Источник: ис параграф, 06. 05. 2013 11: 38: 27 Қазақстан Республикасының



бет2/6
Дата04.03.2016
өлшемі1.14 Mb.
#38483
1   2   3   4   5   6
қағидаларын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

25) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша оның мемлекеттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетедi;

26) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;

27) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;

28) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ ішкі валюта нарығында шетел валютасын пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асырады;

29) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

30) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

31) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми баспа басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

32) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасасатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;

33) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;

34) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;

35) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдар өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;

36) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

37) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және оларды пайдалануды айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;

38) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;

39) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.

 

 



ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 3 тараудың тақырыбы жаңа редакцияда

3 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы және резервтері

 

11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы

Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының атынан өз балансындағы өзіне бекітіліп берілген мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.

 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi)

Қазақстан Ұлттық Банкінің резервтік капиталы кемінде жарғылық капитал мөлшерінде қалыптастырылады, бөлiнбеген таза табыс есебiнен толықтырылады және тек қана Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген тәртiппен жүргiзiлетін операциялар бойынша ысырапқа өтемақы төлеуге және залалдарды өтеуге арналады. Алтын-валюта резервтерiн және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналған. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.

Кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі залалдарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптарды және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса алғанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптар бойынша арнайы провизиялар (резервтер) қалыптастырылады.

 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап жаңа редакцияда; 2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді



11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің кiрiсi

Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы жылы iшіндегі таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма ретiнде айқындалады.



Алтын-валюта резервтерін және шетел валютасындағы өзге де активтерді қайта бағалау шоттарына жатқызылатын бағамдық қайта бағалау сомасын қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді қайта бағалау сомасына түзетілген таза кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлінбеген таза кірісі болып табылады. Бөлінбеген таза кіріс Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды ұлғайтуға жұмсалады.

Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, бөлiнбеген таза кiрiстiң қалған бөлiгi мерзiмiн бір қаржы жылына ұзарта отырып мемлекеттік бюджетке аударылады.



Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бір қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi.

 

4 тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары. Оларды қалыптастыру тәртібі және құзыреті



 

ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді



12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары

Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылым.

Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымына департаменттерден және басқа да бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер, ведомстволар мен ұйымдар кiредi.

 

ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672; 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2009.29.04 № 154-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 13-бап өзгертiлдi



13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Парламент Сенатының келісімiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметi үшiн жауапты.

14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары

Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.

Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.



ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672; 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 03.05.01 ж. № 182-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 69-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.04.07 № 167-ІV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.11.07 № 185-ІV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi; 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы және оның өкiлеттiктерi

Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы Басқарма болып табылады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы:

1) ең төменгі резервтік талаптар туралы қағидаларды;

2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын;

3) Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргізу қағидаларын;

4) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын;

5) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын;

6) Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларын;

7) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын;

8) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау қағидаларын;



9) ұлттық валютаның айналыстағы ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру қағидаларын;

10) қолма-қол ақша белгілерін ақша айналысынан алу қағидаларын;

11) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын;

12) тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын;

13) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге арналған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды;

14) банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялаудың тәртібі мен шарттарын;

15) Қазақстан Республикасында автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты;

16) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеу мәселелері жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, оның ішінде банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару қағидаларын, клиринг жүйесінде операциялар жүргізу қағидаларын, операторы Қазақстан Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын;

17) төлем жүйелеріне банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды;

18) Қазақстан Республикасында банкаралық клирингті жүзеге асыру қағидаларын;

19) төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассолық өкімдерді, чектерді ресімдеу, пайдалану және орындау, банк шотын тікелей дебетке алу, аккредитивтермен операциялар жүргізу, вексельдерді есепке алу және қайта есепке алу, жай және аударым вексельдерімен операциялар жүргізу, төлем карточкаларын шығару және пайдалану және қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәсілдерін пайдалану, қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді, сондай-ақ банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;

20) банк операцияларын жүзеге асыру кезінде электрондық банк қызметтерiн көрсету қағидаларын;

21) Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттар алмасу қағидаларын;

22) электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы электрондық ақшаның эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды;

23) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптарды белгілейтін қағидаларды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды;



24) банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін белгілейтін қағидаларды;

25) электрондық терминалдар және қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;

26) экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдер тағайындау және соларға сәйкес төлемдер жөнінде мәліметтер ұсыну қағидаларын;

27) Қазақстан Ұлттық Банкінің банктерге, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беруші ретінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға банк қарыздарын беру қағидаларын;

28) Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;

29) банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын;

30) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары лимитінің мөлшерін;

31) клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірменің мазмұнына қойылатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет