Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы желтоқсандағы



бет10/10
Дата09.07.2016
өлшемі0.87 Mb.
#186505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық нысандары бойынша жобалау жұмыстарының сапасын көтеру;

су шаруашылығы ұйымдарының рентабельді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тарифті қалыптастыру;

сумен қамтамасыз ету және су бұру жобаларын жүзеге асыру барысында қазақстандық мазмұнды дамыту;

тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша тұрғындардың сауаттылық деңгейін және кондоминиум нысандарын басқару органдарының және тұрғын үйлерді сақтау бойынша пәтер иелерінің жауапкершілігін көтеру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмыстарды аяқтау;

тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуде аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету бойынша шаралар қабылдау;

сумен қамтамасыз ету және су бұру саласында коммуналдық қызмет көрсетуде пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін, жаңа технологиялар, техникалық шешімдер және құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаңа құрылыс нысандарын салу және қайта жаңарту;

«Жасыл экономикаға» көшу арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында энергия тұтынуда балама энергия көздерін пайдалану үлесін енгізу.


4 Бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары

1-мақсат: Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін құру және экологиялық жағдайды жақсарту

1.1 міндет: Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерді көбейту, экожүйені қалпына келтіру және сақтау бойынша жағдай жасау




Мақсатты индикаторлар/көрсеткіштер

тікелей нәтижелер



өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

Жауап

ты орындау

шы


нақты

нақты

нақты

жос

пар


жос

пар


1

2

3

4

5

6

7

8

9

26

Мақсатты индикатор: Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан ауылшаруашылық айналымына тартылғандардың үлесін ұлғайту

%

-

-

-

5,5

6,0

«ЖҚ» ММ




26.1

Атмосфераға стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттар шығындылары, тонна

мың тонна

2,7

4,0

8,6

6,7

6,7

«ҚО ТРТПРБ» ММ




26.2

Қоршаған ортаға эмиссия үшін алынған жергілікті бюджеттің кірістеріне экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың қатынасы

%

-

-

-

-

-

Қызылор

да қаласы бойынша есептел

мейді





26.3

Қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің үлесі

%

-

-

-

11,0

11,6

«ҚО ТРТПРБ» ММ




26.4

Ормандарды қайта өсіру мен орман шаруашылығының алаңы

мың га

-

-

-

0,606

0,606

«ЖҚ» ММ

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:

Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды қайта жаңарту және құрылысын салуға тартылған инвестиция даму әлеуеті жоғары және орта елді мекендерге бағытталатын болады;

қалаға қарасты елді мекендерінде жер асты суларын пайдалану, су бөгеттерін, су құбырларының желілерін және құрылыстарын тиісті жағдайда ұстап тұру және қайта жаңарту, жөндеу бойынша шараларды іске асыру;

жер асты суларының минералдануы жоғары елді мекендерде экономикалық тиімді су дайындау пункттерінің құрылысын салу;

ауылдық аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғат қорғауды басқарудың кешенді жүйесін енгізу қажет, атмосфералық ауаны, су қорларын қорғау және сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды сақтау, тасымалдау, сақтау және пайдалану, экологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру;

су қорларын қорғау және тиімді пайдалану;

ауа бассейнін қорғау;

тұрмыстық қатты қалдықтардың нормаларын анықтау;

өндіріс және тұтыну қалдықтарымен айналысу жүйесін жетілдіру;

атмосфераға қалдықтарды тастаудың көлемін азайту;

халықтың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру арқылы «Жасыл экономикаға» көшу мақсатында су ресурстарын пайдалану тиімдігілін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру (аяқ суды сапалы пайдалану, егістікті суару шығындарын азайту), ауаның ластануын азайту (экологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру, көліктің болашақты энергия түріне көшіру),

Қызылорда қаласы мен елді мекендерін аяқ сумен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыру;

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жаңа құрылысын салу.


5 Бағыт: Мемлекеттік қызметтер

1-мақсат: Мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту

1.1 міндет: Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерін көрсету сапасымен қанағаттандыру деңгейін көтеру




Мақсатты индикаторлар/көрсеткіштер

тікелей нәтижелер



өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындаушы

нақты

нақты

нақты

жос

пар


жос

пар


1

2

3

4

5

6

7

8

9

27

Мақсатты индикатор: Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі

%

-

-

-

80

82

«ҚҚ ӘА» ММ




27.1

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтер санынан электрондық форматқа көшірілген көрсетілген қызметтер санының ұлғаюы

%

-

-

-

56

56

«ҚҚ ӘА» ММ

Мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:

электрондық Үкіметтің аймақтық шлюздерін дамыту;

қала әкімінің порталын сүйемелдеу және дамыту;

мемлекеттік Бірыңғай тасымал ортаны сүйемелдеу және дамыту (БТО аудандық / қалалық деңгейде қосылу)

компьютерлік, серверлік жабдықтарды сатып алу және сүйемелдеу;

электронды сандық қолтаңбаны қолдай отырып, электронды құжатайналымын дамыту және сүйемелдеу (электронды құжатайналымы жүйесіне аудандық /қалалық деңгейде қосылу)

қоғамдық қолжетімділік пункттерінің байланыс қызметі мен оларды жүйелік-техникалық сүйемелдеу әрі қолдау;

лицензиялы қамсыздандыру бағдарламаларын сатып алу;

ЖАО қызметкерлерін мемлекеттік органдармен электронды өзара әрекеттер негізіне оқыту;

бірыңғай интеграциялық платформаны дамыту және сүйемелдеу;

Қызылорда қаласы әкімдігінің сайтын соңғы жаналықтар бойынша үнемі жаңартып отыру, құқықтық-нормативтік актілерге өзгерістер енгізу, сонымен қатар жаңаларын бекіту;

халықтан түскен сұрақтарды бақылау, оларға өз деңгейінде және мерзімінде жауап беру;

халыққа сапалы және уақтылы мемлекеттік қызметтерді көрсету.


5. ҚАЖЕТТІ ҚАРЖЫ

Бағдарламаларды іске асыру үшін қажет қаржылық ресурстардың жалпы көлемі 396259,7 млн теңгені құрайды, оның ішінде:






2011 жыл нақты

2012 ж.

нақты


2013 ж.

нақты


2014 ж.

жоспар


2015 ж.

жоспар





148697,2

102855,1

49477,8

32512,2

35717,4

Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттар жұмсалады.

Бағдарламаны қаржыландыру көздері Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес тиісті қаржы жылында республикалық және жергілікті бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

Қызылорда қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы (одан әрі бағдарлама) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын басты стратегиялық құжат болып табылады.

2011- 2015 жылдарға арналған Қызылорда қаласының аумақтық даму Бағдарламасын жүзеге асыру құралы мақсаттар мен міндеттерді орындауға бағытталған 5 жылға әзірленген іс-шаралар жоспары болып табылады.

Бағдарламаны басқару келесі сатыларды қамтиды: мониторинг, бағалау мен бақылау жүргізу.

Бағдарламаның мониторингісі қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органымен Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысушы мемлекеттік органдар – қоса атқарушылар ұсынған ақпараттар негізінде іске асыру туралы есептерді қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асыру барасы туралы есептер мен басқа да ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жинақтау мониторинг болып табылады.

Белгілі бір қызметті, іс-шараларды, тікелей және түпкілікті нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) жүзеге асыруға арналған шығындар мен ресурстар, сондай-ақ, осы қызметтің сапалы нәтижелері мониторингінің мәні болып табылады.

Бағдарламаның мониторингісі жылдың қорытындысымен жылына бір рет жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті өкілетті орган мониторинг қорытындысымен Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі есепті қалыптастырып оны қала әкімдігінің веб-порталына орналастырады.

Бағдарламаның жүзеге асырылуын бағалау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен бекітілген жыл сайынғы орталық мемлекеттік және республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстардың жергілікті атқарушы органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуына бақылау жасау мониторинг нәтижелері, бағалау және Бағдарламаны іске асыру бойынша бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.


Қысқартылған сөздердің тізімі
ЖАО- Жергілікті атқарушы органдар

АҚ-Акционерлік қоғам

ТКШ -Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары

КӨжТБ –Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

АШВБ-Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі

ДШжСБ - Дене шынықтыру және спорт бөлімі

ДСБ -Денсаулық сақтау басқармасы

ББ-Білім бөлімі

ТКШжЖКАЖ – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

МТБ -Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

ҚБ - Құрылыс бөлімі

ЭжБЖБ -Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

ТРжТПРБ-Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

ІСБ -Ішкі саясат бөлімі

ЖҚжӘББ -Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

ІІД -Ішкі істер департаменті

ЖҚ –Жер қатынастары бөлімі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет