В. «Ананың анасы»
С. «Ана кесімі айнымайды»
Д. «Өлімді жеңген ана»
9-сұрақ. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесінің прототипі кім?
А. Автордың өзі
В. Қожаберген
С. Сұлтан
Д. Жантас
10-сұрақ. Жас Абайдың азаматтық іс атқарып, ел аузына ілінуі қай кез?
А..Оқудан оралған кез.
В. Қарқаралыға барған кез.
С. Бөжей асын өткізуге атсалысқан кез.
Д.Сүйіндіктің ауылына барған кез.
Құрметті ойыншылар, 1-бөлімнің нәтижесін әділ қазылар есептейді. Ал қазір 8 «З» сынып оқушысы өнерпаз Әзизді қошеметпен ортаға шақырайық.
--------------------------------------------------------------------------------------------
ІІ бөлім «Қызық деректер» деп аталады. Бұл бөлімде сіздерге 13 ұяшық ұсынылады. Таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап беру қажет.
1-ұяшық. «Алтын қор» Аудио («Балқадиша» әні Әміре Қашаубаев)
Мына әнді орындаушы кім?
Әсет Найманбаев
Әміре Қашаубаев
Біржан сал
Жауап: ЭКСПО көрмесіне қатысқан алғашқы қазақ – Әміре Қашаубаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Қазақтың біртуар әншісі 1925 жылдың мамырында Францияның астанасы – Парижде өткен дүниежүзілік көрменің этнографиялық концертінде «Балқадиша», «Ағаш аяқ» , «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Смет», «Қараторғай» әндерін әуелетіп, күллі әлемді тамсандырған еді. Әйгілі француз жазушысы Ромен Роллан Әміренің құдіретті дауысын тыңдағаннан кейін: «Мен Шығыста әншіні неге бұлбұлға теңегенін енді түсіндім?» деп таңдай қаққан екен. (Ә.Қашаубаев «Балқадиша»)
2-ұяшық. «Даналық сөздер»
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» нақыл сөзінің авторы
Әбіш Кекілбаев
Мұхтар Мағауин
Төлен Әбдіков
Достарыңызбен бөлісу: |