15-бапта:
3), 8) және 13) тармақшалардағы «шағын» деген сөз «шағын және орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-4) және 21-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«21-4) реттеуші мемлекеттік органдарға реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және олардың қызметін үйлестіреді;
21-5) мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды реттеушілік әсерді талдауды енгізу және жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады;»;
6) 16-баптың 2) тармақшасындағы «шағын» деген сөз «шағын және орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-баптың 5) және 8) тармақшаларындағы «шағын» деген сөз «шағын және орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 3-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
Реттеуші мемлекеттік органдар:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
9) 18-баптың 3-тармағының бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және сегізінші абзацтарындағы «Шағын», «шағын» деген сөздер тиісінше «Шағын және орта», «шағын және орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 26-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.»;
11) 28-бапта:
5-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
71-тармақтың 6) тармақшасының төртінші абзацы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;»;
2) тармақшадағы «бөлу кезінде тоқтатылады.» деген сөздер «бөлу кезінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген, қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін жағдайда да тоқтатылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.
Дара кәсіпкер уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.»;
12) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен шектері
1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мемлекеттің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуі арқылы, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;
6) жергілікті өкілді органдардың шешімдері деңгейінде реттегіш құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Реттегіш құралдарды енгізу осы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Заңның мақсаттары үшін:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғаларға ақпаратты, оның ішінде таңбалау, декларациялау, міндетті нұсқаулықтар, қызмет көрсету қағидалары бөлігінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда,тұтынушыларға ұсыну үшін міндетті жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы, үшінші тұлғаларға беру үшін міндетті өзге де ақпаратты беру туралы талаптарды осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгілеу;
2) салықтық, статистикалық және өзге де есептілікті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті есептілікті мемлекеттік органдарға тұрақты негізде ұсыну;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ақпаратты, оның ішінде мәліметтер, үзінді көшірмелер, декларациялар, хабарламалар нысандары арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастауға, жүзеге асыруға немесе тоқтатуға байланысты мемлекеттік органдарға ұсынылатын, жеке кәсіпкерлік субъектілері толтыратын өзге де құжаттарды беру ақпараттық құралдар деп танылады.»;
13) 33-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау»;
1-тармақтағы «Жеке кәсіпкерлікті» деген сөздер «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.»;
3-тармақ алып тасталсын.
72. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы және 6-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын.
73. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 17, 79-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт уәкілетті орган бекіткенүлгі шарттың негізінде жазбаша нысанда жасалады, ол есепке алынуға жатады және осындай есепке алу кезінен бастап жасалған деп есептеледі.».
74. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
6-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын.
75. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
8-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын.
76. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат):
6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде - оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.».
77. «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат, № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
20-бапта:
1-1-тармақтың 3-1) және 3-2) тармақшалары алып тасталсын;
5-тармақта:
15) және 18-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) есептiлiктің тiзбесiн, нысандарын және оны кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;»;
«18-1) жария мүдделі ұйымдардың жариялауы үшін (қаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
21) тармақша алып тасталсын.
78. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 130-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
7-баптың 21) тармақшасы алып тасталсын.
79. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-баптың 12) тармақшасы алып тасталсын.
80. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 1-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) жарамдылық мерзімі - тамақ өнімі өзіне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес болуға тиіс уақыт кезеңі;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі - ХАССП) - бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын құжат - Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін куәландыратын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама, сәйкестік сертификаты, сәйкестік туралы декларация;»;
2) 6-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеутуралы шешімді кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін интернет-ресурстарда орналастыру;»;
11) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) тамақ өніміне оның қауіпсіздігін айқындау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін бекіту;
14-2) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізделген растау жөнінде жұмыстар жүргізу;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын рәсімдерді қоспағанда, тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына тамақ өнімінің сәйкестігін оны өткізу сатысында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
3) 7-бап алып тасталсын;
4) 10-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) тамақ өнімін өндіру (дайындау) процестерін жүзеге асыру кезінде осындай өнімнің қауіпсіздік талаптарына байланысты ХАССП қағидаттарына негізделген рәсімдерді әзірлеуге, енгізуге және қолдауға;».
81. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган;»;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган.»;
2) 8-баптың 13) тармақшасы алып тасталсын;
3) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтінім берушілер (өндірушілер, өнім берушілер, импорттаушылар) қауіпті немесе ықтимал қауіпті химиялық өніммен жұмыс істейтін персоналды алдын ала және мерзімді медициналық қарап-тексерумен және оқытумен қамтамасыз етуге тиіс.».
82. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):
1) 8-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары әлеуетті өнім беруші жүргізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету бойынша бірлескен орындаушылар ретінде тартуды көздейтін жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлескен орындаушыларын) тартуды көздейтін әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуда көзделген жұмыстарды не көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) құқығын растайтын рұқсат беру құжаттарын ұсынуға тиіс. Жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін орындау үшін қосалқы мердігерлер (бірлескен орындаушылар) тартылған жағдайда, рұқсат беру құжаттары олар орындайтын жұмыс, көрсетілетін қызмет түрлеріне беріледі.
Жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленеді.»;
2)
Достарыңызбен бөлісу: |