Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы желтоқсандағы



бет4/10
Дата09.07.2016
өлшемі0.87 Mb.
#186505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жол және көлік.

2011 жылы 30 көшеге ұзындығы 28,1 шақырымға орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд. теңге қаржы қаралса, 2012 жылы облыстық және қалалық бюджеттен жол жөндеу жұмыстарына бөлінген 1263,3 млн. теңге 31,1 шақырым жол жөнделді.

2013 жылы қала бойынша республикалық, жергілікті бюджеттерден бөлінген 5 млрд. 412 млн теңгеге жалпы ұзындығы 94,4 шақырымды құрайтын 78 көшеге қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу, 82 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 4 млрд. 662 млн теңгеге қалада және ауылдық округтерде жалпы ұзындығы 89,2 шақырымды құрайтын 95 көшеге қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қала бойынша 2014 жылдың 1 қарашасына автокөліктермен 37938,2 мың тонна жүк тасымалданды. Жүк көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 100,9 пайызға артты. Жүк айналымы 5133,3 млн.тонна-шақырым болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 100,1 пайызға артты. Жолаушы тасымалдау көлемі есепті мерзімде 170939,4 мың жолаушыны құрап, өткен жылғыдан 112,7 пайызға өсті. Жолаушылар айналымы 2950,2 млн. жолаушы-шақырымды немесе салыстырмалы кезеңмен 111,6 пайызға артты.

Қоғамдық көлік тасымалы. Қаланың маршруттық схемасында 60%-дан аса кіші сыйымдылықтағы көліктер қызмет етуде. Нәтижесінде жолаушылар көлігінде жолаушы орындарының жетіспеушілігі орын алып отыр. Қызылорда қаласында қоғамдық көліктерде жолаушылар тасымалын тұрақты ұйымдастыру мақсатында «Қызылорда Автобус паркі» ЖШС құрылды. Қазіргі таңда қалаішілік 26 бағыттағы және қала маңына қатынайтын 5 бағыттағы маршруттарда барлығы 864 автокөлік 2 ауысыммен қызмет көрсетуде. Оның ішінде 525 - кіші сыйымдылықтағы, 339-орта сыйымдылықтағы көліктер.

Жолаушылар тасымалы көлемінің өсу динамикасы тікелей қолданылатын көліктерге байланысты. Орта және үлкен сыйымдылықты көлік құралдарының жетіспеушілігінен кіші сыйымдылықты көліктерді тарту көше қозғалысының қарқындылығына апарып соқтырды. Нәтижесінде қала бойынша орташа эксплуатациялық қозғалыс жылдамдығы 20 км/сағ дейін төмендеді.

Қалақұрылысының дамуы және автомобилизация процестерінен туындаған қоғамдық көлік тасымалы саласындағы проблемалардың, оның ішінде аялдама кешендерінің жетіспеушілігі, жол-көше тораптарында жүктеменің аса көп болуы, жол қозғалысында кептелістің орын алуы және жолда жүру қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

Облыс әкімдігі, «Байқоңыр» ӘКК, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і және Европалық Даму және қайта жаңғырту банкі арасындағы 2013 жылғы 20 желтоқсандағы келісім шартына сәйкес жалпы құны 4,17 млрд теңгені құрайтын жоба әзірленді. Оның құрамына Қызылорда қаласына 100 заманауи автобус сатып алу, депо және қысымдалған табиғи газ құятын станцияның инфрақұрылымы құрылысы, сонымен қатар билеттік жүйені орнату жұмыстары енгізілген. 100 автобусты сатып алу үш кезеңмен жүргізіліп, 2015 жылғы тамыз айына толық сатып алу жоспарланған. Қазіргі уақытта аталмыш автобустарды сатып алу және оны қала маршруттарына ендіру мақсатында Европалық Даму банкінің қаржыландыру талаптарына сәйкес тиісті құжаттары әзірленуде.

Жаңа Депо құрылысын салу үшін 2013 жылғы 7 тамыздағы № 708 Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен Оңтүстік өндірістік аймақтан 5,06 га жер телімі табысталып, 100 және 200 автобус орналастыру үшін жер учаскесі бас жоспарының екі нұсқасы әзірленді. 2014 жылғы 18 сәуірде «Қызылорда автобус паркі» ЖШС және «BDC Engineering» ЖШС арасында Депо мен автомобильді газ толтыру станциясы құрылыстарының жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша келісім шарт жасалды.

Бүгінгі күні қаладағы аялдама кешендерінің тозығы жетіп, ауыстыруды қажет етеді. 2013 жылы заманауи үлгідегі шыныдан жасалған 42 аялдама және 8 темірден жасалған аялдама пайдалануға берілсе, 2014 жылы 41 аялдама орнатылды. Қосымша қайта жаңғыртылған көшелерде 17 аялдама салынды. Бұл жалпы қажеттіліктің 42% ғана құрайды. Қалған 225 аялдаманы орнату кезең кезеңмен жүргізіледі.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қатынастарын реттейтін бағдаршамдардың маңызы зор. Бүгінгі күні қала көшелерінің қиылыстарында және көшелерде барлығы 33 бағдаршам объектілері орналасқан, оның ішінде 31-і жаңа үлгідегі бағдаршам. Қосымша көше қиылыстарына 15 комплект және көше бойларына 10 комплект бағдаршам қажет етіледі.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай даңғылы бойында, Болашақ университеті қасына және Жайна базары аумағына жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жүргізілуде.

Бүгінгі күні ұзындығы 48,7 км 22 көшеде жаяу жүргінші жолдары жөндеуден өткізілген. 2014 жылы ұзындығы 11,9 км құрайтын 12 көшенің жаяу жүргінші жолы салынды. Қызылорда қаласы бойынша 795 көше бар екенін ескерсек 4,4 % ғана қамтылған. Бұл жұмыстарды 2015 жылы жалғастыру мақсатында жоба сметалық құжаттары әзірленді.

Өзекті мәселелер:

- негізгі құралдардың елеулі физикалық және моральды тозығы жеткені (көлік пен инфрақұрылым);

- жолдарға орташа және күрделі жөндеуді сапасыз жүргізу;

- инновация мен автоматтандыру ісін енгізудің төмен деңгейі;

- жүргізушілердің транспорттық тәртібі мен төмен біліктілігі;

- автомобильдердің шамадан көп жүктемелерін жеткіліксіз бақылау жасау;

- инженерлік желілер мен коммуникацияларға жөндеуден кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасыз жүргізілуі

- жаяу жүргінші жолдардың (тротуар) жоқтығы.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2011-2014 жылдары республикалық бюджеттен 2929,6 млн. теңге бөлінді. Барлығы 2 жылда 53 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді.

2014 жылы 72 үйге күрделі жөндеу жоспарланып, оның ішінде 25 үй бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтауға бағытталды, 47 көпқабатты тұрғын үй бойынша мердігерлермен келісім шарт жасалып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, Қызылорда қаласы бойынша жоспарланған 72 үйдің 5-нің жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған үйлердің жөндеу жұмыстары 85% орындалды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару Комитетіне 2015 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында Қызылорда қаласында 50 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 1 396,6 млн. теңгеге қаржы-экономикалық негіздемесі, тұрғын үйлердің техникалық тексеру актілерінің және экономикалық сараптаманың қорытындысымен қоса бюджеттік өтінім әзірленіп, ұсынылды.

Электрмен жабдықтау.

2013 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден «Қызылорда қаласының 10/0,4 кВ электрмен қамту жүйелерін дамыту (Сырдария ЭТТ аумағы)» жобасын жүзеге асыру мақсатында 431,5 млн. теңге бөлінді. Республикалық және облыстық бюджеттерден Қызылорда қаласындағы 2012 жылы басталған қуаттылығы 35 кВ 3 дана подстанциясын қайта жаңғырту жобасын аяқтауға 472,4 млн. теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, 2012-2014 жылдар аралағында инженерлік инфрақұрлылымды дамыту және жайластыру бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 5 дана КТПН, 2 дана РП, 3 дана ТП және 24 км электр желілері құрылысы салынды.

Жылумен жабдықтау. Қызылорда қаласын жылумен жабдықтаушы- «Қызылордажылуэлектр-орталығы» МКК-ы және оның ішінде «Оңтүстік қазандық» филиалы.

2011 жылы «Қызылорда қаласындағы «ҚЖЭО» МКК-нан Киняев көшесіне дейінгі магистралдық жылу жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша 2,4 шақырым магистралдық жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

2012 жылы «Қызылорда қаласындағы ҚЖЭО» МКК-нан Киняев көшесіне дейінгі 3,6 шақырым магистралдық жылу желілеріне жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Желтоқан көшесінен Алтынсарин көшесіне дейін 3,0 шақырым магистралдық жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

2013 жылы Қызылорда қаласы бойынша ұзындығы 1,7 шақырым жылу желілерінің 5 жобасына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысында Қызылорда қаласындағы «Қызылорда оңтүстік жылу орталығының» 2 қазандығын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен бөлінген 153 млн теңге қаралды.

Амангелді, Шүкіров, Скатков көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің магистралды жылу жүйелерін қайта жаңғыртуға қалалық бюджеттен 50,5 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, қысқы маусымдықты үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Мұратбаев көшесіндегі ЖК-43 тен ЖК-44 ке дейінгі магистральды жылу жүйелерін күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 93,7 млн теңге, Қызылорда қаласындағы Сырдария мөлтек ауданы «ҚОЖО» МКК-ның қазандық цехының 4 дана КЕ-25-14 С қазан агрегаттарын, негізгі және көмекші құрал-жабдықтарын қайта жаңғыртуға 81,4 млн теңге бөлінді.

Сонымен бірге, «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорнының өз қаржысы есебінен ұзындығы 3,5 шақырым жылу жүйелерін жөндеуден өткізіп, 30 дана жылу есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілді.



Сумен жабдықтау. 2011 жылы «Қызылорда қаласының су жүргізетін және арналық кәріз желілерін кеңейту және қалпына келтіру 2015 жылға дейін» жобасы бойынша - 2 515,0 млн. теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға төмендегідей жұмыстар атқарылды: 36,32 шақырым ауыз су жүйесі, 20,5 шақырым кәріз су жүйесі қайта жаңғыртылды, 4 дана КНС ғимараттары жөнделді, Тасбөгет қыстағындағы бас су жинау қоймасының құрылыс жұмыстары аяқталды, Тасбөгет қыстағындағы модульдық биологиялық тазарту станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілді, КНС-52 құрылысы жүргізіліп, аяқталды.

«Белкөл қыстағының ауыз және кәріз су жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 301,4 млн. теңге және қосымша қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 21,24 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға: 17,35 шақырым ауыз су жүйесі, 2,45 шақырым кәріз су жүйесі қайта жаңғыртылды, су жинау қоймасы қайта жаңғыртылды, 2-ші көтермелі насос станциясы, 2 дана ұңғыманы қайта құрылымдау жүргізілді, КНС –ті қайта жаңғыртылды, 4 дана дизельді электр станциясының құрылысы салынды, 1 дана ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілді.

«Тасбөгет» кентінің ауыз су және кәріз су жүйелерін қайта жаңғырту нысаны бойынша республикалық бюджеттен 218,14 млн. теңге және облыстық бюджеттен 24,33 млн. теңге, барлығы 242,47 млн. теңге қаржы бөлінді. Ауыз су жүйесі – 20,864 шақырым қайта жаңғыртылды.

2012 жылы бағдарлама бойынша –1818,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға: 27,4 шақырым ауыз су жүйесі, 5,1 шақырым кәріз су жүйесі, Тасбөгет қыстағындағы модульдық биологиялық тазарту станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілді, Тасбөгет кентіндегі қолданыстағы бас су жинау қоймасының №1 сүзгі станциясын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, КБИ аудандарында ауыз су жүйелерін қайта жаңғыртылды, ТЭЦ аумағында 2 дана су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы бағдарлама аясында – 2984,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 12,9 шақырымға ауыз су және 4,6 шақырымға кәріз су жүйелері қайта жаңғыртылды, сонымен қатар 16 дана су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды. 2014 жылы жүргізілетін нысандарға жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға 50,0 млн. теңге бөлінді, құжаттар толығымен әзірленді.

«Ақбұлақ» бағдарламасына енгізілген жобалар тиімді жүзеге асырылуда. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін қосымша 4 жоба орталық атқарушы органға жіберілді.

2013 жылы 3 елді мекен (Тасбөгет, Белкөл кенттері және Қараөзек ауылы) бойынша тұрғын үйлерге 932 су есептегіш құралдары орнатыла отырып, 29,5 шақырым сервистік су құбыры желілері жүргізілді және 11 км ауыз су құбыры қайта жаңғыртылды.

Өңірдің өзекті мәселелерінің бірі бұл - облыс орталығын таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болатын. Оны шешу үшін 2013 жылы Қызылжарма жер асты су қорын игеру жұмыстары нәтижесінде 21 дана ұңғыма бұрғыланды.

2014 жылы бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 1270,0 млн, теңге және жергілікті бюджеттен 235,4 млн. теңге бөлініп, төмендегі жобалар жүзеге асырылуда:

«Қызылорда қаласының ауыз су және кәріз жүйелерін кеңейту және қалпына келтіру 2015 жылға дейін» жобасы бойынша «Қызылжарма», «Мұнайшы» су тоғандарының қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау және «Степь» су тоғанында 14 дана су ұңғымаларын бұрғылау, 0,5 шақырым кәріз су жүйесі және 0,6 шақырым ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жасалуда.

«Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі Махамбет елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша 1 дана ауыз су ұңғымасы, ұзындығы 33,3 км, тұтынушыға дейін 54,1 км ауыз су жүйесін салу және 951 дана су есептегіш құралдарын орнату, су тоғанын қайта жаңғырту, оның ішінде 250 м3 болатын 2 су жинау қоймасы, екінші көтерме насос станциясы, 1 дана КТПН және 1 дана бірінші көтерме насос станциясы жұмыстары жасалады.

«Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша 5,7 км ауыз су жүйесі, тұтынушыға дейін 8,7 км ауыз су жүйесі және 167 дана су есептегіш құралдарын орнату, 1 дана КТПН, сыртқы электр желісі ұзындығы 14,6 км ВЛ-10кВ және 13,8 км КЛ-10 кВ тарту, 1 дана су бұрғылау ұңғымасы, 1 дана бірінші көтерме насос станциясы, екінші көтерме насос станциясы,250 м3 болатын 2 дана су жинау қоймасы, хлор-сакуратор 2 дана және 1 дана су мұнарасы.

«Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округі Айнакөл елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша ұзындығы 2,4 км ауыз су жүйесі, 3,1 км тұтынушыға дейін және 71 дана су есептегіш құралдарына, ұзындығы 9,4 км ВЛ-10кВт сыртқы электр желісі, 1 дана су бұрғылау ұңғымасы, 1 дана бірінші көтерме насос станциясы, 1 дана екінші көтерме насос станциясы, 2 дана 150 м3 болатын су жинау қоймасы және 1 дана КТПН орнату.

«Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округі Абай елді мекеніндегі ауыз су жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша ұзындығы ауыз су жүйесі - 0,85 км, тұтынушыға дейін 4,2 км ауыз су жүйесі және 472 дана су есептегіш құралдарын орнату, су бұрғылау ұңғымасы, 1 дана бірінші көтерме насос станциясы, 2 дана хлор-сакуратор, 1 дана екінші көтерме насос станциясы, 2 дана 500 м3 су жинау қоймасы, су мұнарасы, 1 дана дизельді электр станциясы және 1 дана КТПН орнату жұмыстары жүргізілуде.

«Қызылорда қаласы Қараөзек ауылдық округі Қараөзек ауылындағы су құбыры желілерін кеңейту» жобасы бойынша ұзындығы 6,2 км ауыз су жүйесі және 89 дана су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Досан және Талсуат елді мекендерінде ауыз су нысандарының құрылысының жоба сметалық құжаттары әзірленуде.

Қызылорда қаласын ауыз сумен жабдықтаушы «Қызылорда су жүйесі» МКК қайта жаңғырту мақсатында Европалық Даму және Қайта жаңғырту Банкімен несие келісім шарты және жобаны қолдау жөніндегі келісім шарт жобасы әзірленді.

Газбен жабдықтау.

Қазіргі таңда Тасбөгет, Қызылжарма ауылдық округтарын газдандыру жобаларына республикалық бюджеттен 1200,0 млн теңге, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 132,9 млн теңге қаржы бөлініп, «Қызылорда қаласындағы Қызылжарма ауылдық округін болашақтағы дамуымен газбен жабдықтау» және «Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентін болашақта дамуымен газбен қамту құрылысы» жүргізілуде.

Қаланың электрмен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз етудің негізгі мәселелері:

- өңірдің барлық жерінде апаттық және ескі құрылыстардың болуы;

- күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум обьектілерінің тозу деңгейінің жоғары болуы;

- кондоминиум обьектілерін модернизациялау бойынша жұмыстардың қанағаттанарлықсыз, сапасыз жүргізілуі;

- энергетикалық кешен кәсіпорындарының электр және жылу желілерінің тозуы;

- су және кәріз желілерінің құрылысы мен қайта құрылысы қала қажеттілігінің өсуіне сәйкесіздігі;

- қаланың шет аймағындағы тұрғын аудандардың инженерлік инфрақұрлыммен қамтамасыз етудің төмен деңгейі.
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары.

Аумақтық даму. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Қызылорда қаласы 7 ауылдық және 2 кенттік округтерге және 18 ауылдық елді мекендерге бөлінген.

2014 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда қаласының халық саны 260,1 мың адамды құрады, оның ішінде 18,1 пайызы ауыл халқы. (кент және ауыл халқы - 45980 адам)

Ауылдық елді мекендер саны 18 бірлікті құрады, оның ішінде 5 елді мекен жоғары әлеуетті (28 %).

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарына қолдау көрсету мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2009 жылдан бері әлеуметтік көмектер жасалуда. 2012-2014 жылдар аралығында 113 жас маман әлеуметтік қолдауға ие болып, барлығы 10,2 млн.теңге көтерме жәрдем ақы және 74,3 млн.теңге тұрғын үй алуға несие берілді.

2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде қалаға қарасты 7 ауылдық округтердің жол және көше жарықтарын жөндеуге республикалық бюджеттен 24,0 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 7 ауылдық округтеріне жол және көше жарықтарын жөндеуге 15,3 млн.теңге бөлінді.

2014 жылға аталған бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 7 ауылдық округтердің жол және көше жарықтарын жөндеуге 19,4 млн.теңге қаралды.

Облыс әкімінің 2014 жылғы 9 қаңтардағы № 440 қаулысына сәйкес Тасбөгет кенті стратегиялық маңызы бар елді мекендер қатарына енгізілді. Тасбөгет кентінің перспективалық дамуын және кент халқының өсу қарқынын ескере отырып, республикалық бюджет есебінен бөлінген 3876,0 млн теңге 200 орындық облыстық балалар ауруханасының құрылысы басталды. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кентке қарасты Иіркөл елді мекенінде құс фермасы, балық шаруашылығы тоғанын салу жоспарлануда.

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 1801 «Кент және ауылдық округтердің 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарының іс-шараларын бекіту туралы» қаулысы негізінде қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттердің орталықтарын дамыту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының орындалуы аясында барлық бюджеттік шығыстарды ауылдық округтер деңгейіне беру жұмыстары бойынша 2014 жылғы 16 мамырдағы №1900 «Кент және ауылдық округ әкімі аппараттары жанынан мәдениет үйі мен ауылдық клуб мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар құру туралы» және 2014 жылғы 10 маусымдағы №1987 «Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» қала әкімдігінің қаулыларымен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырыстары, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету, қоғамдық жұмыспен қамту шығындары ауылдық деңгейге берілді.

Өзекті мәселелер:



  • Қаланың шет аймақтарында инженерлік инфрақұрылым (жол, электр желілері, ауыз су) жүйесімен төмен қамтылуы;

  • «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жеткіліксіздігі. Басқа аудандардың елді мекендерімен салыстырғанда өте аз қаржы бөлінуде.

Экология.

Қала бойынша 2011 жылы 118,7 мың м³, 2012 жылы 181,8 мың м³ куб, 2013 жылы 212,9 мың м³ күл қоқыс орталық полигонға шығарылып, залалсыздандырылды.

2014 жылы қала аумағындағы жиналған тұрмыстық қатты қалдықтарды орталық полигонға жеткізіп залалсыздандыру жұмыстарына 14,9 млн. теңге бөлінді. Жалпы жыл басынан бері 171,5 мың м³ күл-қоқыс орталық полигонға шығарылып, залалсыздандырылды.

Қолданыстағы полигон қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі және «Ибрайхан және К» ЖШС-гі арасындағы 2017 жылға дейін жалға беру келісім шартына сәйкес жұмыс атқаруда. Бұл жерде қатты тұрмыстық қалдықтар сортталып, залалсыздандырылады. Полигон аумағы сәйкесінше қоршалған, бейнебақылау камералары орнатылған. Қалалық бюджет есебінен электр бағаналары орнатылып, ұңғыма бұрғыланды. Қазіргі уақытта полигонды пайдалану қуаттылығы 10 жыл мерзімге жобалануда. Осыған байланысты жаңа типтегі полигон құрылысын салу қажет.

2014 жылы қалалық бюджеттен қатты тұрмыстық қалдықтардың нормасын анықтауға 4477,0 мың теңге бөлініді. Норма анықталып, бекітілген соң, негізделген тариф бекітіледі, бұл өз кезегінде қаланың санитарлық тазалығын одан әрі жақсаруына мүмкіндік береді.

Өзекті мәселелер:



  • қоршаған ортаны қорғауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың жеткіліксіздігі;

  • қайта жаңғыртуға және құрылысын салуға қаражаттың жетіспеуінен тазалау нысандары жұмыстарының тиімсіздігі.

Мемлекеттік қызметтер.

Қазіргі таңда қала әкімдігіне қарасты 7 бөлім және 9 ауылдық округ әкімінің аппараттарымен 68 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Оның ішінде 26 мемлекеттік қызмет түрін халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО), 24 қызмет түрі Үкіметтің электрондық порталы (бұдан әрі – ҮЭП) арқылы алуға болады.

Жергілікті атқарушы органдарда (бұдан әрі – ЖАО) 60 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша өтініштер қабылданады, оның ішінде 33 мемлекеттік қызмет түрі альтернативтік яғни ХҚКО, ҮЭП немесе жергілікті атқарушы органға қызмет алуға бағытталған.

2013 жылы Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдарымен 60 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілген. Соның ішінде мемлекеттік қызметтің 33 түрі халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген. 2013 жылы жергілікті атқарушы органдарымен қызмет алушыларға 165353 қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы 43638 қызмет көрсетіліп, барлық көрсетілген қызметтің 26% құрады.

Жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет түрлерінің 56 ақысыз түрде көрсетілсе 4-еуі ақылы түрде көрсетілген. Қағаз түрінде 60 түрлі қызмет көрсетілсе, 22 электрондық түрінде.

Аталған қөрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2014 жылдың 1 қазанына қызмет алушыларға 143729 қызмет көрсетілген.

Атап айтқанда, барлық көрсетілген қызметтердің 75,2% яғни 108130 қызмет ЖАО арқылы, ал қызметтердін 20,5% 29444 қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілген.

Сонымен қатар, көрсетілген қызметтердің 4,3% яғни 6155 қызмет Үкіметтің электрондық порталы арқылы көрсетілген.

Қазіргі танда Қызылорда қаласы бойынша 68 мемлекеттік көрсетілетің қызметтердің ішінде 35% немесе 24 мемлекеттік қызмет автаматтандырылып ҮЭП арқылы көрсетіледі.

Қалалық ішкі саясат бөлімі жүргізген сауалнамаға сәйкес тұрғындардың негізі бөлігі, яғни 51% мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жоғары деп бағалаған.

Қала тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында қалалық білім бөлімі арқылы 4000 адам оқытылып, қазіргі таңда көрсеткіш 64,5 пайызға жетті.

Электронды құжат айналымның біріңғай жүйесімен 15 жергілікті атқарушы органдар қамтылған. Сонымен қатар, жыл аяғына дейін қалаға қарасты 9 ауылдық округ пен 2 кенттің аппараттарын қосу жоспарлануда.

Өзекті мәселелер:

- электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланатын тұтынушы мен жауапты мемлекеттік органның өзара әрекет ету тәртібін реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмеуі;

- жергілікті атқарушы органдардың техникалық жарақтандырылуының жеткіліксіздігі;

- қорларды басқарудағы негізгі бизнес-үдерістің автоматтандырылмағандығы;

- ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік саласында білікті мамандардың жеткіліксіздігі;

- мемлекеттік қызмет және сапа стандарты жөнінде халықтың хабардар болуының төмендігі.
2.3 Қызылорда қаласының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері мен бәсекелік артықшылығын тежейтін негізгі проблемалар, факторлар, қауіп-қатерлердің кешенді сипаттамасы

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының кешенді сипаттамасы, өңір дамуының күшті және әлсіз тұстарын, шектеулілігін және оның даму мүмкіндіктерін анықтайтын SWOT- талдауда көрсетіледі.

Қаланың даму жағдайына SWOT талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1. Ауылшаруашылығын дамытуда қолайлы топырақтық климаттық жағдай;

2. Азия өңірі, Таяу және Орта Шығыс пен Еуропа мемлекеттері арасын байланыстыратын транзитті теміржол, әуе және автомобиль көлігі бағыттары үшін тиімді географиялық орналасуы;

3. Өнеркәсіптің бірқатар салаларын дамыту үшін жергілікті шикізіттардың, минералды ресурстарға және пайдалы қазбаларға бай кен орындарының бар болуы;

4. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өндірісінің жеткілікті дәрежеде дамуы;

5. Экспорттық бағдарланған өндірістің болуы, (кен өндіруші, металлургиялық өнеркәсіп);

6. Еңбек ресурстары, өнеркәсіп, құрылыс инженерлік–техникалық саласы мамандарын және т.б. көпсалалы мамандарын дайындау бойынша жоғары оқу орындарының бар болуы;

7. Назар аударарлық тарихи және мәдени құндылықтардың бар болуы, флора және фауна байлығы;

8. Шағын және орта бизнестің дамуы;

9. Ауылшаруашылығы өнімдерінің өндіруде ішкі және сыртқы нарықта өтімділігі;

10. Қолайлы инвестициялық климат;

11. Мұнай өңдеудің қуаттылығын арттыру;

12. Әлеуметтік маңызы бар жобалардың тұрақты түрде облыстық және қалалық бюджеттерден қаржыландырылуы;

13. Бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу.


1. Өндіріс құрылымында айтарлықтай теңгерімсіздіктің болуы – тау кен өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібінен басым болуы – тиісінше 95,0% және 2,7%;

2. Мал басының едәуір бөлігінің жеке секторда болуы;

3. Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында инфрақұрылымның төмен деңгейі;

4. Шет қалған аймақтардың жүйелі түрде дамуының тұрақсыздығы;

5. Жастардың жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы.

6. Бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейде болуы;

7. Қала және ауылдық жерде жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

8. Туристік инфрақұрылымның дамуының жеткіліксіздігі;

9. Қаладағы көшелердің, әсіресе шет аудандардағы инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі (жол, электр желілері)


Мүмкіндіктері (O)

Қауіп-қатер (T)

1. Өңірдің тау-кен және аграрлы бағытта мамандануы өсіп келе жатқан ішкі және сыртқы нарықта өнімдерді сату есебінен бұл салалардың дамуына жағдай жасайды;

2. Ванадий, темір, мырыш, титан қорларының болуы металлургиялық саланы дамытуға қолайлы жағдай болып табылады;

3. Географиялық тиімді жағдай және «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» автомагистралі құрылысының аяқталуы, облыс орталығының жолаушы терминалының салынуы жол бойы инфрақұрылымын дамытуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, Еуропа және Азия нарығына шығу бағытында транзиттік әлеуетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

4. Облыстың мәдени мұрасы, Байқоңыр қаласының болуы туризмді дамытуға мүмкіндік береді;

5. Қорқыт ата аэропортын қайта жаңғырту («халықаралық» статустың берілуі) жолаушы айналымын және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

6. Аймақта энергетикалық тәуелсіздікке жаңа қуатты балама энергия көздерінің құрылысы арқылы қол жеткізу.



1. Экономика құрылымының дара салалығына байланысты шикізат және азық-түлік бағасына тәуелділік;

2. Еңбек нарығындағы теңгерімсіздік салдарынан (дисбаланс) жұмыссыздық деңгейінің өсуі.

3. Қаладағы электртасымалының көрші облыстық аймақтарға тәуелділігі;

4. Ішкі және сыртқы нарықтағы импорттық тауарлардың пайдасының жоғалуы .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет