10-ұяшық «Әлем тілдері»
«Хауа» сөзі көне еврей және араб тілдерінде қандай мағынаны білдіреді?
Тәңір
Шырақ
Өмір бастауы
11-ұяшық «Көне сөздер»
"Ал мына хан: Ант жағын ауызға алма. Әуелі әрқайсысына алапай үлестір» дейді" (Ә.Кекілбаев). Алапай сөзі қандай мағына береді? Осы сөздің синонимін де табыңдар.
Соғыс
Ит
Олжа
Алапай – жаугершілікте қолға түскен олжа. Синонимі – барымта.
М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы», А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде барымта мәселесі сөз болады. Барымтаға қатысты қандай дерек білесің?
( Барымта – рулар арасындағы қақтығыс кезінде жауласқан руының малын талап, айдап әкету. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясында Тәкежанға өштескен Базаралы оның жылқыларын барымталап кететіні бар. Барымтаны кек қайтару, өш алу мақсатында жасайды. Бітпеген дау, алынбаған айып, төленбеген құн – осылардың арты барымтаға әкеп соғады.
«Барымта» сөзінің түп-төркіні – барын талау деген сөздерден шыққан деген де пікірлер бар. Сондықтан қазақ арасында «Барымтаға қарымта» деп те айтылып жатады. Қарымта – таланған елдің талаған елге есесін қайтаруы. Бұл сөздің түп-төркінін «қарым» сөзімен байланыстырып, қарымын қайтару деген ұғыммен астасқандығын көреміз.)
12-ұяшық «Құпия жәшік».
Бұл құпия жәшікте не жасырылған? Кітап оқуға негіз болар зат. (Кілт)
13-ұяшық «Тәжірибе алаңы» Сүт, парақ, шырақ
Құрметті қатысушылар, 2-бөлімнің қорытындысын тыңдайық. Сөз әділқазыларға беріледі.
ӘН.
Қорытынды.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев «Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп, кітаптың адам өміріндегі пайдасын дөп басып айтқан еткен. Кітап – адамды рухани байытып, жетістікке жетелейтін қуатты құрал. Бүгінгі «Қызық екен...» бағдарламасында оқушылар қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушылары мен жауһар туындылары жайлы білімін, танымдық қабілетін сарапқа салып, жүйріктері жауаптарымен бәрімізді тәнті етті. Бүгінгі шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс айта келе, қорытынды сөзді _________________________________ береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |