Источник: ис параграф, 06. 05. 2013 11: 56: 56 Қазақстан Республикасының



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі161 Kb.
#174978
1   2   3
10-бап. Пайда алушының құқықтары

Пайда алушының:

1) осы Заңда және қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға;

2) сақтанушы мен сақтандырушыдан қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға;

3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмге уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;

4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге;

5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;

6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенім бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға құқығы бар.

 

11-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты



1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандыру сыныбы және мiндеттi сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалады.

Сақтанушының өтiнiшi қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.

Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.

Сақтандыру шартының телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

5. Егер қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады.

6. қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:

1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;

2) сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн;

3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн;

4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн;

5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерiн;

6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн;

7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн;

8) шартқа өзгерістер енгізу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртібін;

9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн;

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



10) сақтандыру шартының нөмiрi мен сериясын қамтуға тиiс.

Тараптардың келісімi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.

 

12-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы



1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.

2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.



Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды.

3. Жұмыс берушiнiң қызметi он екi айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметтi жүзеге асыру мерзiмiне жасалады.



 

13-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы



1. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты:

1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған;

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшеріндегі сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады.

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде болған кейiннен сақтандыру жағдайлары деп танылған жазатайым оқиғалар бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөніндегі мiндеттерден босатпайды.

Зардап шегушi қызметкерге кәсiптiк ауруының табылуы салдарынан кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеген жағдайда, сақтандыру төлемiн кәсiптiк ауру белгiлi болған мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушы жүзеге асырады.

 

14-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату



Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

 

15-бап. Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы



Қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негiздерi және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалады.

 

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-бап. Сақтандыру сомасы

1. Сақтандыру сомасы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен айқындалады, бірақ ол жұмыс берушінің міндетті сақтандыру шартын жасасқан кездегі барлық қызметкерлердің еңбекақысының жылдық қорынан кем болмауға тиіс.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сақтандыру сомасы осы Заңның 19-бабына сәйкес көзделген сақтандыру төлемi (сақтандыру төлемдерi) және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстар мөлшерiнiң сомасына азайтылады.

3. Сақтандыру сомасы қызметкерлер еңбекақысының жылдық қоры өзгерген жағдайда өзгеруі мүмкін.

 

2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)



16-1-бап. Сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайлары

Қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесiн белгiлеуге не оның өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиға кезіндегі мән-жайлар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң 322-бабының 2-тармағында көзделген.

 

17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртібі



2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгіленген, персоналдың тиісті санаты бойынша еңбекақы төлеу қорына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады. Алынған сомалар қосылуға тиіс.

Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекақы төлеу қоры өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекақы төлеу қорының өзгеру сомасы және негізгі шарттың аяқталуына дейінгі қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне барабар есептеледі.

2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына және персоналдың санаттарына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған сақтандыру тарифтерiнiң төмендегiдей шектерi белгiленсiн:



 

Персоналдың

санаты

Кәсiптiк

тәуекел

сыныбы

Ең төменгі тариф (%)

Ең жоғарғы тариф (%)

Өндірістік

персонал

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8   

    9

    10

    11

    12

    13

    14

    15

    16

    17

    18

    19

    20

    21

    22

    0,04

    0,04

    0,16

    0,23

    0,23

    0,32

    0,47

    0,50

    0,50

    0,56

    0,58

    0,74

    0,80

    1,03

    1,07

    1,08

    1,15

    1,21

    1,45

    1,48

    2,94

    4,36

   0,13

   0,10

   0,35

   1,80

   0,53

   2,00

   2,15

   1,41

   1,57

   1,17

   2,90

   1,96

   2,74

   3,08

   3,40

   3,36

   9,83

   2,60

   4,08

   4,44

   9,99

   9,17

Әкiмшiлiк-

басқару

персоналы

Кәсiптiк

тәуекелдiң

барлық

сыныптары

үшiн

    0,04

   0,10

Көмекшi персонал

Кәсiптiк

тәуекелдiң

барлық

сыныптары

үшiн

    0,47

   2,15

 

3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен және мерзiмде біржолы немесе оның мерзiмiн ұзартып төлейдi. Егер қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданысы ішінде персоналдың санаттары мен қызметкердің кәсіптік тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда, сақтандыру сыйлықақысы жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеледі.

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 17-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн ұлғайту

Егер сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушының кiнәсiнен болса, сақтандырушы жұмыс берушiнiң қызметкерлерiнiң жалпы санына қарай үстемеақы коэффициентiн қолдану арқылы осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақының мөлшерiн мынадай мөлшерлерде:



1) зардап шегушi қызметкерлер саны екiден бес процентке дейiн болғанда 1,10 мөлшерiнде;

2) зардап шегушi қызметкерлер саны алтыдан он бес процентке дейiн болғанда 1,30 мөлшерiнде;

3) зардап шегушi қызметкерлер саны он бестен және одан да көп процент болғанда 1,50 мөлшерiнде ұлғайтуға мiндеттi.

Бұл ретте, осы тармақта белгiленген шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн ұлғайту қызметкердi жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандырудың алдыңғы шартының қолданылу кезеңiнде болған екi немесе одан да көп қызметкердiң қатысуымен сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайлары) басталған кезде жүзеге асырылады.

Осы тармақта көзделген үстемеақы коэффициенттерi сақтандыру жағдайына ұшыраған персоналдың сол санаттары мен кәсiптiк тәуекел сыныбы бойынша сақтандыру тарифiне қолданылады.

Үстемеақы коэффициентiн қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



18-бап. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау

1. 2007.07.05. № 244-III ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет