Источник: ис параграф, 29. 04. 2015 11: 44: 55 Қазақстан Республикасының



бет29/33
Дата30.06.2016
өлшемі1.5 Mb.
#167303
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
қосымшадағы 1-тармақтың 30), 57), 88) және 89) тармақшалары алып тасталсын.

98. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 6-баптың 6-тармағындағы «салық органдарына» деген сөздер «мемлекеттік кіріс органына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 16-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16) қызметкер өз өкілеттіктерін орындау кезеңінде жыл сайын, сондай-ақ құқық қорғау қызметінен теріс себептер бойынша босатылған адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) үш жыл бойы тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс етуге мiндеттi.».

99. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

134-баптың 2-тармағының 25) тармақшасындағы «жүзеге асыру саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:

«26) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласында жүзеге асырады.».

100. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 7-баптың 17) тармақшасы және 8-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;

10-тармақтың 2) тармақшасы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мұнай өнімдерін көтерме және бөлшек сауда арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнің экспорты кезінде мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.».

101. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы»2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;

5) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

6) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;».

102. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 39-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ұсынуға;» деген сөз «ұсынуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;

2) 42-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық және өзге де нормаларға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық, техникалық және басқа да міндетті талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын.

103. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1) 1-баптың 26) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«26) көтерме саудада өткізу - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрi өткiзу мақсатында iшкi нарықта не Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өткiзу жөнiндегi, сондай-ақ газ тарату ұйымының газын нормативтік техникалық шығасыларға өткізген жағдайлардағы кәсiпкерлiк қызмет;»;

2) 6-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын;

3) 9-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «, сондай-ақ тауарлық газды магистральдық газ құбырларына және (немесе) газ тарату жүйелерiне қосылған тұтынушыларға бөлшек саудада өткiзудi» деген сөздер алып тасталсын;

4) 20-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағалары Қазақстан Республикасының өңiрлерiн газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтiк жағдайлары ескерiле отырып, әрбiр облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жыл сайын бірінші шілдеде жеке белгiленедi.

3. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi.»;

5) 24-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

104. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

5-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын.

105. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1) 7-баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетінқызметтерге арналған тарифтер

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көпарналы хабар таратуда теле-, радиоарналарды тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi телерадио хабарларын тарату операторлары негiзделген шығындар негiзiнде дербес белгiлейдi.».

106. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

6-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын.

107. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетiн нарық субъектiлерiнiң инвестициялық қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 4 шiлдедегiҚазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 12, 85-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):

1) 1-баптың 4-тармағында:

2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

11) тармақшаның қырық сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұйымдастырады және өткiзедi.»;

2) 2-бапта:



1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Заң:

1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының он бірінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы - жиырма төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының жетінші және он бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма алтыншы - отыз сегізінші, қырық екінші, қырық сегізінші - елуінші абзацтарын;

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 3) тармақшасының екінші - алтыншы, он бірінші - он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 4-тармағы 1) тармақшасының бесінші, он үшінші, отызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші, төртінші, он үшінші, он бесінші және жиырма бірінші абзацтарын, 8) тармақшасының екінші - он екінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының тоғызыншы және он төртінші абзацтарын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының жиырма бесінші, отыз тоғызыншы - қырық бірінші, қырық үшінші - қырық жетінші, елу бірінші абзацтарын және 12) тармақшасын;

3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 5) және 10) тармақшаларын, 12) тармақшасының үшінші абзацын, 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын, 4) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;

«3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 6) тармақшасының үшінші - алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтары, 4-тармағы 7) тармақшасының жетінші - он бірінші, он жетінші - жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.»;

5-тармақ алып тасталсын.

108. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 20-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қарыз алушының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);»;

2) 21-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«6) қарыз алушының өкiлдерiне: сенiмхат негiзiнде;».

109. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

25-баптың 3-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мәлiмделетiн кірістің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.»;

«Адвокаттың, жеке сот орындаушысының, жекеше нотариустың, кәсіби медиатордың, сондай-ақ дара кәсiпкердің өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өзі дербес айқындайтын табысы мәлiмделетiн табыс болып табылады.».

110. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 3-баптың 3-тармағында:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қалалық және аудандық деңгейлерде:

тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі - өңірлік палаталардың филиалдары);»;

5) тармақшадағы «өкілдіктері кіреді.» деген сөздер «өкілдіктері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.»;

2) 5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;



3) 11-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:

1) арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға қатысады;

2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы өткізу пункттерінің инфрақұрылымы, оның ішінде сервистік (кедендік) инфрақұрылым объектілерінің жабдықталуын және техникалық жарақтандырылуын (мемлекеттік бақылау органдарының арнайы жабдықтарын қоспағанда), сондай-ақ көрсетілген өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік бақылау түрлерін ұйымдастыру үшін қажетті ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды күтіп-ұстауды және жөндеуді қоса алғанда, олардың салынуын (реконтрукциялануын), жұмыс істеуін (пайдаланылуын) инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етуге қатыса алады;

3) корпоративтік басқарудың практикасын талдауды және қорытуды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын ұйымдастырады және өткізеді.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Ұлттық палата:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген кәсіпкерлерді сервистік қолдауды қоса алғанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларды және кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау операторының функцияларын жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту және ілгерілету жүйесі операторының функцияларын жүзеге асырады;

3) кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға бизнесті ашу және жүргізу жөнінде консалтингтік қызметтер көрсетеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады және кәсіпкерлердің оларды сақтауын қамтамасыз етеді;

5) кеден ісі саласында қызметтер көрсетуді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік инфрақұрылымның қазіргі заманғы стандарттарын әзірлеуге қатысады.»;

4)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет