Бағдарламаның қысқаша курсы: Оқытуды математикалық-ақпараттық технологияларды қолданудың бағыттары мен болашағы. Электрондық және виртуалдық кітапханалар және алыс ара қашықтықта ұйымдастырылатын курстар. Виртуальді мектептер. Оқытуды басқару әрекетін автоматтандыру. Оқытудағы ақпараттық жүйелер. Білім мен біліктілікті бағалау жүйелері
Бағдарламаның жетекшілері: Сейтмұратов А.Ж.
6б. Пәннің атауы: Педагогикалық информатика
Пререквизиттер: Жоғарғы оқу орындарында «информатика және информатиканы оқыту әдістемесін» толық меңгеру.
Постреквизиттер: Жоғарғы оқу орындарында информатика курсын жобалау әдістемесін жасау.
Игеруі тиіс:
- Педагогикалық информатиканың әдістерінің тиімді жақтары туралы түсініктерді қалыптастыру;
- Педагогикалық информатиканың негізгі принциптері мен әдістеріне қойылатын талаптары туралы білімді қалыптастыру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Оқытуды компьютерлендірудің орта білімді қайта құрудағы орын мен ролі. Информатика курсының мазмұны мен мақсаттарын білу, информатика курсы бойынша оқу процесін жоспарлау, информатика негіздері және оның қолдануларын мектепте қосымша оқыту түрлерін, информатиканы оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістемесін білу, информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптерді меңгерту.
Бағдарламаның жетекшілері: Аубакирова Ж.Қ.
7а. Пәннің атауы: Автоматтандырылған жобалаудың инструменталдық құралдары
Пререквизиттер: AutoCad, Информатика.
Постреквизиттер: Қолданбалы программалық қамсыздандыру.
Игеруі тиіс:Автоматтандырылған жобалау жүйелерін құру негіздерін білу; автожобалаудың әдістерін меңгеру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Автоматтандырылған жобалау жүйелері, автожобалаудың әдістері. Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің инструменталдық, қолданбалы және программалық құралдары. Автожобалаудың негізгі түрлері. Қолданбалы программалардың ерекшеліктері.
Бағдарламаның жетекшілері: Құлмырзаев Н.С.
7б. Пәннің атауы: Программалық қамсыздандыруды техникалық өңдеу
Пререквизиттер: Есептеу жүйелерін программалық жабдықтау курсын толық меңгеру.
Постреквизиттер: Еспетеу жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін программалық жабдықтауларды жасау және тестілеу жолдарын меңгеру.
Игеруі тиіс:
- аппаратық-бағдарламалық құралдарға талаптарды негіздеу, оператордың есептеу ортасымен қарым-қатынасын қамсыздандыру, компьютерлік жүйелердің интерфейстерін ұйымдастыру бойынша талғауын шығару және жобалық шешімдерді негіздеу;
Бағдарламаның қысқаша курсы: Бағдарламалық жабдықтауларды жасау, тестілеу, қолдану, конфигурациясын басқару, бағдарламалық жабдықтарды жасаудың әдістер мен құралдары. Жобаны бағалау түрлері, бағалауды автоматтандыру, регрессиялық тестілеу, бағдарламалық жабдықтарды жасаудың қаржылық аспектілері.
Бағдарламаның жетекшілері: Досжанов Б.А.
№
|
Циклы
|
ТК №
|
Пәндердің атауы
|
Кредит саны
|
Семестр
|
4 курс
|
1
|
БП
|
10
|
а) Схемотехника негіздері
б) Физика-техникалық процесстерді математикалық модельдеу
|
2
|
7
|
2
|
БП
|
11
|
а) Жүйелік программалау
б) Операциялық жүйелер
|
2
|
7
|
3
|
БП
|
12
|
а) Берілгендер қорының теориясы
б) Жүйелерді имитациялық модельдеу
|
2
|
7
|
4
|
КП
|
2
|
а) Компьютерлік желілер
2.Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар
|
3
|
7
|
5
|
КП
|
3
|
а) Параллель есептеулер
б) Кешенді ақпараттандыру процесін басқару модельдері
|
2
|
7
|
6
|
КП
|
4
|
а) Шағын комплектілі мектептерде информатиканы оқыту ерекшеліктері
б) Автожобалаудың инструментальді құралдары
|
2
|
7
|
1а. Пәннің атауы: Схемотехника негіздері
Пререквизиттер: Информатика, Ақпараттық технологиялар
Постреквизиттер: Физика-техникалық процесстерді математикалық модельдеу
Игеруі тиіс:Электронды есептеуіш техниканың элементтік базаларын; электронды есептеуіш техниканың арифметикалық, логикалық және физикалық негіздерін; логикалық элементтердің анализі мен синтезі; сандық техника элементтерін.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Сандық схемалар классификациясы. Логика элементтері және топологиясы. ЭЕМ-нің түйіндерінің типтік комбинациялары. Сумматорлар. Көпразрядты сандарды қосу. Ондық сумматорлар. Дешифраторлар, шифраторлар, кодтарды түрлендірушілер. Мультиплексорлар, демультиплексорлар, коммутаторлар. Триггер туралы ұғым. Уақытша диаграммалармен жұмыс жасау. Екілік және екілік емес санағыштар.
Бағдарламаның жетекшілері: Кенесары А.Б.
1б. Пәннің атауы: Физика-техникалық процесстерді математикалық модельдеу
Пререквизиттер: Информатика, физика
Постреквизиттер: Анимациялау негіздері
Игеруі тиіс: Сызықты және сызықсыз 1 және 2 –ші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешудің саңдық әдістерін білу; параметрлері айнымалы жүйелердегі физикалық процестерді компьютерлік модельдеу негіздерін меңгеру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Бірінші және екінші ретті дифференциалдық теңдеулерді шешудің сандық әдістері. Еркін және мәжбүр тербелістерді математикалық модельдеу. Маятник тербелісін және дененің құлауын математикалық модельдеу.
Бағдарламаның жетекшілері: Досжанов Б.А.
2а. Пәннің атауы: Жүйелік программалау
Пререквизиттер: Информатика, физика, программалау
Постреквизиттер: Микропроцессорлық программалау
Игеруі тиіс:Ассемблер тілінде жазылған программаларды, микропроцессор құрылысының ерекшеліктерін: жадтың ұйымдастырылуын, операндтарды адрестеу тәсілдерін, регистрлерді қолдану ережелерін білу; ассемблер тілінде жазылған программа құрылымын анықтап, командалардың негізгі қызметтерін, регистрлермен жұмыс істеу, жады модельдері мен сегменттерін ажырата алуды, ассемблерге арналған арнайы программалық пакет құрылымының жалпы жұмыс принциптерін игеру
Бағдарламаның қысқаша курсы: Ассемблер программалау тілі және оның құрылымы. Тіл синтаксисі. Регистрлермен жұмыс жасау, жады модельдері мен сегменттері. Программалық пакет құрылымы.
Бағдарламаның жетекшілері: Кенесары А.Б.
2б. Пәннің атауы Операциялық жүйелер
Пререквизиттер: Информатика, ЭЕМ архитектурасы.
Постреквизиттер: Компьютерлік желілер.
Игеруі тиіс:Программаларлың бір бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеуі кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |