Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы желтоқсандағы


қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші



бет3/10
Дата09.07.2016
өлшемі0.87 Mb.
#186505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 5,0 % көтерілген (2014 жылдың 10 айында -67,8; 2013 жылы- 64,4).

туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 13,0 % төмендеді (2013ж-76,7; 2014-66,5); Облыс бойынша туберкулезге қарсы жұмыстарды күшейту мақсатында 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасы» бағдарламасы жасалған болатын. I жартыжылдықта осы бағдарлама бойынша МЛУ науқастарға жол қаражатын беру, амбулаторлық емдегі ауруларға патогенетикалық дәрілер бөлу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 2,0% -ға жоғарылады (2013 жылдың 10 айында-4,8 2014 жылдың 10 айында-4,9); Екінші қатардағы дәрілермен қамту пайызының жоғарылауына байланысты туберкулезден өлім жітілік 19,5% пайызға төмендеу қарқыны байқалады.

қан айналым жүйесі ауруларымен аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда –2025,1-ден 1822,4-ке төмендеген;

қан айналым жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші 20,0% (2013 жылғы 79,4-ден 2014 жылы 100 мың халыққа шаққанда 62,9-ға дейін) төмендеді. Көрсеткіш жүргізіліп жатқан скринигтік байқау арқылы науқастарды дер кезінде анықтап, амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамту жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

Халықты төсек орындармен қамтамасыз ету. Соңғы 3 жылда барлығы 422 төсекке қысқартылды (5705-тен 5283-ке дейін). Күндізгі стационардың төсек орны 3,8 пайызға көтерілген. 2013 жылы тәуліктік стационарға жатқызу деңгейі 2012 жылы 1110,2-ден 1065,7-ге дейін төмендеген.

Бірыңғай ақпараттық жүйесін жүзеге асыру шарасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласында порталды ақпараттық жүйені енгізуде 15 портал жұмыс жасауда.

Ағымдағы жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Қызылорда қаласы бойынша денсаулық сақтау саласында барлығы 9705 медициналық қызметкер бар, оның ішінде 2047 дәрігер, 7658 орта буынды медициналық қызметкерлер.

Өзекті мәселелер:


  • білікті медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі;

  • халықтың әлеуметтік мәні бар ауру түрімен ауруының жоғары деңгейі;

  • материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі.

Әлеуметтік қорғау. 2012-2014 жылдары қабылданған шаралар нәтижесінде нарықтағы жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құраса, облыста бұл көрсеткіш 5,4%, республика бойынша - 5,2%. Қалалық жұмыспен қамту органдарында 1 қазанға тіркелген жұмыссыздар саны – 1347 адам. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 1,3%.

Осы мерзім ішінде барлығы 10510 жаңа жұмыс орындары құрылды. 12013 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 5891 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 1413 адам кәсіби мамандыққа қайта даярлықтан өтті.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласына 2012-2014 жылдары қалалық бюджеттен 4 131,3 млн.теңге қаржы бағытталды. 2014 жылы әлеуметтік салаға бюджеттен бөлінген қаржы 2012 жылмен салыстырғанда 37% артты.

Осы мерзім ішінде барлығы 10510 жаңа жұмыс орындары құрылды. 12013 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 5891 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, 1413 адам кәсіби мамандыққа қайта даярлықтан өтті.

2012-2014 жылдары қабылданған шаралар нәтижесінде нарықтағы жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құраса, облыста бұл көрсеткіш 5,4%, республика бойынша - 5,2%. Қалалық жұмыспен қамту органдарында 1 қазанға тіркелген жұмыссыздар саны – 1347 адам. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 1,3%.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған құралдарды тиімді пайдалану нәтижесінде халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының азаю тенденциясы байқалады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2012 жылы 252 отбасының 1106 адамына 20,8 млн.теңге төленсе, 2014 жылы 180 отбасының 806 адамына 12,9 млн.теңге төленді, яғни әлеуметтік көмек алушылар саны 30%, бөлінген қаржы тиісінше 38% азайған.

Тұрғын үй көмегі 2012 жылы 5196 отбасына төленсе, 2014 жылы 3859 отбасына төленген, яғни алушылар саны 1337-ге немесе 25,7 пайызға кеміген.



Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 2014 жылдың тамыз айына жан басына шаққанда 19503 теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 110,7% құрады. Үш жыл ішінде табысы күнкөріс деңгейінен төмен халық саны 27 пайызға азайды.

Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың қоғаммен байланыс орнату мақсатында бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. 2011 жылдан бастап қаладағы мүгедектер қоғамы жанынан ашылған мүгедек азаматтардың қоғамға толыққанды араласуына, олардың мұқтажына қарай қала көлеміндегі қоғамдық орындарға уақытылы жеткізіліп, мәдени іс-шараларға қатысуларын қамтамасыз етуде «Әлеуметтік такси» қызметі жұмыс атқарады. Бүгінде осы диспетчерлік бөлімше арқылы қала ішінде 55 кресло-арбамен жүретін мүгедек жандарды тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылы мүгедектігі бар тұлғаларды оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша қаланың 7 шағын аудандарында аула клубтарын құру және олардың қызметтерін қамтамасыз етуге қалалық бюджеттен 12,0 млн. теңге бөлінді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағыты - инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша жұмыспен қамту бойынша 2011-2013 жылдары республикалық бюджеттен 328,6 млн.теңге және облыстық бюджеттен 27,4 млн.теңге бөлініп, 10 ауылдық елді мекеннің жалпы ұзындығы 9,1 км жолдары орташа жөнделіп, Қызылорда қаласында ұзындығы 0,8 км М.Шоқай көшесі күрделі жөндеуден өткізілді. 2014 жылы республикалық бюджеттен 379,8 млн.теңге және облыстық бюджеттен 53,2 млн.теңге 5 мектеп және 1 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаның екінші бағыты - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша жыл сайын шағын несие алып, өз кәсібін ашқан азаматтардың қатары артуда. 2011 жылы 12 азамат несие алса, 2012 жылы 51 адам, 2013 жылы 99 азамат несие алып, жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркелген. Нәтижесінде 220 дан аса жаңа жұмыс орындары ашылған. (2011-2013 жж бөлінген қаржы – 405,5 млн.теңге).

2014 жылы осы жұмыстарды жалғастыруға республикалық бюджеттен 204,8 млн.теңге, «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 16,5 млн.теңге бөлініп, 89 азамат шағын несие алды. Нәтижесінде 102 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша:

-қайта даярлау курстарына 1161 адам оқытылып, 732 адам тұрақты жұмысқа, 30 адам әлеуметтік, 30 жастар тәжірибесі бойынша орналасты. Қалғаны белгілі себептермен жұмысқа орналаса алмағандар-72, оның ішінде бала күтімімен отырғандар - 58, әскер қатарындағылар - 2, жоғарғы оқу орнына түскендер - 4, қоныс аударғандар - 8; (2013 жылы бөлінген қаржы 35,6 млн. теңге).

-кәсіптік оқытуға 1680 адам оқуға түсіп, 107 адам оқу бітіріп, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

-әлеуметтік жұмыс орындарына 1889 адам жіберіліп, 1040 адам тұрақты жұмысқа қабылданды; (2011-2013 жж бөлінген қаржы – 211,7 млн.теңге).

-жастар тәжірибесіне 1191 маман тартылып, оның 103-і тұрақты жұмысқа қабылданды. (2011-2013 жж бөлінген қаржы – 138,5 млн.теңге).

-Қызылорда қаласында 2012-2013 жылдары Сұлтан Бейбарыс көшесінде бір 60 пәтерлік және бір 30 пәтерлік көпқабатты қызметтік тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылып, экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден 40 отбасы, Қызылорда қаласы бойынша әлеуметтік әлсіз тобында тіркелген 50 отбасы қоныстандырылды. Олардың ішінен жұмысқа жарамды азаматтар қатарынан 157 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

2014 жылы республикалық бюджеттен кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыруға 107,3 млн.теңге бөлініп, 680 адамды оқыту, әлеуметтік жұмыс орындарына 457 адамды тартуға 103,8 млн.теңге, жастар тәжірибесімен 370 адамды қамтуға 73,2 млн.теңге бөлініп отыр.

Жыл басынан бері қайта даярлау курсына 220 адам жолданса, кәсіптік даярлау курсында 400 адам білім алуда. Сонымен қатар 808 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алса, жастар тәжірибесімен 602 маман жұмыс атқаруда.

2012-2014 жылдары екі 30 пәтерлік және бір 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, әлеуеті төмен елді мекендерден көшіп келген 46 отбасы (Арал ауданынан – 11 отбасы, Қазалы ауданынан – 8 отбасы, Қармақшы ауданынан - 8 отбасы, Жалағаш ауданынан – 19 отбасы) және Қызылорда қаласынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған 74 отбасы қоныстанды. Олардың ішінен 175 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар жыл ішінде бір 60 пәтерлік көпқабатты және жеті 2 бөлмелі екі пәтерлік тұрғын үйлерге бағдарлама қатысушыларын қоныстандыру жоспарланды.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2011-2014 жылдары 3865 бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасты, оның ішінде:

- бірінші бағыты бойынша 117 жұмыс орны;

- екінші бағыты бойынша 251 азамат шағын несие алып, 322 жаңа жұмыс орны ашылды.

- үшінші бағыты бойынша кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша 3289 оқуды бітірушілер қатарынан 1866 адам; әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс атқарған 2697 қатысушының 1256-ы; жастар практикасына қамтылған 1793 маманның 129-ы; қоныс аударған азаматтардың еңбекке жарамдылар қатарынан 175 адам.

Өзекті мәселелер:



  • халықтың мақсатты топтарының жұмыспен қамтылуы деңгейінің төмендігі;

  • қалаға қарасты елді мекендерде жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуы және жастар арасында жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аздығы;

  • ұтқырлығы төмен топтағы қолжетімділігі қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілері санының жетіспеушілігі;

  • жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы үйлесімсіздік.

  • аймақтың экологиялық кедейшілік аймаққа жататындығы;

  • сұраныс бойынша қажетті (жеткілікті) жұмыс күшіне деген ұсыныстың болмауы;

- кейбір мәселелер бойынша әлеуметтік қорғаудың құқықтық базасының жетілмегендігі.

Мәдениет. Қызылорда қаласы бойынша тарихи-мәдени мұра нысандары – 70, оның ішінде республикалық маңызды -4 (Айтбай мешіті, Перовск Казанско-Богородный шіркеуі, Көтібар мұнарасы, Ы. Жақаев бюсті), жергілікті маңызды - 30 ескерткіш, алдын ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 36.

Оның ішінде – 16 ескерткіш, 19 ғимарат, 13 бюст, 6 мұнара, 8 кесене, 2 көпір, 2 мешіт, 1 шіркеу, 3 тұрғын үй.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 3 қалалық, 1 ауылдық мәдениет Үйі, 7 ауылдық клубы, 1 жабық зағиптар клубы, 1 қалалық мәдени – демалыс паркі және 8 ауылдық, 13 қалалық кітапхана, барлығы 34 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.

Соңғы үш жыл мерзімде мәдениет саласына қалалық бюджеттен 1 239,3 млн.теңге бағытталды. 2014 жылы 594,8 млн.теңге бөлініп, 2012 жылмен салыстырғанда 45 пайызға өскен.

Қалалық бюджет есебінен мәдениет бөліміне қарасты клубтарға өнерпаздарды тасымалдауға 1 бірлік автобус сатып алынды;

Қызылөзек және Абай ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жүргізілді;

А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді;

Қызылжарма және Ж.Маханбетов ауылдарында 150 орындық екі ауылдық клуб құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Қалалық мәдени-демалыс паркі жаңа аттракциондармен жабдықталып, бүгінгі күні 60-қа жуық аттракцион тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Ауылдық клубтардың және мәдениет үйлерінің материалдық техникалық базасы нығайтылды (сахна киімдері, көрермен орындықтары, бишілер костюмдері, жихаздар сатып алынды).

Қаладағы С. Майқанова, М. Ералиева, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жөндеу жұмыстарын жүргізуге 246,5 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ қалалық бюджеттен бөлінген 29,4 млн. теңгеге А. Тоқмағамбетов пен М. Ерлиева атындағы мәдениет үйлеріне көрермен орындары сатып алынды.

Сонымен қатар, А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына қосымша 53,9 млн. теңге және мәдениет үйінің аумағын абаттандыруға 33,0 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылуда.

Қызылорда қаласының тарихын зерттеу, насихаттау мақсатында «Қызылорда қаласының тарихы» туралы кітабын шығаруға 10,0 млн. теңге бөлінді.

2014 жылы тілдерді қолдану мен дамытудың іс-шаралар жоспары әзірленіп, іс-шара жоспарына қалалық бюджеттен 1,5 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында «Мақсатым, тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы қалалық байқауы, Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы өткізілді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізуі қазіргі таңда 99,3 пайызды құрап отыр.

Өзекті мәселелер:


  • мәдениет нысандарының материалды-техникалық базасын нығайту;

  • елді мекендердегі мәдениет нысандарының жетіспеушілігі және апаттық жағдайда болуы;

  • мәдени мұра және тарихи ескерткіштерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу;

  • ақпараттандырудың жеткіліксіз жағдайы;

  • халықтың мәдени-демалыс шараларына белсенді қатысуға құштарсыздығы.

Дене шынықтыру және спорт. Қызылорда қаласында тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған 535 спорттық ғимараттар бар, оның ішінде 2 стадион, 6 спорттық кешен, 1 хоккей корты, 103 спорт залы, 3 бассейн, 2 ату тирлері, 10 теннис корты, 67 қосымша салынған және лайықтандырылған ғимараттар, 340 қарапайым спорт алаңдары, 1 боулинг орталықтары жұмыс істейді.

Жыл сайын бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны артуда, 2013 жылы 59961 адамда құраған, 2014 жылы олардың саны 6160 адамға өсіп, 66121 адамды құрады. Бұл көрсеткішке жетуге қаламызда салынып жатқан жаңа заман талаптарына сай спорт ғимараттары мүмкіндік беруде.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бірінші рет, Қызылорданың спортшысы – Илья Ильин олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының төрт дүркін чемпионы атанды.

Қызылорда қаласы бойынша 8 жасөспірім балалар үшін спорт мектептерінде спорттың 26 түрі бойынша жасөспірімдер спортпен айналысуда.

Соңғы 2 жыл ішінде қала бойынша 147 спорт алаңдары салынып, пайдалануға берілді.

2012-2014 жылдар аралығында спорт объектілерін дамыту мақсатында Қызылорда қаласында спорт-сауықтыру кешенінің (мұз аренасымен) құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Тасбөгет кентінде спорт-сауықтыру кешені құрылысының жоба сметалық құжаттары әзірленді. Қызылжарма және Белкөл елді мекендерінде спорт кешенін салуға жер телімдері бөлініп, рәсімделуде. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына 93 балалар спорт ойын алаңдары салынып, Қажымұқан Мүңайтбасов атындағы спорт клубы ашылды.

2014 жылы қала бойынша бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес дене шынықтыру ұжымдарымен бірлесіп 237 спорттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараларға барлығы 87415 адам қамтылды.

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұқаралық спорттық іс-шараларына сәйкес жыл басынан бері қазақ күресінен-3, футболдан - 11, волейболдан – 3, жағажай волейболынан – 1, баскетбол, стритболдан – 6, қол күресінен – 3, гір көтеруден – 4, көңілді старттар сайысынан -5, арқан тартудан – 3, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан-9, асықтан - 3, еркін күрестен – 3, дзю до күресінен - 4, дартстан-3, жеңіл атлетикалық эстафетадан -2, президенттік көпсайыстан - 1 реттен жарыс өткізілді.

2014 жылы Президенттік сынама тапсыруға қатысқандар 94216 адамды құрады. Оның ішінде: 4176 адам - 4 сынып, 34334 адам - 7 сынып, 3980 адам - 9 сынып, 5089 адам – 11 сынып оқушылары және 18-23 жас аралығында 27652 адам, 24-39 жас аралығында 21271, 40-49 жас аралығы 15797, 50-59 жас аралығы 8250, 60 жас және одан жоғары 3667 адам. Ұлттық деңгейде сынақ тапсырғандар – 1116 адам, Президенттік деңгейде сынақ тапсырғандар – 406 адам.

Қазіргі кезде жеке-меншік әріптестігі аясында білім, спорт және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын салу қарқынды дамуда.

Өзекті мәселелер:


  • Қызылорда қаласында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған жабық спорт кешендері жетіспейді;

  • Қалаға қарасты ауылдық округте спорттық кешендерді салу;

  • Бұқаралық спортты дамыту үшін спорт нұсқаушыларына қажеттілік туындауда;

  • Спорттық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі.

  • сапалы спорттық мүлкі мен жабдықтың болмауы, спорттық резерв пен халықаралық дәрежедегі спортшыларға жоғарғы деңгейде дайындалуға мүмкіндік болмауы.

Туризм. Қала бойынша туризм инфрақұрылымының жалпы саны 43 субъектілерден құралады, оның ішінде туристік қызметті қамтамасыз ету субъектілер саны – 12 (1 туристік операторлық, 9 туристік агенттік, 2 өзге де туристік қызмет), орналастыруды ұйымдастыру қызметімен айналысушылар саны – 31 (оның 10 – заңды тұлға, 21 - жеке кәсіпкерлер).

Қызылорда қаласының туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында шағын бизнес нысандарын салу бойынша, Сырдария өзені жағалауында демалыс орнын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қорқыт ата атындағы әуежайды халықаралық деңгейде мәртебе алуы да өңірімізде туризм саласының дамуына тигізетін үлесі зор болады.

Туристік салада көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 2013 жылы 755219,6 мың теңгені құрады. Оның ішінде туристік фирмалармен орындалған жұмыстар мен қызметтердің үлесі 13 пайыз деңгейінде. Қалада келушілерге туристік қызмет көрсетумен айналысатын туристік фирмалармен 702 адамға қызмет көрсетілсе, келушілерді орналастырумен шұғылданатын қонақ үйлер бойынша 24526 адамға қызмет ұсынылған.

Өзекті мәселелер:



  • Туризмнің дамуы мақсатында туристерді жұмылдыру механизміне қызмет көрсететін қаладағы қонақ үй, көлікпен тасмалдауға, оның ішінде әуе жайдан және темір жол маршруттарынан экскурсовод қызметтерінің жеткіліксіздігі;

  • туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша ұйымдастыру тетігінің болмауы;

  • туризмді дамытуда лайықты инженерлік инфрақұрылымның болмауы.

Ішкі саясат. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру – аймақтағы ішкі саяси ахуалды айқындайтын бірден-бір көрсеткіш болып табылады және Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып ұлттық бірлікті нығайтудың, облыстағы тілдік ахуалды жаңғырту тиімді жағдай жасаудың маңызды факторы болып табылады.

Бұл мақсатта тұрақты түрде Қызылорда қаласының әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінің құжатайналымына мониторинг жүргізіліп тұрады.

2011 жылы қазақ тілін еркін меңгерген қала тұрғындарының үлесі 83 пайыз, 2012 жылы 85 пайыз, 2013 жылы 88,9 пайызды құрады.

Жыл көлемінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді меңгерген облыс тұрғындарының үлесін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Оның ішінде түрлі байқаулар, көркемсөз оқулары, сайыстар ұйымдастырылды. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде «Биік шың, асу бермес Асқар ақын» атты, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы және «Ғашықтың тілі тілсіз тіл» атты «Жасай бер, қазақ тілі – ана тілім!» атты байқауы, өзге ұлт өкілдерінің «Тіл татулық тірегі», «Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ» атты байқаулар өткізілді. Шаралар қаламыздағы өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілдің бүгінгі таңда қандай деңгейде екендігін саралап, дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қазақ жастарының өз халқының тарихы мен мәдениетіне, тілі мен салт-дәстүріне бейімдеу мақсатында жыл сайын «Маржан сөз», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» атты байқаулары қазақы әдет-ғұрыпты қайта жаңғыртуда маңызды орын алуда.

Мемлекеттік тілді меңгеруді жақсартуға, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған кең ауқымдағы шаралар үздіксіз жүргізілуде.

Өңірімізде іс-қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру 2001 жылдан бастап қолға алынды. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымы мемлекеттік тілде орындалуы өте жақсы көрсеткіштерге көтеріліп келеді. 2012 жылдың мәліметі бойынша да 96 пайызды құраса, 2013 жыл бойынша бұл көрсеткіш 97,4 пайызды құрап тұр. Яғни, шығысталған хат саны 11938 болса, оның мемлекеттік тілдегі үлес саны 11636, ал қалған 302 хат орыс тілінде шығысталған.

Өзекті мәселелер:



  • мекемелер мен ұйымдардағы, мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейінің төмендігі.

Қоғамдық қауіпсіздік. ҚР ІІМ және Бас прокуратураның біріктірілген бағыт ұйымының 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстың барлық түрлерін толық тіркеу бойынша жасаған жұмысы қылмыстық істің өсуін көрсетіп отыр, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 142,3 пайыз, 2012 жылы 72,0 пайыз, 2013 жылы 10,9 пайыз, 2014 жылы 14,1 пайызға төмендеген. Оның ішінде 2011 жылы ауыр түрі 75,8 пайызға (219-дан 385-ке), аса ауыр түрі 47,1 пайыз (17-ден 25-ке), 2012 жылы 30,1 пайыз (316-дан 411-ге), 2013 жылы 19,9 пайызға (261-209-ға) төмендеген.

Сонымен қатар, 2014 жылдың 11 айында ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің 19,3 пайызға (327-390-ға) өсім байқалды.

Оған қоса, 2013 жылдың 1 қарашасында жол полициялары және әкімшілік құрылым бөлімшелерінің біріктірілген жұмыстары ұйымдастырылды.

Өңірде «әмбебап полицияларды» ендіру, әкімшілік полицияларды материалдық техникалық жарақтандыру бойынша қабылданған шаралар жиынтығы қалада әкімшілік тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.

Өзекті мәселелер:

-өткен жылмен салыстырғанда қылмыс санының артуы;

- жасөспірімдік қылмыстардың өсуі;

-жол көлік оқиғасы көбеюі салдарынан адам және материалдық шығынның артуы.


Инфрақұрылымдық кешен.

Құрылыс. 2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 46725,8 млн.теңгені құрап, 104,6 пайызға артты. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2014 жылдың 1 қаңтарына жалпы ауданы 139316 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

2014 жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 40779,8 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 123,4 пайызға артты. Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 50,4 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Қолжетімді тұрғын үй -2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық және жергілікті бюджет қаржысы есебінен арендалық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы жалғасуда.

2012-2014 жылдары мемлекеттік бағдарлама аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржы 2 есеге жуық артып, 12,3 млрд.теңгені құраған.

Осы мерзімде жалпы алаңы 72089 шаршы метр болатын 25 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 859 пәтерді құрайтын 21арендалық тұрғын үй және 200 пәтерлік 4 ипотекалық тұрғын үй.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2014 жылдың 1 қарашасына жалпы ауданы 106708 шаршы метр, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 20463 шаршы метр, халық қаражаты есебінен 86245 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 115,2 пайызға артты.

2014 жылы Қолжетімді тұрғын үй – 2020 бағдарламасы шеңберінде 5 842,4 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде:


  1. «Тұрғын үй құрылысын жинақ жүйесі арқылы салу» бойынша республикалық бюджеттен «Ипподром» мөлтек ауданындағы алты 50 пәтерлік (№№1,2,3,4,5,6) тұрғын үйлердің құрылысына 2000,0 млн.теңге және қоса қаржыландыруға 545,5 млн.теңге кредиттер бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарланған. Алайда, республикалық бюджеттен қосымша қаржы бу қазандығы құрылысына бөлінбеуіне байланысты 2014 жылы тапсырылмайды.

Сонымен қатар 2015 жылы пайдалануға тапсырылатын «Арай-2» мөлтек ауданындағы 80 пәтерлі №1, 50 пәтерлі №2, 40 пәтерлі №3,4 және 30 пәтерлі №5 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталды.

  1. Арендалық тұрғын үйлер құрылысы бойынша республикалық бюджеттен барлығы 1730,0 млн.теңге және облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 875,4 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:

  • «Кезектегі отбасыларға арналған» арендалық тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 730,0 млн.теңге және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға 337,1 млн.теңге бөлініп, Жаппасбай батыр көшесі бойында екі 60 пәтерлік №4,5 тұрғын үйлердің құрылысы және 2015 жылы тапсырылатын 60 пәтерлі №6 тұрғын үйдің құрылысы басталды. 2013 жылы аяқталмаған 36 пәтерлік №9 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

  • «Жас отбасыларға арналған» тұрғын үйлердің құрылысына республикалық бюджеттен 1000,0 млн.теңге және қоса қаржыландыруға 538,3 млн.теңге бөлініп, С. Бейбарыс көшесіндегі 30 пәтерлік №4 тұрғын үй, екі 50 пәтерлік №7, 8 тұрғын үйлер және 40 пәтерлі №9 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. 50 пәтерлік №6 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің мәселесін шешу мақсатында 2013 жылы 24 пәтерлік 1 көпқабатты тұрғын үй құрылысы салынып, пайдалануға берілді. 2014 жылы Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік №1 үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 200,0 млн.теңге және Титов ауданындағы 60 пәтерлік №1 үйдің құрылысына 200,0 млн.теңге бөлінді. Сондай ақ салынып жатқан апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жүргізуге облыстық бюджеттен 64,8 млн.теңге бөлінді.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы Шүкіров көшесі бойынан 230 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үйдің құрылысы басталады және салынатын тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік инфрақұрылымын дамытудың жоба сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қалалық бюджеттен 24,8 млн.теңге бөлінді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Акционерлік қоғамы арқылы 210 пәтерді құрайтын 6 тұрғын үйдің құрылысы басталады және салынатын тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік-инфрақұрылымын дамытудың жоба-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге қалалық бюджеттен 18,8 млн.теңге бөлінді.

2012-2014 жылдар ішінде қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттерден барлығы 4,5 млрд.теңге қаржы бөлініп, С. Бейбарыс көшесіндегі, Тасбөгет және Ипподром аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерінің құрылысы және Әл-Фараби, Саяхат, Сәулет тұрғын аудандарында барлығы 24 км электр желілері, 120,2 км ауыз су жүйесі, 22,3 км тас жол, 2,3 км жылу жүйесі, 2,1 км газ жүйесі, 8,5 км телефон желісі және 4 бу қазандықтарының құрылыстары жүргізілді.

Өзекті мәселелер:

- «Қазақстан Тұрғын үй-Құрылыс Корпорациясы» арқылы салынатын тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерімен қамтамасыз ету мақсатында жоба сметалық құжаттамаларын дайындау үшін қаражат көзін қарастыру;

- бәсекеге қабілетті отандық құрылыс материалдарын өндірудің жеткіліксіздігі;

- инженерлік инфрақұрылым нысандарының жүйесін дамыту деңгейінің жетіспеушілігі;

- құрылысы аяқталған нысандардың уақытылы берілмеуі;

- жеке тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аумақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға қаржы жетіспеушілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет