Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет26/33
Дата30.06.2016
өлшемі1.5 Mb.
#167303
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
143-баптың 6-тармағындағы «алқасына» деген сөз «палатасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

25) 144-бапта:

1-тармақтың 7) тармақшасындағы «айналысқан жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.» деген сөздер «айналысқан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) Республикалық палатадан шығарылған жағдайда, сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;

3-тармақтағы «алқасы» деген сөз «палатасы» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «алқасы» деген сөз «палатасы» деген сөзбен ауыстырылсын;

26) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«145-бап. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру

1. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беруді уәкілетті орган Республикалық палатамен бірлесе отырып, жеке сот орындаушысы лицензиясы бар және атқару округі шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жолдамасын алған адамдар арасынан конкурстық негізде жүргізеді. Өкілеттіктер беру, жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру жөніндегі конкурсты өткізу және жолдама алу шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

2. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктер берілген кезден бастап бір айдан кешіктірмей қызметке кірісуге тиіс.

3. Жеке сот орындаушысы қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына кеңсенің мекенжайы, қызметкерлер құрамы және жұмыс режимі туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті. Осыған ұқсас хабарламаны ол атқару округінің аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын баспасөз басылымдарында жариялауға тиіс.

4. Жеке сот орындаушысы атқару округінің аумағында кеңсесінің мекенжайы өзгерген кезде күнтізбелік үш күн ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына хабар беруге, сондай-ақ атқару округінің аумағында қазақ және орыс тілдерінде таралатын баспасөз басылымдарында жарияланым жасауға міндетті.»;

27) 148-бапта:



1-тармақта:

4) тармақшадағы «атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

«9-2) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған жағдайда, өндіріп алушымен келісу бойынша атқарушылық іс жүргізу материалдарын басқа жеке сот орындаушысына міндетті түрде бере отырып, жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына хабар беруге;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі туралы:

1) нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітетін ақпаратты, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық органына;

2) нысаны мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітетін ақпаратты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға береді.»;

28) 152 және 154-баптар мынадай редакцияда жазылсын:



«152-бап. Атқару округі

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағымен тұспа-тұс келетін, жеке сот орындаушысы қызмет ететін аумақ атқару округі болып табылады.

2. Атқару округіндегі жеке сот орындаушыларын айқындауды қалаларға, облыс аудандарына, қала аудандарына әкімшілік-аумақтық бөлуге сәйкес жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы жүзеге асырады.

Жеке сот орындаушысы атқару округінің бүкіл аумағында атқарушылық құжаттарды орындауды жүргізуге құқылы.

3. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді өзінің жұмыс орнынан тыс, атқару округінің шегінен тыс жерде жүзеге асырған кезде ол бұл жөнінде атқарушылық әрекеттерді жасаған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасын хабардар етеді.

4. Жеке және заңды тұлғалар атқарушылық құжаттарды орындауды жүзеге асыру үшін борышкердің тұрғылықты жері не жұмыс орны (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға тіркелген жер бойынша), мүлкі орналасқан жер бойынша жеке сот орындаушысына жүгінеді.»;

«154-бап. Жеке сот орындаушысының куәлігі, жеке мөрі, мөртабандары және бланкілері

Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, атқару округінің атауы, жеке сот орындаушысы лицензиясының нөмірі көрсетілген куәлігі, жеке мөрі, сондай-ақ мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Куәлік пен жеке мөрдің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. Куәлік пен жеке мөрді дайындауды және беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ұйымдастырады.»;

29) 155-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Жеке сот орындаушыларының іс қағаздарын жүргізу қағидаларының орындауын бақылауды жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен бірлесе отырып, уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.»;

30) 156-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Жеке сот орындаушылары тағылымдамашыларының тағылымдамадан өту тәртібі, мерзімдері мен шарттары Республикалық палатамен келiсу бойынша уәкілетті орган бекітетін жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібі туралы қағидаларда айқындалады.»;

31) 16-тараудың 3-параграфы мынадай мазмұндағы 156-1-баппен толықтырылсын:



«156-1-бап. Жеке сот орындаушысы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері

1. Жеке сот орындаушысы лицензиясы бар көмекші жеке сот орындаушысы қабылдаған процестік шешім және оның тапсырмасы бойынша:

1) атқарушылық іс жүргізудің процестік және өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеуге;

2) атқарушылық іс жүргізу тараптарына шақыру қағаздарын, хабарламаларды және өзге де құжаттарды жеткізуге және тапсыруға құқылы.

2. Жеке сот орындаушысының көмекшісі өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге міндетті.»;

32) 16-тараудың 5-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:



«5-параграф. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы.

Республикалық палата

161-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

1. Қазақстан Республикасының әрбір облысының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының аумағында жеке сот орындаушыларының бір өңірлік палатасы құрылады.

2. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және филиал туралы ережемен реттеледі.

162-бап. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілеттіктері

1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:

1) осы Заңның 145-бабының талаптарына сәйкес жолдамалар береді;

2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлуді жүргізеді;

3) Республикалық палатаға жүктелген өкілеттіктерден туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органына өз қызметі туралы ақпарат береді. Ақпарат берудің нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

163-бап. Республикалық палата

1. Республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.

2. Республикалық палатаның жарғысын съезд қабылдайды.

3. Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ шартын жасасады.

163-1-бап. Республикалық палатаның өкілеттіктері

1. Республикалық палата:

1) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда жеке сот орындаушылары өңірлік палаталары мен жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді;

3) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары басшыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

4) жеке атқарушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Сот орындаушылары мен қызметшілерінің халықаралық одағының, басқа да халықаралық және шетелдік ұйымдардың жұмысына қатысады;

5) жеке атқарушылық қызметке байланысты атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың норма шығарушылық және сараптама қызметіне қатысады;

6) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, жеке сот орындаушыларын оқытуды (біліктілігін арттыруды) ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша растау құжаты беріледі;

7) жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;

8) өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде өзі келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді жеке сот орындаушысының орындауын қамтамасыз етеді;

9) жеке практикамен айналысатын сот орындаушыларының әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

10) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;

11) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;

12) талдамалық және ғылыми жұмысты жүзеге асырады;

13) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін қабылдайды;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Республикалық палата осы Заңда және өз жарғысында айқындалған, өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін басқа да коммерциялық емес ұйымдар құруға құқылы.

3. Республикалық палата уәкілетті органға тоқсан сайын жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындауы жөнінде ақпарат береді.

164-бап. Республикалық палатаның басқару органдары

1. Республикалық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:

1) съезд - жоғары басқару органы;

2) төралқа - басқару органы;

3) басқарма - атқарушы орган.

2. Төралқа құрамына уәкілетті органның үш өкілі кіреді. Оларды сайлауға және босатуға съездің құзыреті қолданылмайды.

3. Республикалық палатада өз жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

165-бап. Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру

Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру міндетті жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.

Жарналарды төлеу тәртібі, олардың мөлшерлері және төлеу мерзімдері Республикалық палата жарғысында айқындалады.»;

33) 167-бапта:



мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) уәкілетті органнан үш өкілді айқындайды;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітеді;»;

34) 168-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«168-бап. Уәкілетті органның аумақтық органының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі құзыреті

1. Уәкілетті органның аумақтық органы:

1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өз міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;

2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыну енгізеді;

3) тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыну енгізеді;

4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Уәкілетті органның аумақтық органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып:

1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорытады;

3) осы Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;

4) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

6) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді.

3. Уәкілетті органның аумақтық органының өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысуға құқылы.»;

35) 169-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және оның іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;

«3. Уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының лауазымды адамдары жеке сот орындаушысының қызметін тексеру кезінде белгілі болған атқарушылық әрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және келтірілген залал үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;

36) 170-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы

1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын сақтамағаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:

1) ескерту;

2) Республикалық палатадан шығару.

2. Уәкілетті орган тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оны қарау уәкілетті орган өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

3. Жеке сот орындаушыларына тәртіптік жауаптылықты басқарма төрағасы немесе жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы қолданады.

4. Тәртіптік жазаларды қолдану және оларды алып тастау тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.»;

37) 171 және 172-баптар алып тасталсын;

38) 16-тараудың 6-параграфы мынадай мазмұндағы 172-1-баппен толықтырылсын:

«172-1-бап. Республикалық палатадан шығару

Жеке сот орындаушысын Республикалық палатадан шығаруды Республикалық палата басқармасы мынадай:

1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған;

2) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын өрескел не бірнеше рет бұзған;

3) міндетті мүшелік жарналарды үнемі төлемеген;

4) ғылыми, оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, өзге де ақылы қызмет түрлерімен айналысқан;

5) өз еркі бойынша;

6) Республикалық палата жарғысында көзделген өзге де жағдайларда жүргізеді.»;

39) 174-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«174-бап. Өтпелі ережелер

1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы 2015 жылғы 1 наурызға дейін Республикалық палата болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылуға тиіс. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін таратылуға жатады.

2. Республикалық палата құрылғанға дейін оның функцияларын Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып уәкілетті орган жүзеге асырады.».

93. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналарды:

1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;

2) іш киімді;

3) шұлық-ұйық бұйымдарын;

4) жануарлар мен өсімдіктерді;

5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішіндесатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Егер тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себептермен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу фактісін дәлелдесе, онда тауарды айырбастау немесе қайтару жүргізілуге тиіс.».

94. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет