Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет33/33
Дата30.06.2016
өлшемі1.5 Mb.
#167303
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
3-бап.

1. Осы Заң:

1) 2014 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабының 117-тармағын;

2) 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 15) және 16) тармақшаларын, 47-тармағының 6) тармақшасын, 71-тармағы 11) тармақшасының төртінші абзацын, 100-тармағының 2) тармақшасын және 119-тармағын;

3) 2015 жылғы 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 29-тармағының 1), 2), 4), 5) және 6) тармақшаларын;

4) 2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 12) тармақшасын және 94-тармағының 1) тармақшасын;

2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) 2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 38-тармағының 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларын;

6) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 21) тармақшасының жетпіс үшінші абзацын;

7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 64-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші, сегізінші және он жетінші абзацтарын, 38-тармағы 1) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз бесінші және отыз жетінші абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 17), 24), 26) және 27) тармақшаларын және 92-тармағының 20) тармақшасын;

8) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 64-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткенге дейін осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 21) тармақшасының жетпіс жетінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:



«3. Аккредиттелген сараптама ұйымының штатындағы сарапшылар бұрын жасалған шарттар бойынша жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жеке-дара не өздерінің аттестаттарында белгіленген мамандану шегінде сарапшылар тобының құрамында қатысуды жалғастыруға құқылы.».

3. Осы Заңның 1-бабы 64-тармағының 2) тармақшасы төртінші абзацының қолданысы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац:



1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) - 8) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабының 3 - 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».

2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 21) тармақшасының елу алтыншы, елу жетінші және елу сегізінші абзацтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«1) мыналарға:

бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын жаңа объектілерді салу немесе бұрыннан барларын өзгерту;

мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз қаржыландырылатын ықтимал қауіпті жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу немесе бұрыннан барларын өзгерту үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға);»;

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«1) мыналарға:

қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;

бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын бұрыннан бар ықтимал қауіпті, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу үшін жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға);»

5. Осы Заңның 1-бабы 38-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацы, 7) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары, 8) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.



 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы желтоқсанның 29-ы.

269-V

 

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет