәліктерін береді, сондай-ақ олардың қолданылуын тоқтата тұрады;

7) шетелдік валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

8) валюталық операциялар туралы, Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетелдік банктерде ашқан шоттары туралы тіркеуді және хабарлама беруді жүзеге асырудың тәртібін белгілейді, сондай-ақ тіркеу куәліктері мен хабарлама туралы куәліктерін береді;

9) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу тәртібін айқындайды;

9-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының тәртібін белгілейді және мониторингін (валюталық мониторинг) жүзеге асырады;

10) арнайы валюта режимі шеңберінде валюталық операциялар жүргізуге арнайы рұқсат береді;

11) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға міндетті валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептіліктің тәртібі мен нысандарын, сондай-ақ валюталық бақылау агенттерінің есептеме беру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;

12) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының банктік және валюталық заңнамасында көзделген санкцияларды қолданады.

Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де функцияларды орындауға құқылы.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



57-бап. Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен жасалатын операциялар

Қазақстан Ұлттық Банкi шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтермен мынадай операцияларды жүргізеді:

шетел валютасын сатып алады және сатады;

Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасында, шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепiлдiк берген бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;

Қазақстан Республикасының банктерінде, өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банктерде, шетел банктерінде және басқа қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша тиiстi құқығы бар шетелдік орталық банк, шетел банктері және басқа қаржы институттары, шет елдердің үкіметтері мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шоттарды ашады және жүргiзеді, олардың өкiлі немесе корреспонденті ретiнде iс-әрекет жасайды;

тазартылған алтынды, басқа бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырған кезде оларды бағалауды жүзеге асырады;

ішкі және сыртқы нарықтарда тазартылған алтынды және басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiндегі, оның ішінде мемлекеттің басым құқығын іске асыру шеңберінде тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі операцияларды жүргiзеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына шетел валютасындағы активтер мен бағалы металдарды әкеледі, сондай-ақ оларды шетел банктеріндегі және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге әкетеді;

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы оларға қойылатын талаптарды айқындайтын бағалы қағаздармен операцияларды жүргізеді;

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ең төменгі деңгейін айқындайтын кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестермен ақша нарығының құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операциялардың кез келген түрін шектеусіз жүзеге асырады.

Осы Заңда көзделген мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді орындау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі активтерді салу тәуекелін ескере отырып және оларды басқарудың негізгі қағидаттарына сәйкес, шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді олардың ұзақ мерзімді болашақта сақталуын, өтімділігі мен кірістілігін қамтамасыз ете отырып басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 58-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



58-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері

Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервтері (бұдан әрі - алтын-валюта резервтері) халықаралық капитал нарығында жоғары өтімділікке ие Қазақстан Ұлттық Банкі активтерінен Қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады және:

тазартылған құйма алтынды және металл шоттарындағы алтынды;

Халықаралық валюта қорындағы резервтік позицияны және Халықаралық валюта қорының арнайы қарыз беру құқығындағы активтерді;

қолма-қол ақшаны, шетел банктерінде орналастырылған депозиттерді қоса алғанда, еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді және эмитенттері шетелдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын бағалы қағаздарды;

өтімділікке және шектеу талаптарынсыз пайдалану мүмкіндігіне ие, еркін айырбасталатын шетел валюталарында номинирленген басқа да сыртқы активтерді қамтиды.

Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерін ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, алтын-валюта резервтерін кредиттер (қарыздар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместеріне кепiлдiктер немесе басқа да мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкі алтын-валюта резервтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді:

Қазақстан теңгесi мен шетел валютасына тазартылған алтынды сатып алу;

Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый монеталарын қоса алғанда) және шетел валютасына Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінен еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сатып алу;

шетел валютасымен депозиттік, салымдық, дилингтік операциялардан және шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздармен операциялардан, сондай-ақ оларға шетел валютасында берілген кредиттерден түсетiн еркін айырбасталатын шетел валютасындағы комиссиялық және басқа да сыйақы түсімдері;

Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтында номинирленген бағалы қағаздарымен операциялардан түсетін түсiмдерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынды сатудан, депозитке салудан және онымен басқа да операциялар жүргізуінен түсетін алтын және еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;

Қазақстан Ұлттық Банкінің шетел валютасындағы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруынан түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер;

Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттерден түсетін түсімдер;

осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететін қызметтерден түсетін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы түсімдер жолымен жүргізеді.

Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта резервтерінің құрылымын азайтуды және өзгертуді:

айырбастау бағамы саясатын қоса алғанда, ақша-кредит саясатын жүргiзу және iшкi валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздікті деңгейлестіру мақсатында еркін айырбасталатын валютаны сату;

бюджет қаражаты және Қазақстан Ұлттық Банкiнің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен, Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық міндеттемелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы борышын өтеу және оған қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттемелерін, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;

өнiм (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импортына ақы төлеу, шет елдегі дипломатиялық және өзге де өкiлдiктердi ұстау, iссапар және өкілдік шығыстарын төлеу;

басқа шетел валютасын сатып алу үшін еркін айырбасталатын шетел валютасындағы активтерді сату;

Қазақстан Ұлттық Банкінің эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу;

Қазақстан Ұлттық Банкі алған кредиттер бойынша негiзгi соманы және сыйақыны қайтару, сондай-ақ комиссиялық және соларға iлеспе басқа да шығыстарды төлеу;

тазартылған алтынды Қазақстан теңгесіне және шетел валютасына өткізу;

шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқару мен сақтауға байланысты шығыстарды төлеу;

шығынды алтын-валюта резервтерін есептен шығару жолымен жүргізеді.

Алтын-валюта резервтерін ұлғайту немесе азайту алтын-валюта резервтеріне кіретін активтердің нарықтық құнының өзгеруі және Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған еркін айырбасталатын валютадағы банк шоттары иелерінің-резиденттердің операциялары нәтижесінде де жүргізіледі.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 59-бап өзгертiлдi; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 59-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 59-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



59-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығы

Қазақстан Республикасының өндіру және шығару субъектілерімен бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алу жөніндегі мәмілелерді жасасуға басым құқығы бар.

Қазақстан Ұлттық Банкі өндіру және шығару субъектілерінен бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырушы орган болып табылады.

Өндіру және шығару субъектілері тазартылған алтынды өткізген кезде ол басымдықты түрде Қазақстан Ұлттық Банкіне ұсынылады.

Мемлекеттің басым құқығы көлік шығыстарын, өткізу шығындарын және Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондон сапалы жеткізілімі» («London good delivery») стандарты ретінде белгіленген халықаралық сапа стандарттарына сай келмейтін тазартылған алтынды сатып алған жағдайда қолданылатын сапа жеңілдігін шегергендегі халықаралық нарықта қалыптасқан бағалар пайдаланылып есептелген бағалар бойынша тазартылған алтынды сатып алу жолымен іске асырылады.

Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырудан бас тартқан жағдайда тазартылған алтынды өндіру және шығару субъектілері оны өздерінің қалауынша өткізеді.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 60-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 60-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 60-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



60-бап. 2009.11.07 № 185-ІV Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 11-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



11-тарау. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЗАҢНАМАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

 

61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының бақылау мен қадағалау жөніндегі өкілеттіктері

2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, почта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.

2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, почта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауын қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес және өздерінің қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғамай, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.

3. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалауды осы Заңға сәйкес тексеру жүргізу нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.

4. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен және бақылау мен қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасуға құқылы.

 

62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының тексеру түрлері

1. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы өз бетінше не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып, тексерілетін субъектілердің қызметіне кешенді түрде не олардың қызметінің жекелеген мәселелері бойынша іріктеп жоспарлы, жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулер жүргізеді.

2. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының жоспарлы тексеруі тексерулер жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі емес, тексерілетін субъектіге бара отырып жүзеге асырылады.



Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының тексерулерді жоспарлауы жартыжылдық негізде жүзеге асырылады. Тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Тексерулер жоспарларын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының тиісті бұйрығының негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекітеді.

3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының жоспардан тыс тексеруі тексерілетін субъектіге бара отырып мынадай жағдайларда:

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген сұрау салулары келіп түсуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты;

2) Қазақстан Ұлттық Банкі және (немесе) оның ведомствосы бақылау мен қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын және қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын анықтаған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;

4) алдыңғы тексеру анықтаған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.



Жоспардан тыс тексеру бір мезгілде бірнеше субъектінің Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері жөніндегі қызметін қамтуы мүмкін.

4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының құжаттамалық тексеруі бастапқы статистикалық және әкімшілік деректерді талдау процесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу белгілері анықталған кезде не жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері және Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеруді талап ететін өзге де ақпараттың келіп түсуіне байланысты тексерілетін субъектіге бармай-ақ, құжаттар мен ақпаратқа сұрау салу нысанында жүзеге асырылады.



 

62-2-бап. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі

1. Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі ведомствосының және аумақтық филиалдарының басшылары не тиісті бұйрық негізінде өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді белгілеу туралы актінің (бұдан әрі - тексеруді белгілеу туралы акт) негізінде жүргізеді.

Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру белгіленген жағдайда оны белгілеу туралы акт тексеруді белгілеу туралы актілерді тіркеу журналында тіркеледі. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелері, аумақтық филиалдары және ведомствосы тексеруді белгілеу туралы актілерді тіркеудің жеке журналдарын жүргізеді.

Қазақстан Ұлттық Банкі немесе оның ведомствосы тексеруді белгілеу туралы актіні тексеру басталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.

Тексеруді белгілеу туралы актіде:

1) актінің нөмірі мен күні, айы, жылы;

2) тексеруші қызметкерлердің, сондай-ақ тексеруді басқару жүктелген адамдардың тегі, аты-жөні және лауазымы;

3) өзіне қатысты тексеру жүргізу белгіленген тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;

4) тексерудің түрі;

5) тексеруге жататын мәселелер;

6) тексеруді жүргізу мерзімі;

7) тексерілетін кезең көрсетіледі.

2. Тексерілетін субъектінің басшысына (оның орынбасарына) тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тапсырылған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі. Тексерілетін субъектіге тексеру белгілеу туралы актінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін оның түпнұсқасына актіні алғаны және онымен танысқаны туралы белгі қойылады.

Тексеруді белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі жасалған жағдайда тиісті акт жасалады. Актіге Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы қол қояды. Тексерілетін субъектінің қызметкері тексеруді белгілеу туралы актіні қабылдаудан бас тартқан кезде онда тиісті жазба жасалады. Тексеруді белгілеу туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеуге негіз болып табылмайды. Тексерілетін субъект тексеруші топтың сұрау салуында көрсетілген мерзімде құжаттарды, ақпаратты беруден бас тартқан, тексеруді белгіленген мерзімде жүргізудің мүмкін болмауына әкеп соқтырған, осы баптың шарттары орындалмаған жағдайда, тексеруді белгілеу туралы актіні бекітуге уәкілетті лауазымды адамның келісімімен тексеру басшысының шешімі бойынша тексеру жүргізілмеген болып есептеледі.

Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) болмаған жағдайда тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) актінің түпнұсқасына қол қойғыза отырып тапсырылады.

Тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсырылған кезде тексерілетін субъект басшысының (оның орынбасарының) оны алғаны туралы белгісі бар тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесі тексеруді белгілеу туралы акт тапсырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының лауазымды адамдарына ұсынылуға тиіс.

Тексеруді белгілеу туралы актінің көшірмесін тексерілетін субъектінің қызметкеріне не оның құрылтайшысына (құрылтайшыларының біріне) тапсыру мүмкін болмаған жағдайда ол тексерілетін субъектінің және (немесе) оның басшысының (оның орынбасарының) тіркелген жері бойынша хабарлана отырып, почта арқылы тапсырыс хатпен жіберіледі. Хат кері қайтарылған және тексеруді белгілеу туралы актіні тексеру жүргізу белгіленген мерзімде тапсыру мүмкін болмаған кезде тексеру жүргізілмеген болып есептеледі. Бұл ретте, тексеру басшысы тексеруді белгілеу туралы актіні бекітуге уәкілетті лауазымды адамды бұл жөнінде жазбаша хабардар етеді.

3. Тексерілетін субъект тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей, тексеру басшысының немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерінің атына:

1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тексерудің аяқталуы туралы актімен, аралық актімен және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актімен танысуға және оған қол қоюға жауапты басшы және оны алмастыратын адам;

2) тексерілетін субъектінің қажетті құжаттарды (мәліметтерді) дайындауға, оларды тексеруші қызметкерлерге уақтылы беруге және (немесе) тексеруші қызметкерлерден аралық актілерді алуға жауапты мамандары туралы деректері бар хатты ұсынады.

4. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің ауқымдылығына байланысты жоспарлы, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Ұлттық Банкі ведомствосының және аумақтық филиалдарының басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша актінің негізінде отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Тексеруді ұзарту туралы қосымша актіде тексеруді белгілеу туралы алдыңғы актінің нөмірі және күні көрсетіледі.

5. Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерге өзінің әкімшілік ғимараттарына (оның ішінде мереке және демалыс күндері) кіруге рұқсат беруге, жұмыс істеу үшін ұйымдастыру техникасымен және қалааралық байланыспен жабдықталған жеке үй-жай ұсынуға, тексерілетін субъектінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде деректерді түзету мүмкіндігінсіз, нақты уақыт режимінде (деректерді қағаз жеткізгішке шығару мүмкіндігімен қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелерге және дерекқорларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге, тексеруші қызметкерлерге қажетті құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде электрондық түрдегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға мүмкіндік беруге, сондай-ақ тексеруші қызметкерлердің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруді қамтамасыз етуге және тексеруші қызметкерлерге тексеруді уақтылы аяқтауға жәрдемдесуге міндетті.

6. Тексеруші қызметкерлер тексерілетін субъектінің басшысына, тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшыға не тексерілетін субъектінің өзге де уәкілетті қызметкеріне көрсетілген мерзімде орындалуға жататын жазбаша сұрау салуды жібереді.

Тексерілетін субъект тексеруші қызметкерлерден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген мерзімде тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.

7. Тексеруші қызметкер ауыстырылған (тексеруші топтың құрамы өзгертілген) кезде қосымша акт жасалады, онда тексеруді белгілеу туралы бұрын жасалған актінің нөмірі мен күні және тексеруші қызметкерді ауыстыру (тексеруші топтың құрамын өзгерту) негіздері көрсетіледі.

8. Тексерілетін субъектіге тексеруді аяқтау туралы акті тапсырылған күн жоспарлы, жоспардан тыс тексерудің аяқталған күні болып есептеледі. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеруді аяқтау туралы актіге тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қояды және ол тексерілетін субъектіге тексеруді белгілеу туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей тапсырылады.

 

62-3-бап. Құжаттамалық тексеруді жүргізу ерекшеліктері

1. Құжаттамалық тексеру оны белгілеу туралы актіні ресімдеуді талап етпейді.

2. Құжаттамалық тексеру кезінде қосымша мән-жайларды анықтау мақсатында тексерілетін субъектінің атына уәкілетті лауазымды адам қол қойған сұрау салу жіберіледі, онда:

1) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері;

2) құжаттамалық тексерудің негізі;

3) тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына ұсынуға міндетті құжаттардың тізбесі;

4) сұратылған материалдарды ұсыну мерзімі;

5) қажет болғанда, тексерілетін субъект тарапынан түсіндіру талап етілетін мәліметтер көрсетіледі.

3. Тексерілетін субъект, егер сұрау салуда өзгеше белгіленбесе, сұрау салуды алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сұратылған құжаттар мен түсініктемелерді береді.

4. Тексерілетін субъект тарапынан қол қою талап етілмейтін құжаттамалық тексерудің нәтижелері туралы қорытындыға уәкілетті лауазымды адам қол қойған күн құжаттамалық тексерудің аяқталуы болып табылады.

 

62-4-бап. Тексерулердің өзге де мәселелері

1. Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерлері қажет болғанда тексерілетін субъектіге танысу үшін ұсынылатын аралық актілерді жасайды.

2. Тексерілетін субъект аралық актіні алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы қол қойған аралық актінің бір данасын қайтарады және аралық актінің мазмұнына қатысты ескертулер болған жағдайда өзінің жазбаша қарсылықтарын тексеру басшысына ұсынады.



Аралық актілерде жазылған қорытындылар алдын ала жасалған қорытындылар болып табылады және тексерілетін субъектіден, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған қарсылықтар мен қосымша ақпарат ескеріле отырып, тексеру нәтижелері туралы актіде қайта қаралуы мүмкін.

3. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру аяқталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тексерілетін субъекті басшысының атына Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының тексеруші қызметкерлері, тексеру басшысы және оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы актінің екі данасы жіберіледі.



Тексеру нәтижелері туралы актіде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) актінің жасалған күні және орны;

2) тексеруді жүргізген органның атауы;

3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді белгілеу туралы актінің күні және нөмірі;

4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы;

5) тексерілетін субъектінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса), тексерілетін субъекті басшысының не оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

6) тексеруді жүргізу орны және кезеңі;

7) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;

8) тексерілетін субъекті басшысының (оның орынбасарының) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысының не осы баптың 7-тармағында көрсетілген өзге де адамның тексеру нәтижелері туралы актімен танысқаны туралы мәліметтер;

9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы.



Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелерімен байланысты қажетті құжаттар (мәліметтер) немесе олардың көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

4. Тексерілетін субъектінің басшысы (оның орынбасары) не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын қабылдайды, актінің екінші данасының әрбір парағына қол қояды, оның соңғы парағына лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, алған күні туралы белгі қояды және тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, оны Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жібереді. Тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексеру нәтижелерін тексерілетін субъектінің атқарушы және басқа да басқару органдарының назарына жеткізеді.

5. Тексеру нәтижелері бойынша қарсылықтар болған кезде тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жазбаша нысанда ұсынады.

6. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде жазылған тексерілетін субъектіні тексеру нәтижелері, қажет болғанда, тексерілетін субъектінің басшылары шақырыла отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының (оның орынбасарларының), оның ведомствосы басшысының (оның орынбасарларының), Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының бөлімшелері басшыларының (олардың орынбасарларының), тексеруге басшылық ету жүктелген адамдардың төрағалық етуімен өтетін кеңесте қаралады.



Кеңес нәтижелері кеңес төрағасы қол қойған хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тексерілетін субъектінің басшысына танысуға жіберіледі. Қарсылықтары болған жағдайда тексерілетін субъект кеңес хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына жазбаша нысанда ұсынады.

Қазақстан Ұлттық Банкі немесе оның ведомствосы тексерілетін субъектінің кеңес хаттамасына қарсылықтарымен келіспеген кезде түпкілікті шешімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның ведомствосының басшысы не олардың орынбасары қабылдайды және ол тексерілетін субъект басшысының назарына жеткізіледі.

7. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы қол қояды.



Тексерілетін субъектінің басшысы, оның орынбасары не тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етуге жауапты басшысы болмаған кезде жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіге тексерілетін субъект тарапынан оның құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) не тексерілетін субъектінің атынан, оның ішінде тиісті бұйрық және (немесе) сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын өзге қызметкері қол қояды.

8. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген адамдар болмаған және оларға тексеру нәтижелері туралы актіні қол қою үшін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда тексеруші адамдар оның нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап тексеру аяқталған болып есептеледі.

9. Тексеру нәтижелері Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының өз функцияларын орындауы мақсатында ғана пайдаланылуға тиіс.

10. Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіні тексерілетін субъект жарнамалық немесе өзге де мақсатта өзінің қаржылық жай-күйін растау үшін пайдалана алмайды, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

11. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкіне немесе оның ведомствосына берген қаржылық және өзге есептіліктің құжаттамалық деректері жоспарлы, жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актіде келтірілген мәліметтерге сәйкес келмеген кезде тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының нұсқауы бойынша өзінің есептілігін, тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген нақты деректерге, оның ішінде өткен есепті күндерге сәйкес келтіреді.

12. Тексерілетін субъект Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомствосы белгілеген мерзімде жоспарланған шаралары, жауапты орындаушылары және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуге ұсынады.



Іс-шаралар жоспарын Қазақстан Ұлттық Банкінің ведомствосымен келісуден өткізген соң тексерілетін субъект бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы есептерді не іс-шаралар жоспары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалмау себептері туралы түсініктемелерін береді.

13. Тексерілетін субъектінің осы Заңның 62-2-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде, 3, 5 және 6-тармақтарында, 62-3-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы баптың 2, 4 және 12-тармақтарында көрсетілген талаптарды бұзуы тексерілетін субъектіге не оның басшысына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға негіз болып табылады.

14. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметкерлеріне тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

15. Тексеруді жүзеге асыратын адамдар тексерілетін субъектінің қызметін тексеру барысында алынған және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.



 

62-5-бап. Бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары



Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілетін ақпарат пен есептілікті талдау;

2) қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау үшін олардың қызметін талдау (қашықтан қадағалау);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген рұқсат беру құжаттарын келісу, беру және қайтарып алу, келісулер, лицензиялау, бағалы қағаздардың шығарылымдарын тіркеу, бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту, бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мәселелері бойынша құжаттарды, үлестес тұлғалар туралы ақпаратты қарау;

4) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің үй-жайлардың техникалық жарақталуына қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеріп қарау;

5) кредиттік тарих жүйесіне және сақтандыру бойынша дерекқорына қатысушылардың қауіпсіздік жүйесін және үй-жайларына, электрондық және өзге жабдықтарына қойылатын талаптарды орындауын тексеріп қарау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы ұйымдарына өз өкілін жіберу;

7) аккредиттеу, тізілімдерді жүргізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу;

8) белгіленген пруденциялық нормативтердің және (немесе) өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің, оның ішінде шоғырландырылған негізде орындалуымен немесе сақталуымен байланысты қызметті талдау;

9) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;

10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;

11) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының кредиторлары комитетінің құрамын бекіту;

12) мәжбүрлеп таратылатын банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы есепті және тарату балансын келісу;

13) валюталық бақылау агенттеріне олардың валюталық бақылауды тиісінше жүзеге асыру мақсатында орындауы үшін міндетті тапсырмалар беру;

14) тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша олардың кездесулері мен талқылауларын өткізу;

15) қаржы ұйымдарының және сақтандыру тобының немесе банктік конгломераттың бас ұйымының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауымен байланысты қызметті талдау;

16) актуарийлердің біліктілік емтиханын өткізу;

17) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту жолымен жүзеге асырады.

 

12 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің есеп беруi



65-бап. Қаржы жылы

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 66-бап жаңа редакцияда; ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 66-бап өзгертілді

66-бап. Есеп беру

Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуiне жылдық есеп берiп отырады.

Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн қарап, оны бекіту туралы шешiм қабылдайды.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 67-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді



67-бап. Жылдық есеп

Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебi:



- ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;

- Қазақстан Ұлттық Банкінің өткен жылғы қызметi туралы есептi;

- Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қамтиды.

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 68-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 68-бап өзгертілді



68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiн тексеру

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық есептілігінің аудитін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттің немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің орталық банкіне аудит жүргізу тәжірибесі бар аудиторлық ұйым жыл сайын жүргізеді.

Тексерiс кезiнде алынған әрбір ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.

Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ұйымдарының қызметiне жасалған кез келген мемлекеттік органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.

13 тарау. Қорытынды ережелер

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 69-бап өзгертілді

69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің таратылуы

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 70-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

70-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер

Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді өтеусіз алуға құқылы. Бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.

Мемлекеттік органдар, қаржы және өзге де ұйымдар, олардың қауымдастықтары (одақтары), сондай-ақ жеке тұлғалар Қазақстан Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша құжаттарды, қаржы есептемесін қоса алғанда, есептемені және қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларын орындауына қажетті өзге де қосымша ақпаратты беруге міндетті.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; ҚР 03.05.01 ж. № 182-II Заңымен 70-1-бап жаңа редакцияда; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 70-1-бап өзгертілді



70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi

Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетінше белгiлейдi.

Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға өтеусіз негізде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 71-бап жаңа редакцияда



71-бап. Талап етудің ескіру мерзімі

Қазақстан Ұлттық Банкінің кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде қарыз алушыларға қоятын талаптарына талап етудің ескіру мерзiмi қолданылмайды.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 08.12.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 72-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)  



72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жауапкершiлiгi

Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 73-бап өзгертiлдi



73-бап. 10.07.03 ж. № 483-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 74-бап өзгертiлдi



74-бап. Осы Заңның күшiне енуi

Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.



Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Н. Назарбаев

 

 Астана, Ақорда, 1995 жылғы наурыздың 30-ы.



 № 2155

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет