4-бап алып тасталсын;
3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Уәкілеттi органның құзыреті
Уәкілеттi орган өз құзыретi шегінде:
1) йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргізедi;
2) йод тапшылығы ауруларының тiзбесiн бекiтедi;
3) йод тапшылығы ауруларының алдын алу бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру жөнiндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы заңнамасы талаптарының орындалуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2) өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнімінің жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;
3) тұзды және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiн йодтау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
1) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын, бiлiм беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне орай, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
6) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының йод тапшылығы ауруларының алдын алу саласындағы өкілеттiктерi»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:»;
7) 11-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткiзу тәртiбiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.».
56. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-бапта:
1 және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
1-1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;»;
мынадай мазмұндағы 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) жарнама құрылысы - жарнама бейнесі мен жарнамалық ақпаратты салуға, орналастыруға немесе бейнелеуге арналған әртүрлі көлемді немесе тегістікті сыртқы (көрнекі) жарнама оъектілері, оның ішінде электрондық және бейнесуреттерді көрсетуге арналған экрандар мен электрондық таблолар;»;
«1-3) сыртқы (көрнекі) жарнама - жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған және елді мекендер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі ашық кеңістікте көруге болатын жарнама;»;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) маңдайша - ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат.»;
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) нұсқағыш - жерде немесе байланыс желісі мен жарық беру тіреулерінде орналастырылған, ұйымның, сауда объектісінің немесе өзге де объектінің тұрған жерін көрсететін және оған тікелей жақын жерде орналасқан, оның атауы туралы ақпарат, оны дараландыру және навигация құралдары бар, екі шаршы метрді қоса алғанға дейінгі көлемдегі жарнама құрылысы.»;
8) тармақша алып тасталсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Әлеуметтік жарнамада, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың нақты таңбалары (модельдері, артикульдері), тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері туралы және оларды дараландырудың өзге де құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтуға жол берілмейді.
Белгіленген шектеулер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды. Әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айтуға жол беріледі.
Радиобағдарламаларда таратылатын әлеуметтік жарнамада демеушілер туралы айту ұзақтығы әрқайсысы туралы - үш секундтан, телебағдарламаларда, кино және бейне қызмет көрсету кезінде таратылатын әлеуметтік жарнамада әрқайсысы туралы үш секундтан аспауға тиіс және мұндай айтуға - кадр алаңының жетіден аспайтын пайызы, ал басқа да тәсілдермен таратылатын әлеуметтік жарнамада жарнама алаңының (кеңістігінің) бестен аспайтын пайызы бөлінуге тиіс. Көрсетілген шектеулер әлеуметтік жарнамада өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айтуға қолданылмайды.»;
3) 7-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни және саяси нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бірдей қабылдаған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын;»;
4) 11-баптың 1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы баптың 2 - 7-тармақтарында көзделген тәртіппен, плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде және жарнама құрылыстарында, жылжымалы және жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу мен жазудың өзге де тәсілдерімен жүзеге асырылады.
1-1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне сауда объектілері, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық көрсетілетін қызметтер саласының объектілері орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
маңдайша;
жұмыс режимі туралы ақпарат;
жайма сөрелер мен терезелерді сырттан көзбен көру үшін мынадай:
тауар өнімінің үлгілері;
жеке дараландыру құралдары;
декоративті және мерекелік безендіру сипатындағы сыртқы немесе ішкі безендіру жатпайды.»;
5) 17-2-бап мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдарға сыртқы (көрнекі) жарнаманы реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады.»;
«Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру фактілерін фото немесе бейнетіркей отырып, байқау арқылы бақылаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.».
57. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) бақылау және қадағалау органдарының тексерулерін үйлестіреді;»;
2) 12-баптың 3-тармағының 18) тармақшасындағы «сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «сауалдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жіберетін хабарламаларды;
20) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органдарының бақылау объектілеріне (субъектілеріне) баруымен жүргізілген бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
58. «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
1) 12-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Туристік қызметтер көрсету аумағы туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу аумағы болып табылады.»;
3) 20-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағы алып тасталсын.
59. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы алып тасталсын.
60. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары - әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;»;
2) 7-баптың 16) тармақшасы алып тасталсын.
61. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
8-баптың 1-тармағының 8-3) тармақшасы алып тасталсын.
62. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
1) 9-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «нотариат куәландырған» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «бір ай» деген сөздер «күнтізбелік он бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) табиғи монополия субъектілері;».
63. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 88-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
9-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын.
64. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес есебі бөлек жүргізілетін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуден түскен жүйелік оператор кірістерінің тек қана осы көрсетілетін қызметті ұсынуы кезінде шеккен өзінің шығыстарын өтеуге жетіспеуінің салдарынан жүйелік оператордың энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оны мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;»;
2) 5-бапта:
Екінші абзац 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3), 4), 8) және 50) тармақшалар алып тасталсын;
51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
2) тармақшаның төртінші абзацының қолданысы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац осы Заңының 3-бабының редакциясында қолданылады
«51) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
52) тармақша алып тасталсын;
53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«53) орталықтандырылған сауда нарығының операторын айқындайды;»;
Сегізінші абзац 2016 ж. 1 қаңтардан бастап
Достарыңызбен бөлісу: |